Воспитательная работа на тему «БҚО-нан шыққан соғыс ардагерлері»

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ БIЛIМ БАСҚАРМАСЫның

«Технологиялық колледжі» МҚКК


«Бекітемін»

ТІЖ директордың орынбасары

_______Г. К. Гилманова

«____»_________2015ж

Тәрбие сағаты


Тақырыбы:


«БҚО-нан шыққан соғыс ардагерлері»



Воспитательная работа на тему «БҚО-нан шыққан соғыс ардагерлері»

Орал 2015


Тақырыбы: «БҚО-нан шыққан соғыс ардагерлері»

М ақсаты:

Білімділік: оқушыларға аға- апаларымыздың елін , жерін ерлікпен, жаужүрек батырлықпен қорғай білгенін бойларына дарыту,

Дамытушылық: ерліктеріне еліктей білуге, олардан үлгі алуға баулу,

Тәрбиелік: оқушыларды отансүйгіштікке , патриоттықққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құрметті оқушылар.

Біз бүгін Ұлы жеңістің 70 жыл толу мерекесіне арналған «БҚО-нан шыққан соғыс ардагерлері» шағын әңгімемізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Оқытушы:

Осыдан 70 жыл бұрын бүкіл әлемді дүр сілкіндірген соғыс атты сойқан басталған болатын. Ер азаматтар қолдарына қару алып майданға аттанса, қарттар, әйелдер, балалар күн- түн демей еңбектенді.Оған достарымызда, дұшпандарымыз да куә.

Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Соғыс жылдары республикадан 1,996,164 адам қару асынып майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстанның соғыс жылдары әскери комиссариаттар арқылы 1 миллион 900 мыңдай адам сапқа тұрған екен.

Жалпы соғыс жылдары Қазақстан территориясында 12 атқыштар двизиясы 4 ұлттықатты атты әскери двизиясы , 7 атқыштар дивизиясы оның ішінде Қазақтың екі ұлыттық атқыштар бригадасы бар, әр қилы әскер түрлерінің 50- ге жуық полктары мен батальондары құрылып, майданға аттанды.

Соғыстың алғашқы жарты жылында Қазақстаннан майданға 632 134 адам кетті.

Олардың көпшілігі 1942 жылдың көктемі мен жазында Харьхов түбіндегі шегіністен Еділге дейінгі аралықта және Сталинград шайқасын да ерлік көрсетіп қаза тапты

Жалпы соғыс жылдары Қазақстандық 5 әскери құрамаға гвардиалық деген құрметті атақ беріліп, олардың тумаларына әлденеше ордендер қадалды. Олардыңжауынгерлердің ,ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде 8- гвардиялық Панфилов дивизиясы да бар. Оның құрамыннан шыққан 28 батырдыңбатальон кейінен дивизия командирі Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдуллиннің есімдері орын алады

Енді оқушылар сендер БҚО-нан шыққан соғыс ардагерлері жайында не айтасыздар: ...

Оқушылар:

Мағұлматтарың үшін көп рахмет.

Соғыс жылдары Қазақстан еңбекшілері майданға 2,5 миллион дана жылы киім, Отан қорғау қорына 4 милиард сомнан астам қаражат берді.

Соғыс жылдары ерлігі үшін орден және медальдармен наградталғандардың ішінде 26638 қазақ жауынгері бар. 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Олардың 97 -сі қазақ 142 жауынгер «Даңқ» орденің толық иегері болды.

Жеңіс күннінен асқан қымбат мереке жоқ. Ұлы жеңістің 70 жылдық мерекесі құтты болсын! Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын.Тәуелсіз еліміздің туы биік болсын.




Тәрбие сағатын талқылау хаттамасы

Күні: 04.05.2015 ж.

Тобы: 3 топ

Өткізген: Д.Қ. Әжібай - Технологиялық колледждің «Математика» пәнінің оқытушысы

Тақырыбы: «БҚО-нан шыққан соғыс ардагерлері»

Қатысқан оқушы: 24

Күн тәртібінде

Тәрбие сағатын талқылау

Тыңдалды:

Д.Қ. Әжібай - математика пән оқытушысы:

«Біз бүгін Ұлы жеңістің 70 жыл толу мерекесіне арналған «БҚО-нан шыққан соғыс ардагерлері» шағын әңгімемізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Осыдан 70 жыл бұрын бүкіл әлемді дүр сілкіндірген соғыс атты сойқан басталған болатын. Ер азаматтар қолдарына қару алып майданға аттанса, қарттар, әйелдер, балалар күн- түн демей еңбектенді.Оған достарымызда, дұшпандарымыз да куә.

Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Соғыс жылдары республикадан 1,996,164 адам қару асынып майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстанның соғыс жылдары әскери комиссариаттар арқылы 1 миллион 900 мыңдай адам сапқа тұрған екен».

Жалпы Ұлы отан соғысы жайында мәлметтер келтірілді.

Сөйлегендер:

Қамажай:

Еліміздің шалқар шежіресінде ерлер есімі мәңгі сақтаулы талайына ескеркіштер орнаты көбісі туралы кітаптар да жазылды,ел аузында аңыздарда аз емес.

Қара бұлттқа оранбасын күн көкке

Барлық халық бейбіт өмір сүрмекке

Отанының бақыты үшін мерт болған

Батырларды есіңе ұста құрметте.



Айым:

1941 жылдың жаз айы. Жадыраған жазғы жексенбі күннің бірінде , бейбіт жатқан елімізге , аспаннан жай тұскендей суық хабар сап ете тұсті. Қанды шеңгел зұлым жау батыстан еліміздің шекарасын бұзды. Дүниені отқа орап, бүліншілік ала келген соғыс басталды.

Соғыс кезінде жас жесірлер егде тартты, ал жастайыннан жетім қалғандар айтулы азамат болды. Соғыстан төрт мүшесі түгел қайтқандар да қанымен майдан даласын суарып, мүгедек болып қайтқандарда, аз емес. Отан үшін, ел үшін, ар- намыс үшін қан майданда қаза болғандардың ерлік бейнесі әр уақытта да біздің жүрегімізде. Олар мен үшін мәңгі тірі. Өйткені, қазіргі күнде біздердің шаттықта, еркіндікте өмір сүріп отыруымыз солардың қан төккен қаһармандық ерлігінің жемісі емеспе.

Бауыржан:

«Солдат деген - ұлы сөз» -- деп даңты қолбасшы Суворов айтқандай,ол халық ұлы халықтың қызы. Ұлы Отан соғыстың қаһарлы жылдарында майданда да, тылда, есі жаңа кіріп келе жатқан баладан бастап , жасы жүзге жеткен Жамбылға дейін совет азаматтары түгелдей солдат болып, жауға қарсы майданға жаппай қатысты. Бұл майданда еліміздің туысқан басқа халықтары сияқты қазақ халқының да өзіне жарастықты тарихи орны бар.

Қазына:

Екінші дүние жүзілік адамзат тарихында болып көрмеген опат соғыстың көп ауыртпалықтары Совет халқының еңсесіне түсті. Ол досқа да, дұшпанғада айқын , мәлім. Біздің елде соғыс жалынына шарпылмаған бірде- бір семья жоқ.

Бұл шындық. Миллиондаған ерлеріміз жандарын қан майданда Отан үшін пида етті.Зорланған ата-аналарымыз, жылаған жетім-жесірлер, қайтпас сапарларға ерлікпен кеткен жақын азаматтарымыздың орындарын әлі күнге дейін толтыра алмай жүр. Ол рас. Қан майданда қан төгіп, қасиетті жерімізді сорғалаған терімен де қаныменде суғарып,соғыстан мүгедек болып, қайтқан ерлерімізде бар.

Оқушылар өз мәлметтерімен бөлісіп болған соң оқытушы: «Жеңіс күннінен асқан қымбат мереке жоқ. Ұлы жеңістің 70 жылдық мерекесі құтты болсын! Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын.Тәуелсіз еліміздің туы биік болсын» тілекпен сабағын аяқтады.

Оқытушы: Әжібай Д. Қ.


© 2010-2022