«Сыңғырла соңғы қоңырау» атты сыныптан тыс шара

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы,Жалпы білім беретін-Бұлан орта мектеп-балабақша кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі«Сыңғырла соңғы қоңырау» атты сыныптан тыс шара

Нургалиева Айнур Искаковна



Тақырыбы: «Сыңғырла соңғы қоңырау»

Мақсаты: Түлектердің соңғы қоңырау салтанатына дайындау. Мектептің оқушы жанына қаншалықты ыстық әрі маңызды екендігін ұғындыру.Білімге бастар баспалдақ екендігіне көз жеткізу. (Фанфар.
Жүргізушілер шығады.)
1 -жүргізуші: -Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Сыңғырла соңғы қоңырау!» атты салатанатты жиынға жиналған қауым.

2-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, танымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз.

Армысыздар жиналған ата-ана, ұстаз,

Той жиынсыз өмірдің мәні болмас.

Арамыздан талпынып қақты қанат,

11 жылда оң солын таныған жас.

1-жүргізуші:

Бастайтын жолға сан тарап,

Басталсын көне салтанат.

Дәл осы сәтті біздермен,

Тойлайды бар ел шартарап.

2-жүргізуші: Салтанатты мерекеміздің құрметті қонақтарымен таныстырайық.

1.----------------------------------------------------------------------------------------------

2.---------------------------------------------------------------------------------------------

3.----------------------------------------------------------------------------------------------

4.----------------------------------------------------------------------------------------------

2-жүргізуші:

Алдарында сан тарау жолдары тұр,

Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.

Үлкен өмір есігін ашпақ,міне,

Күні ертең бір-бір маман болғалы тұр.

1-жүргізуші:

Ұрпағың мақтануға болса лайық,

Біз бүгін мақтанайық жар салайық.

Биылғы 11-ші жыл түлектерін,

Құрметпенен қол соғып қарсы алайық.

(Айнала әні әуенімен түлектер келеді)

2-жүргізуші:

Кім ұғады оқушының тілегін,

Кім ұғады оқушының жүрегін.

Ұғатын кім үйден аттап шыққан соң,

Ұғатын ол-сыныптағы жетекшің.

11 сынып жетекшісі .Нұрғалиева Айнұр Ысқақақызы.

1-жүргізуші:

Талай сында төтеп берді біліммен,

Облыс пен аудандарым көз көрген.

Үштұғырлы тілімізді меңгеріп,

Олимпиада, полиглот та жеңіспен.

Мұқағали оқулары еш жүлдесіз келмеді.

Бар білімін жоболарда ол үнемі көрсетті,

«Алтын белгі» үмітінде ақтап сен

Қуантқайсың ұстаздар мен мектепті.

«Алтын белгіге» үміткер Мәжит Әлия Бауыржанқызы

2-жүргізуші:

Сап-салмақты мінезі оның байсалды.

Сол мінезі бір өзіне жарасқан,

Мектебінен сусындаған біліммен

Бір туғандай болып кетті қыздармен.

Алдында мақсаты бар ойлаған,

Оныда жетелейді асқақ арман.

Болашақта тіс дәрігері болам деп,

Келердегі мамандығын болжаған.

ҰБТ-дан жақсы балды жинарсың,

Мамандықтың бір тұтқасын ұстарсың.

Есенғалиев Рафхат Аманжолұлы

1-жүргізуші:

Арман қиял қанатында жүреді,

Ақындарша жыр жазады жүректен.

Мектебі оның болашағына сенеді,

Өз ақыны мектебінен түледі.

Десе де алда талай сындар барын,

Шәкірт жүрек ұғынады әріден.

Аудандық олимпиада жүлдегеріне,

Мектебі әр кез қарайды тек сеніммен.

Нұғманова Назым Оразбайқызы

2-жүргізуші:

Даламдай кең түсінігі,ұғымы,

Қазаққа тән мінезі мен қылығы.

Білімінің тереңдігін дәлелде деп,

Тілейді бүгінгі күн ұстаздары.

Биік белеске қол бұлғадысан арманы ,

Ол болашақ дәрігер боп оралар.

Боларсың ұстаздардың мақтанышы,

Нағыз білім ҰБТ-да сыналар.

Ермекова Жаңылай Бөлекбайқызы

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізілсін!

Ту көтеру рәсімі

----------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------- табысталады.

(әнұран орындалады)

2-жүргізуші:

Бүгінгі "Сыңғырла соңғы қоңырау" атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы , ардақты адам.
Өмірде өлшенбейтін іс - балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол -болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді аналық қамқорлығым деп түсінген мектебіміздің директоры Гүлзира Ғаділшеқызына береміз.(Гүл шоғын тапсырады)

1-жүргізуші:


Ажырамай халықтан бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз.

Ауыл әкімі ИхсановТарас Жасыланұлына беріледі.

2-жүргізуші:


Тек жүректен арналар сөзіміз де,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.
Сөз кезегі құрметті қонағымыз----------------------------------------------------беріледі.
(Гүл шоғын бітірушілер сыйлайды)

1-жүргізуші:

Ата-ана тәрбиелеп балапанын

Әлдилеп, аялаған алақанын

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар

Ойлауменен алдағы бала қамын деп

Ата-аналар атынан тілек сөз ................... ағайға беріледі.

2-жүргізуші:

Күмбірлей күй естілсе домбырадан
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлай шыққан кезде шырқау көкке
Елітіп тұла бойың балбыраған.
Ән: « » бітіруші түлектерге арналады.

Орындайтын: ------------------------------------------------------------------------------ 1-жүргізуші:


Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.
Құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.

1-оқушы:

Ғұлама білгіш ғалымнан
Оқушы жас жалыннан
Жазушыдан, ақыннан
Ел қорғаған батырдан
Мың бұралған бишіден
Ой тербетекен күйшіден
Оқыған жас кәріден
Оқушының бәрінен
Түлектерге мың сәлем!!!

2-оқушы.

Он жыл бойы оқыған,
Ойға білім тоқыған.
Апалар мен ағалар!
Орындалды ойыңыз.
Құттыболсын тойыңыз!
Үлгілі болып сіздердей
Үлкейеміз біздер де.
Біз де ойшыл, өнерлі
Боламыз істің шебері.
Көп екен «төрт»,бесіңіз»
Өмірде өстіп өсіңіз.

3-оқушы:
Талай сыннан өттіңіз
Кәмелетке жеттіңіз

Қыран болып ұшыңыз,
ВУЗ-ға барып түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.

4-оқушы:
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
Ән: «Бала тілегі»

Орындайтын:

2-жүргізуші:

Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі - жетекші бапкерінде.

Ортаға бастауыш сынып жетекшісі: Айша Ғарифоллақызы мен сынып же

текшісі: Айнұр Ысқаққызын қошеметпен шақырамыз.

1-жүргізуші:

Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі?
Жақсы ұрпақ - еліміздің шын тірегі.
Ортаға шығып қане тілек айтсын
Әр сыныптың мен деген бір түлегі.
Ортаға мектебіміз мақтанышы ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------шақырамыз.

Түлектер: Енді сіздердің назарлаңызға «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты әуендік сәлемімізді ұсынамыз.

Рафхат.

Рұқсат болса, асыл жанды ұстаздар,

Айтатұғын алдарыңда сөзім бар.

Сіздерге арнап кеудемдегі сырды айтам,

Ұстаздарым аздап құлақ салыңдар.

Ұстаздарға, мектебіме,ұяма,

Бір сөз айтпау адамдыққа сия ма?

Назым.

Өзіңді алғаш ұстап едім қаламды,

Ұмытпассың сен де мендей балаңды.

Кешірерсің тентек болсақ кезінде,

Дәл осы сәт ұққандаймын бағаңды.

Әлия.

Ауылдағы ең ыстық үй мектебім,

«Екі»алғанда рас кейде жек көрдім.

Бәрі,бәрі,балалығым екен-ау,

Кешір мені, кешіре гөр мектебім.

Жаңылай.

Бүлдіршіндер, біріншіге баратын,

Орнымызға оқушы боп қалатын.

Біз секілді қоштасарсың бір күні....

Соңғы қоңырау деген сөзден бір түрлі,

Алау жүрек жиілетті дүрсілді.

Жаңа білдік бұлмектеееппптің қадірін,

Біреу жылап, біреу үнсіз шақ тұрды.

Саған деген қимастық пен сағыныш,

Кірпіктерге мөлдір шық боп тізілді.

Рафхат.

Ұстаздарым, сіздер қымбат екенсің,

Осы сөзім шындықтардан бетер шын.

Соңғы қоңырау сезімімен айтайын,

Өкпелеткен кездер болса кешерсің.

Жалықпастан үйреттіңдер біздерге,

Ұстаздарым мың-мың алғыс сіздерге.

Армандарың біздер аман болса деп,

Әлі тілек тілеп тұрсың біздерге.

Назым.

Ренжетсек балалықпен талай бір,

Тілейтінсің бізге ылғи басқа өмір.

Айналайын тілегіңненұстаздар,

Жансыздар ғой қарапайым жақсы бір.

Ұстаздарым ұлылырым тағы да,

Туыпсыңдар балалардың бағына.

Бәріңізге басымызды иеміз,

Қимастықпен алдарыңда тағы да.(Түлектер бастарын иеді)

Әлия.

Адам болу арманымыз алдағы,

Өмірдің көп біз білмейтін сырлары.

Өмір деген күрес болса қайнаған,

Шәкірттерің күрескер боп шығады.

Сағынармыз біз қияға ұшсақ та,

Қияларға қандай алыс ұшсақ та.

Аман болшы ұстаздарым, мектебім,

Түлектерің қанат қақты жан-жаққа.

Жаңылай.

Алғаш рет біз мектепке келгенде,

Қуанып ек ұстаздарды көргенде.

Содан бері өтіпті ғой он бір жыл,

Уақыт,шіркін, жүйрік екен желден де.

Қоштасатын уақыт енді таяды,

Кетеміз-ау әр жаққа енді тарасып.

Болшаққа асыққандай бұла күш,

Шақырады бізді бүгін жол алыс.

Көзімізді ашқан мынау өмірге,

Ұстаздарым,өздеріңе мың алғыс!(хормен)

Ән: «Аяулы мектебім»

Назым:

Рафхат:

Ән: «Қош аяулы, мектебім»

Әлия:

Жаңылай:

Түлектер: Мектеп аманатын тапсыру рәсімі .............. пен аманат қабылдап алу құрметі 10-сыныптың оқушысы ............... беріледі

Түлектер:

Сіздерге бірінші аманат

Жан азығы адамның -ана тілі,

Тек сонымен ашылған дала гүлі.

Өнер алды -қызыл тіл дейді қазақ,

Бұл мәтелдің теренде мәңгі сыры.

Жас ұрпаққа жалынды,

Сөз маржанын дарытқан.

Абай, Пушкин жырымен,

Тіл арқылы табысқан.

Тілдің сырын меңгерген,

Тіл білуді жөн көрген.

Көсегесін көгертіп,

Ғажайып бір өң берген

Ел азаматы болыңдар.

10-сынып оқушысы:

Оқуды терең меңгеріп

Аманатты ақтаймыз

Мектепті үздік бітіріп

Әдеп -салтты сақтаймыз- деп уәдемізді береміз..

Түлектер:(хор)

Білімнің мына өмірде жеңгені көп

Білім қалар халқымның сенгені боп

Сондықтанда білім кілтін сендерге

Тапсырамыз ақ ниетпен сенеміз деп

(........... кілтті .............. береді) фанфары 1-2 секунд

Ән: «Қоштасу»

Көгершін ұшыру.

2-жүргізуші:

Құрметті түлектер! Көгершіндей қанаттарың талмай, биікке самғап ұша беріңдер!

1-жүргізуші:

Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ.

2-жүргізуші:

Қоңырау соғу рәсімі 11 сыныптың оқушысы ...............мен 1 сыныптың оқушысы .............. беріледі.

Күмбірле, қоңырау күмбірле

Аттансын түлектер жаңа өмірге.

Ұшырады мектебің өз қолыңнан

Көріне біл ғылымның сан қырынан

«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой»-деп

Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.

Қоштасады алтын ұя мектебің

Маңдайыңнан сипап өтер көктемің

«Сәт -сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін

Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

Ал енді түлектерді құрметпенен шығарып салайық

(қол шапалақ, фон )

1-жүргізуші:

Үлкен өмірге аттаған қадамдарынна нұр жаусын, талаптарын оң болсын!

2-жүргізуші:

Осымен түлектеріміздің алтын ұя мектебімен қоштасуына арналған «Сыңғырла тағы да соңғы қоңырау» атты салтанатты мерекемізді жабуға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші:

Оқушылар! Сіздерді көңілді демалыс, жайдары, жарқын жаз қарсы алуда. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, денсаулықтарынды жақсартып, жаңа оқу жылында жаңа күш- жігермен алтын ұя мектептеріне оралуларына тілектеспіз

(Мектепке қарай қадамды 1 сынып оқушылары бастайды.)



© 2010-2022