Салтанатты жиын Армысын, мектебім!

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынын өткізудің

С Ц Е Н А Р И І

Тақырыбы: «Армысың, мектебім!»

Білім күнінің мақсаты - «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберіңде білім беру процесінде Мәңгілік Ел құндылықтарын еңгізу.

Білім күнінің оқутушылық және дамутушылық мақсаты - балалардың Отанға деген азаматтық жауапкершілікті сезінуіне ықпал ету.

Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы туралы түсінік беру, Қазақстан халқы бірлігін нығайтудың маңызын ашу.

1.«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынын ұйымдастырып өткізу.

2.1-сынып оқушыларын мектепке қабылдау.

2. Білім сабағының мақсаты: «Менің Отаным - Қазақстан» ашық тәрбие сағаттарын өткізу.

3.Оқушыларға азаматтық-патриоттық тәрбие беру.

Безендіру:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздері, қабырға газеттері, қанатты сөздер, шарлармен жалаушалар ілу, музыкалық аппаратурамен қамтамасыз ету.

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Мектеп оқушыларын сапқа тұрғызу.

Қонақтарды қарсы алу, орналастыру.





Жүргізуші:

Армысыздар, Қадірменді қонақтар, мектеп оқушылары!

Барша баланың бойына білім нәрі мен тәлімді тәрбие дәнін себетін мезгіл- жаңа оқу жылының басталуына арналған «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынына мерекелік көңіл күймен қош келдіңіздер!

2015 жыл тарихқа Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылы болып енеді. Сол айтулы мереке қарсаңында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін бүгін ерекше күн болмақ.

Жүргізуші:

Бірінші сынып оқушыларын және олардың мұғалімін құрметпен ортаға шақырайық!

Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой - санама еккенің.
1 сыныбын білім әлеміне ________________________ бастап апарады.
/1 сынып оқушылар тізімі/

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және мектеп оқушылары! 2015-2016 оқу жылының басталуына арналған «Армысың, мектебім!» салтанатты жиынын «ашық» деп жариялаймын!

/Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады./

Жүргізуші:

Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:
Ұстаз ардагерлеріміз ______________________________,

Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығын бөлім басшысы _________________________________________________________

Шәкіртімен ұстаздар мақтанады,

Жетістігі жүректе сақталады.

Шәкірттер тек биіктен көрініңдер,

Сонда ұстаз сенімі ақталады - деп алғашқы сөзді мектеп директоры ______________________________ береміз.

Жүргізуші:

Шәкіртімен ұстаздар мақтанады,

Жетістігі жүректе сақталады.

Шәкірттер тек биіктен көрініңдер,

Сонда ұстаз сенімі ақталады

Сөз кезегі оқу ісінің орынбасары _______________________ беріледі.

Жүргізуші:

2015 жылы әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан сыйлық - «Менің Отаным Қазақстан» кітабы дайындалды. Кітап - білім беру саласындағы бес институционалды реформаны жүзеге асырудың алғашқы жобасы, Қазақстан халқының тұтастығын жете түсінуге көмектеседі, азаматтық ұстанымды қалыптастырады.

Нұрлы үмітін көтеріп ол арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Қонақтарды шақырамыз ортаға,- дей келе сөз салтанатты жиынның қадірменді қонағы _____________________ беріледі.

Жүргізуші:

Өмірдің кеңінен жайып керегесін

Ерліктің жасадыңыз өнегесін

Ұрпаққа берген үлгі - тәліміңіз

Періште көңілдерде өне берсін - деп тілек білдіре отырып, ардагер ұстазымызға _____________________________сөз беріледі.

Жүргізуші:

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,

Отбасында болсын ырыс-береке.

Сөз береміз аяулы аналарға,

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке,-дей келе сөз ата-аналар атынан .............................................................................. беріледі.

Жүргізуші:

Бар мектептің басталар бүгін жыры,

Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.

Оқу жылы басталды ұстаз- шәкірт,

Құтты болсын бүгінгі БІЛІМ КҮНІ,- дей келе, сөз 1-сынып оқушыларына беріледі.

Өнерпаздар жарысып сан - саланы

Жиын десе той десе ән салады

Бүгінгі қоңақтардың құрметіне

Әуелеген әсем ән жолданады - дей ___________________ орындалуында «Қазақстан» әнің қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Қағылды зор қоңырау күмбірледі,

Аралап айлық жерді, күндік жерді.

Ілесіп сол қоңырау үніменен,

Қазақтың даласына білім келді,--дей келе «Алғашқы қоңырау» соғу рәсіміне кезек берейік. /1-сыныпқа қабылданушылар қоңырау соғады/.

Жүргізуші:

Заман жаңа өзгерді шабыс бүгін,

Күтеміз біз шәкірттен табысты күн.

Білімменен қол созып биік шыңға,

Көтерейік биікке намыс туын,- дей отырып, «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынын «жабық» деп жариялаймын.

Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! "Алғашқы қоңырау!" мерекесі «Менің Отаным - Қазақстан» алғашқы сабағымен жалғасады.

Ақ жол сіздерге, мектеп оқушылары!


© 2010-2022