Внеклассное мероприятие Қазақстан - менің Отаным

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан-менің отаным

Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақстан Республикасының тарихымен таныстыру, рәміздер туралы түсінік беру, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Еліміздің рәміздері,үнтаспа.

Тәрбие сағатының барысы

Мұғалім: Біздің ұлы Отанымыз Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда толық тәуелсіздік алды. Әлемдегі 164 егеменді елдің бірі, БҰҰ мүше. Халқының саны 15672 млн. Қазақстан Еуразия құрлығының түбіндегі орталық Азияда орналасқан.


  1. оқушы: Отан деген немене деген сұраққа «Отан - туған жерім, өзенім, тауым, орманым, кең далам, шалқар көлім» дер едім.

  2. оқушы: «Сен қайда тұрасың, жас ұлан?-деп сұраса: Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан Республикасының азаматымын - дер едім.

3-оқушы: Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

4-оқушы: Менің ана тілім, дінім, салт дәстүрім, тарихым, туған жерім бар.

5-оқушы: Отан-аса қасетті ұғым, «Отанын сатқан-анасын сатқан» деген серт сөз бар. Әрбір адамның перзенттік парызы азаматтық борышы.

6-оқушы: Отаным-Туы, Елтаңбасымен, Әнұранымен айбында, айбатты. 1992 жылы 4-маусымда дүниеге келді. Мемлекеттің рәміздерін қастерлеу - әрбір азаматтың міндеті.

Қазақстан Республикасының әнұраны 2006 жылы 11 қаңтарда Елбасын ұлықтау рәсімінде бірінші рет айтылды. Сөзін жазғандар: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. әні Ш.Қалдаяқовтікі.

7-оқушы: Туың қандай? Ту қандай? Таң нұрымен жуғандай. Қыран құсын самғатып, Күн құшақтап тұрғандай.

8-оқушы: Туың қандай? Ту қандай?

Тура аспаннан туғандай.

Ал аспаны қазақтың көңілінен туғандай.

9-оқушы: Ту туралы және оның авторлары туралы түсінік беру.

10-оқушы: Алтын толы табақты көтерді де таң атты,

Туымыз нұрлы да, тұлпарымыз қанатты.

11-оқушы: Еліңді де қас көрме,

Бірақ жауға дес берме.

Омырауға тағып жүр,

Елтаңбасын қастерле.

12-оқушы: Елтаңба және оның авторлары туралы түсінік беру.

«Атамекен» әні орындалады.

© 2010-2022