План урока по воспитательному работу на тему Әдепті бала – арлы бала

Раздел Воспитательная работа
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Әдепті бала - арлы бала

Мақсаты:

а) Оқушыларға адам бойындағы жақсы қасиеттерді үйрету, әдеп әліппесінің кілтін және әдептілік қасиеттерді бойына сіңіру. Балаларды кішіпейілділікке, адамдармен қарым - қатынас жасай білуге, үлкенді сыйлауғаүйрету.
ә)Әдептілікке, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

б) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Сабақтың өтілу әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: адамгершілікке байланысты суреттер, сызбалар, мақал-мәтелдер. жазылған плакаттар.

Мұғалім: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!

«Әдепті бала-арлы бала » атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Біздің халқымыз әдептілікті жоғары бағалай білген. Отбасында, мектепте, қоршаған ортада баланы кішіпейілдікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат еткен. Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі, осы әдептілік ережесін сақтау керек.Әдепті бала кездескенде үлкендермен сәлемдеседі. Сөйлескен кезде «сен» демей «сіз» деп сөйлесу керек. Ол әдептіліктің белгісі болып табылады.Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.
1-оқушы: Лайло

Сыйла үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдепті қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

2-оқушы:Шерзад

Әдептілік дегенің,
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре сарсаң әлегің.
3-оқушы: Мафтуна

Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетті деп білемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін
Анама айтып өкпесін. 1


4-оқушы: Билолбек

Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді!
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың қалады.

Мұғалім: Міне, балалар осы өлең жолдарынан біз әдептілік не екенін білдік.

Енді мектепте, көшеде тәртіпсіздік, әдепсіздік жасамау үшін не істеуіміз керек?

1-бөлім « Не деу керек?»
1-оқушы:Нозила
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әперді.
Ең үлкенін, жақсысын,
Саған таңдап әперді.
Не барып жеу керек?
Хормен: «Рахмет, апа!» деу керек.

2-оқушы:Мадина
Осы келген бетіңде,
Допты қудың жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір апайың
Ұмыттың сен не деуді?
Хормен: «Сәлеметсіз бе?» деу керек.

3-оқушы:Ихтиёрхон

Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Хормен: «Ұқыпты екен бұл» дейміз
4-оқушы:Лайло
Балалар жүр көшеде,
Естілді шу - айхай.
Сенде шықтың досыңды,
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?
Хормен: «Кешіріңіз» деу керек.
5-оқушы:Мафтуна

Таудай биік талабы,
Жақсы оқитын баланы.
Кім дейміз?
Хормен: «Үлгілі екен бұл» дейміз 2

2- бөлім. Сұрақ - жауап

1-оқушы:Феруза
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің,
Сәлемдесіп жол берем.
Ол қандай бала? (әдепті бала)

2- оқушы:Бехруз
Өзгелерден өзімді,
Санамаймын жоғары.
Артық айтпай сөзімді,
Желпінбеймін ешқандай
Ол қандай бала? (кішіпейіл)


3-оқушы:Жасмина
Жүрем тура жолменен
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа,
Тек шындықты көздеймін
Ол қандай адам? (әділетті бала)
4-оқушы:Умида
Ілгек түйме жұлынып,
Кешке дейін алысар.
Әркімге бір ұрынар,
Құспен, малмен жарысар
Ол қандай бала? (қиқар бала)
5- оқушы:Жасур
Шашы түсіп көзіне,
Түсінбей нақыл сөзіне.
Үлкендермен таласар,
Дәлел тауып өзіне.
Ол қандай бала? (жалқау бала)
6-оқушы:Диана
Дәптер, сөмке бәрі де,
Дал-дал болып жыртылған.
Сия төгіп бантіне,
Шимай салған сыртынан
Ол қандай бала?(салақ бала) 3

Мұғалім: Сонда адам бойында жақсы және жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Оны бізге ақ жаулықты аналарымыз ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
Ән: Бақытты балалық

Мұғалім:Әдеп сақтаудың экологиялық мәні де зор. Әдепті адам табиғатты да қорғай білуге тиіс. Табиғаттың әсемдігіне, әдемілігіне кір келтірмеуі тиіс. Суды былғамау, талды, ағаш өсімдіктерін кеспеу, құдыққа түкірмеу, нанды баспау керек.
Көшеде жүру, көпшілік ортасында болу, үлкенге орын беру, кішіге қамқорлық жасау, қарт адамдарды қадірлеу, олармен сәлемдесу - әрбір әдепті оқушының міндеті.


"Не істеу керек"
а) Үлкенге ізет, кішіге көмек көрсету керек.
б) Үлкендерге қол беріп сәлемдесу керек.
в) Аналар мен қыздарды құрметтеу керек.
г) Қателігіңді әрқашан мойындай керек.
д) Досқа адал болу керек.
ж) Үлкендердің айтқан ақылын тыңдау керек.

"Не істеуге болмайды?".

а) Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.
б) Есікті керуге болмайды.
в) Бейуақытта ұйықтауға болмайды.
г) Ауызды ашып есінеуге болмайды.
д) Қатты дауыс көтеріп күлуге болмайды.
ж) Үйге жүгіріп кіруге болмайды, тағы сол сияқты жалғастырып айтады.
Ән: Ел қорғауға әзірміз

Көрініс: Рахмет ата

Мұғалім: Ал енді балалар, кезекті мақал - мәтелдерге берейік.

Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді

Атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді.

Әдептінің белгісі - иіліп сәлем бергені.

Мейірімділікті анадан үйрен,

Әдептілікті данадан үйрен. 4

Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп

Жақсы- көпке зейнет,

Жаман- көпке бейнет.

Әдепті бала ата- анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.

План урока по воспитательному работу на тему Әдепті бала – арлы бала.План урока по воспитательному работу на тему Әдепті бала – арлы бала.




Әдеп

Арман мен Аян қалада тұрады. Екеуі де бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді.

Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп, теріс қарап отыра берді.

Бір уақытта әжей, орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға берді. Әжей Аянның әдептілігіне сүйсініп, алғысын білдірді.

-Ал балалар сендер не істер едіңдер?

-Арманның істеген ісі дұрыс па?

- Әдептілікке жата ма?

Демек, адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ұстаздарымыз үйретеді екен.

-Ал біз, осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен , бал тілінен бойымызға сіңіреміз.

-Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуларың керек.

-Ал ,балалар, өздерің ойланыңдаршы әдепті бала қандай болады?

-Әдепсіз бала қандай болады? Өздерің айтыңдаршы?

-Білім беріп, жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рахмет!

-Рахмет!

-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол өзімізге жақсылық болып оралады екен.

5

Мұғалім:Балалар, бүгін біз сендермен әдептілік жайлы білдік, әр адам өзін кез келген жағдайда кез келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата-анаңның, өз Отаныңның мақтанышы боласын. Құрметті қонақтар, біздің «Әдепті бала-арлы бала» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.









6



© 2010-2022