Внеклассная работа Қазақ хандығына 550 жыл

Раздел Воспитательная работа
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

Директордың тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

.....................Ғ.Д.Ткенбаева

«23»қазан 2015 жыл

№ 10 С. Мұқанов атындағы орта мектеп



Внеклассная работа Қазақ хандығына 550 жыл

« Қазақ хандығына 550 жыл»











Сыныбы: 3 «б»

Күні: 23.10.2015 ж

Сынып жетекшісі: Койшекенова Б.Д













2015-2016 оқу жылы



Тақырыбы: « Қазақ хандығына 550 жыл»

Мақсаты:

Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру.Батырлар ерлігін,биік тұлғасын, батырлығын,халқына сіңірген еңбегін танып білуге,тағлым алуға үйрету.

Оқушыларға қазақ хандығын таныта отырып, елін, жерін сүйе білуге баулу, адами қасиеттерге, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кітап көрмесі, слайд

Жүрісі:

1. Ұйымдастыру

2. Кіріспе: Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол -болашаққа бастар жол» атты кезекті жолдауында 2015 жылы еліміздің ресми түрде 4 мерекенің атап өтілетінін айтқан болатын.

3.Сұрақ-жауап:

-Олар қандай мерекелер?

(Оқушылардан жауап алу, слайд арқылы толықтыру)

3 І. Слайд

-Ата Заңымызға 20 жыл

-Ұлы Жеңіске 70 жыл

-Қазақстан ассамблеясына 20 жыл

Солардың ішінде қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толатын атаулы күн айырықша деуге болады. Өйткені6 еліміздің Қазақстан Республикасы деп, жеріміздің Қазақстан деп, халқымыздың қазақтар деп атауының басында қазақ хандығының тарих төріне көтерілуі тұр. Жалпы қазақ хандығының құрылуы-біз үшін әлемдік маңызы бар оқиға. Дегенмен, ол өз-өзінен құрылған мемлекет емес, оның алдында мыңдаған жылдың тарихи кезеңдері болған.

5. сұрақ - Қазақ хандарын ата?

- Хан деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

6 ІІ слайд

7. «Керей мен Жәнібек» сұлтандар туралы әңгімелеу.слайд

Қазақ хандығын ең алғаш құрған Керей мен Жәнібек сұлтандар.Олар қазақтың тұңғыш хандары.Керей мен Жәнібекті қазақ халқы қолдады.Осылайша қазақ хандығы пайда болды.Керей мен Жәнібек ағалы - інілі. Үлкені Керей, Жәнібек інісі болған.

8. «Абылай,Қабанбай, Наурызбай,Бөгенбай»туралы әңгімелеу.Слайд

Абылай қазақ хандығын күшейткен талантты қолбасшы.Қазақ хандығы 1465 жылы құрылған екен.

9. Батырлар туралы оқушыларға естіліктер оқыту

10 «.Жеті жарғы» туралы түсінік беру

Тәуке хан тұсында қазақ халқының әдет- ғұрып заңдарының жинағы «Жеті жарғы» жасалады.

Олардың ішінде Төле,Қазыбек,Әйтеке,билер болды.Жеті жарғы 7 түрлі мәселені қамтыған. Жер дауы, құн дауы,мүлік дауы,хандық пен билік,куәлік ету мен ант беру ауызша жатталып, елден -елге, ұрпақтан - ұрпаққа таратуға ыңғайланып, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған.

11 Слайд «Үш би » туралы түсінік.

Төле би,Қазыбек би, Әйтеке би- қазақтың ұлы билері.Олар Тәуке ханның заманында «Жеті жарғы» заң дайындады.Билер елдің ішіндегі дауларды шешті. Сондай-ақ билер өзге елдермен бейбіт қарым-қатынас орнатуға да қызмет етті.

12.Үш бидің шешендік сөздерін жатқа айту.

13.Сұрақ :

- Тәуелсіздігімізді қашан алдық?

-Биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл толады?

14.Бейнежазба «Астана»

15.Қорытынды

Астана планетамыздағы ең әсем қалалардың біріне айналған. Сол себепті оған «Әлем қаласы» атағы берілген.Еліміздің ертеңі сіздерсіздер! «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.

© 2010-2022