«Жарасамын, жеңгеммен» (11 сынып)

Раздел Воспитательная работа
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жарасамын, жеңгеммен»

Сайыстың мақсаты: Сайысты өткізе отырып. Келіндердің ізет-тілігін, инабаттылығын, қайын сіңілісімен достығын бағалау. Жас ұрпақ бойындағы жан сұлулығы мен қатар салт-дәстүріміздің қалыптасуына, заман талабына сай ұлттық өнер мен өнегеге баулу. Жеңгей мен қайын сіңіллер арасында достықты, ауызбіршілікті, ынтымақтастықты нығайту. Танымдық қабілетін арттыру.

Жүргізуші: Құрметті, қонақтар! «Жарасамын, жеңгеммен» атты байқауымызға қош келдіңіздер.! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз. Бүгінгі өткелі отырған «Жарасамын, жеңгеммен...!» сайысыны қош келдіңіздер!
Сонымен бүгінгі сайысымыздың мақсаты: Келіндердің ізеттілігін, инабаттылығын, қайын сіңілісімен достығын бағалау. Жас ұрпақ бойындағы жан сұлулығы мен қатар салт-дәстүріміздің қалыптасуына, заман талабына сай ұлттық өнер мен өнегеге баулу. Жеңгей мен қайын сіңіллер арасында достықты, ауызбіршілікті, ынтымақтастықты нығайту. Танымдық қабілетін арттыру.

Жүргізуші:

Қырмызы қызыл гүлсіңдер ме екен

Бақытты іздеп жүрсіңдер ме екен?

Құлпырған қырда қызғалдақсыңдар,

Жұмбақ жансыңдар бір сыр бермеген.

Жүргізуші:

Сайыс, сайыс, көңіл шіркін тасысын,
Сайыс сайын жанкүйерлер қол ұрсын
Өнерлерін аямайтын біздерден
Сайыскерлер ортамызға кеп енсін, - дей отырып бүгінгі сайысқа қатысушы жеңгесі мен қайынсіңілілерді қол соғып қошеметтеп ортаға шақырамыз.
1. 8 ә сынып оқушысы Нәсіпқали Эльмира
жеңгесі Толғанаймен қарсы алайық.
2. 9ә сынып оқушысы Бақтығали Жұлдызайды нағашы жеңгесі Эльмирамен ортаға шақырамыз
3. 10а сынып оқушысы Ғапует Салтанатты жеңгесі
қарсы алайық Гүлбанумен қарсы алайық
4. 10ә сынып оқушысы Ғалымжан Кенжегүлге жеңгесі Гүлзатпен қошемет көрсетейік
5. 8а сынып оқушысы Кеңес Амангүлді нағашы жеңгесі Гүлбанумен ортаға шақырамыз.
6 10а сынып Айтқали Назерке жеңгесі Нәсіппен ортаға шығарайық

7. 9а сынып оқушысы Тілекқабыл Сәндігүл жеңгесі Бибігүлмен қарсы алайық

8. 10б сынып оқушысы Омар Асылзаданы жеңгесі Гүлбақытпен қарсы алайық.

Ал ендігі кезекте сіздерге сайысымызға өз ой пікір, тұжырымдарын білдіретін сарапшыларымызбен таныстырып өтейін:
1. Ермекова Гүлайым-тәрбие ісі меңгерушісі
2. Құрмашева Гүлнафис-Ұйымдастырушы педагог
3. Көшкінбай Назгүл-Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі

4.Қабдолова Орынша - әлеуметтік педагог

5.Төкеш Жаңагүл - психолог

Жүргізуші:

Көп сөйлеп, жөн жобадан біз аспайық
Қандай сайыс болса да біз қашпайық
Ал, ендеше рұқсат болса.
Мектепішілік «Жарасамын, жеңгеммен!» сайысын біз бастайық!- деп алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.


  1. «Сәлем - сөздің анасы» (таныстыру)

  2. «Білім мен дәстүр» (сұрақ-жауаптар)

  3. «Өнерліге өріс кең» (өнер көрсету)

  4. «Образ сомдау»

  5. «Сән үлгісі » (ұлттық нақышта)

  6. «Салт-дәстүрім - қазынам» (салт- дәстүрге байланысты көрініс көрсету)

Жүргізуші:
Армысыздар, айналайын дана халқым.
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Ата-баба шежіресін жіктеп,
Таныстыру парызы әрбір жастың,
Өнерлерін паш етер отбасылар,
Сәтте келіп қалғандай танысатын дей келе,- алғашқы шартымыз бойынша
«Сәлем - сөздің анасы» таныстыру кезеңі.

Жүргізуші: Көңілін халқыңның таптың бүгін
Емес қой мынау бізге жат күн бүгін.
Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық.
Байқайық жеңшесі мен қайын сіңілісі тапқырлығын - дей келе жеңгеміз бен қайын сіңілілерімізді ортаға шақырып «Білім мен дәстүр» шартымыз бойынша берілген сұраққа жауап аламыз:

Қазақтың қызға қырық үйден тыю дегенін қалай түсінесің?

Ұйқыашар дегеніміз не?

Селт еткізер дегеніміз не?

Жеті күнді ретімен, айырып атаңыз?

Енші дегеніміз не?

Бәсіре дегеніміз не?

Бастаңғы дегеніміз не?

Ауызға түкірту дегеніміз не?

Жеті атаға кімдер жатады?

Ұлттық ойындарды ата?

Базарлық дегеніміз не?

Байғазы дегеніміз не?

Құлақ тесу дегеніміз не?

Тұлым қою дегеніміз не?

Жеті күнді ата?

Кекіл дегеніміз не?

Жүргізуші:Сымбатына өнері жарасатын.
Аспандағы айменен таласатын.
Өздеріне сай келіп тұрған жоқ па,
Сайыскерлерге қызығып қарасаң шын - дей келе бұл шартымызда «Өнерліге өріс кең» жеңгейменен қайынсіңілілеріміз өз өнерлерін көрсетеді. Бұл кезекте тапқырлығы мен ой ұшқырлығын байқаймыз.

Жүргізуші:

Ақ сүті ананың өтеусіз жай қала ма,

Борышты оған небір дархан да.

Тірлік сеуіп келе жатқан өмірге,

Ей адамзат, бас иіңдер анаға!

Бұл бөлімде ана туралы дайындаған образдарын сомдайды.

Жүргізуші:

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне өңі сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасасың-дей келе келесі бөліміміз бойынша қыздарымыз ұлттық нақышта сән үлгілерін ұсынады.

Жүргізуші:Өнері өрге жүзер талаптының,
Таланты талмай ұшар қанаттының,
Әртістер бар өмірде даңқы асқан.
Көрейік біз өнерін әртістердің - деп бұл шартымызда сайыскерлеріміз «Салт-дәстүрім - қазынам» бөлімі бойынша көрініс көрсету. Ортаға жеңгер мен қайын сіңілісі бірігіп салт дәстүрге байланысты көрініс көрсетеді.

Жүргізуші:

Ұлтымыздың әр сөзі,

Асып жатыр кәдеге.

«Қыздар сыны», мінекей,

Келіп жетті мәреге.

Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші,

Аруы деп мектептің жүрейікші

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал, қыздарға сәттілік тілейікші!

Сайысымыздың қорытынды сөзін әділқазыларға береміз.

«Жарасамын, жеңгеммен» (11 сынып)«Жарасамын, жеңгеммен» (11 сынып)

«Жарасамын, жеңгеммен» (11 сынып)

"Жарасамын, жеңгеммен..." сайысы кезіндегі "бесікке салу"салтынан көрініс«Жарасамын, жеңгеммен» (11 сынып)

8-9-10 сынып қыз оқушылары жеңгелерімен «Жарасамын, жеңгеммен...» сайысына қатысты. Бұл сайыста 8 «а» сынып оқушысы Кеңес Амангүл «жақсы қыз», жеңгесі Қапезова Гүлбану «жарасымды жеңге» атағын жеңіп алды.



© 2010-2022