Тәрбие сағаты Соңғы қоңырау

Раздел Воспитательная работа
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: А. Ермахан

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ, ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ,

№78 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 2014- 2015 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ

«Балапан боп келіп ем алтын ұяға, Қыран болып ұшып барам қияға!»

Өтетін күні: 25.05.2015

Уақыты : 10.00

Безендірілуі: Мектептің алдын қоңырау макетінде түрлі-түсті шарлармен, лента және жалаушалармен безендіру.

Орналасуы: сол жақ бетінде оқушылар, оң жақ бетінде бітіру салтанаты кешіне орай шақырылған қонақтар, төрде мектеп бітіруші түлектер орналасады.

9.45-сыныптардың сапқа тұруы.

10.00-салтанатты жиналыстың басталуы.

АӘД пәні мұғалімі Ақбердиев М. оқушыларға сап түзетеді.(музыка орындалады)

Жүргізуші: Думанды дүбір ән жырлы

Жайқалған өмір жас бағы.

Мінеки, тағы бір жылды

Сырғытып артқа тастады.

Ұстаздардың - жаны нұр,

Шаттық күйін бөліскен.

Аяқталды тағы бір

Оқу жылы жеміспен.

Қадірменді әлеумет, қымбатты ұстаздар, құрметті қонақтар, ата -аналар және оқушылар!

2014-2015 оқу жылын аяқтауға арналған « Балапан боп келіп ем, алтын ұяға, Қыран болып ұшып барам қияға !» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, бүгінгі салтанатты жиында біздің мектебіміздің 10 түлегі балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.

Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,

Жас түлегім, сөзіме көңіл аудар.

Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені

Бұрынғыдай соқпайды қоңыраулар.

Мектеп қайта есігін ашпас енді

Өмір ұстаз, ақылды, ақ шаш өңді

Басқаша енді үйретер бар сабағын,

Қоңыраулар соғылар басқаша енді!

Бұл күн - мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл- қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұр.

Әне олар әрбіреуі тұлға дара,

Бірі көсем болашақта, бірі дана.
Кеше ғана балапан болған олар,
Қанат жайып ұшқалы тұр кең далама.

Аттанарда ұрпағым бақ жолына

Түссін деп тура жүрер нақ жолына

Арнайы ақ матадан жол төседік

Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!

Түлектерге «Ақ жол» төсеу құрметі өнегелі отбасының анасы Ұлжамалдың әжесі Тынышкүл әжеге, мектебіміздің құрметті ұстазы әрі ата ана, бірнеше түлек түлеткен ұстаз Ізтілеуова Ләззат апайға ұсынылады

Жас жүректің өмірлік құштары -гүл,

Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Биылғы жыл түлектерін, ағайын,

Құрметпенен қол соғып қарсы алайық!

Құрметіне түлектердің тік тұрайық, Алаңдап басқаға біз бас ұрмайық. Салтанатпен бұл кештің иелерін, Құттықтап, қошеметпен қарсы алайық. (музыка)

Түлектердің бақыт гүлі ашылсын

Ақылына әлем халқы бас ұрсын

Деген асыл ниетпенен ағайын

Ақ жолына той шашуы шашылсын!

Шашу шашу құрметі ақ жаулықты әже, үлкен бір әулеттің анасы Талай әжеге ұсынылады

Бәйгеге осыдан 11 жыл бұрын,

Қосып еді жетектеп бір -­ бір құлын.

Бәрі де бас бермейтін асау еді,

Жолының аңғармайтын ой-­ шұқырын

Мәреге сол бәйгеміз бүгін жетіп,

Жіберді төңіректі дүбірлетіп.

11 сынып оқушыларын 1сынып оқушылары қолынан ұстап, алаңға алып шығады.

Әуен ойнап тұрады.

Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркіні жалауынан таныған.

Өзі батыр, өзі әнші халыққа

Жарасады жігер берер әнұран.

Естілгенде көк аспанның астында

Тік тұрыңдар орындалса Әнұран

Бар қазақтың үніндей боп шарықтар,

Бар қазақ боп мен өзіңе бас ұрам!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады

1- жүргізуші:Қазекем қонақ десе көсіледі,

Мұндайда жай түйіні шешіледі.

Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген,

Өзімен ала келер несібені.

2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынға келіп отырған қонақтармен таныс болыңыздар:

1. Ауыл әкімі: Қалибеков Дуланбек ағай

2. Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері ...

3. Ардагер ұстаздар : Шамұратов Сражаддин ағай, Сүйінбаева Жібек апай

1-жүргізуші: Мектебімнің қиынына көнеді,

Табыстарға мәз-мейрам боп жүреді.

Халқы еңбегін ерекше деп біледі.

Кешімізді ақ тілекпен ашсын деп,

Мектебімнің жанашыры- басшы деп,

Шәкірттерің сөз кезегін береді - дей отырып алғашқы сөз кезегі мектеп директоры . Ермахан Аралбай ағайға беріледі

2-жүргізуші : Мектеп директорының 2014-2015 оқу жылын аяқтау туралы бұйрығымен таныстыру үшін директордың оқу ісі меңгерушісі Құрманбаева Бақыт апайға сөз беріледі.

( Мектептің оқу озаттарын марапаттау сәті )

1-жүргізуші: Қонақ деген ырысың мен мерейің,

Енді аяңдап қонақтарға келейін.

Уақыт бөліп бізге тілек білдірер,

Сөз кезегін қонақтарға берейін.

2-жүргізуші:Өзіңізді мақтан етіп жүреміз біз.

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,

Сөз береміз құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,-деп құттықтау сөзін ауылымыздың әкімі Қалибек Дуланбек ағайға беріледі.

1-жүргізуші: Аяулы ұстаз! Өлшемі жоқ бағаңның

Айтыңдаршы, таласады оған кім ?

Еленуде елге істеген еңбегің,

Айтады алғыс шәкірттерің саған мың!- сөз кезегі ардагер ұстаздар атынан Шамұратов Сражаддин мен Сүйінбаева Жібек апайға беріледі.

2-жүргізуші: Игілікті іс-шараға үндейтін,

Талант көрсе үнемі жол сілтейтін.

Әз ағалар әрқашан арамызда

Болашаққа жарқын ізбен жүр дейтін,- деп келесі құттықтау сөз ...................... беріледі.

1-жүргізуші: Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,

Жаныма сіңді сенің асыл киең.

Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,

Мектебім, саған мәңгі басымды ием.

2- жүргізуші: Сағынам сені, мектебім,
Балалық дәурен көктемім.
Балапан құстай түлеп бір
Байқамай қаппын өткенін
Өзіңсің балауса көктемім,

Мен сенен нәр алдым, көктедім.

Өмірдегі алғашқы өткелім,
Мектебім,сүйікті мектебім.

1- жүргізуші: Өрлендік білім шыңын, шырқай өсіп,

Бақытты шат өмірге ашып есік.

Баулыған ерлік, шындық, адалдыққа

Сүйікті сен, мектебім - алтын бесік!

Хор «Қалайша қиямыз»

Жұлдызай: Әлі есімде мектепке алғаш барғаным,

Өз қолыммен әліппені алғаным.

Санай ашып әліппенің парағын,

Әліппеге үнсіз ұзақ қарадым.

Дән едім қауыздағы ашылмаған,

Бала едім құштар көңіл басылмаған.

Алдыңа бүлдіршін боп келгенімде,

Көрінген барлық ғалам тосын маған.

2-жүргізуші: Сабақты баппен бастадың,

Зиялы сөзді тастадың,

Ойға тоқып айтқаның,

Мазмұнын ұғып жаттадым.

Шөлімді әбден қандырдың,

Жүректе от жандырдың.

1-жүргізуші: Білім құйып кеудеме,

Зердемде мәңгі қалдырдың.

Үйреттің өмір дағдысын,

Жақыннан бастап арғысын.

Алғашқы ұстаз аяулы,

Таусылмаc сізге алғысым,- ­ дегендей алғаш әріп танытып, ата кітап әліппені ұстатқан, білімнің бастауынан нәр берген алғашқы ұстазы Қартабаева Сара апайға зор қошемет, ду қол шапалақ. Құрметті Сара апай, әр қазақ менің жалғызым дегендей әр шәкірт сіз үшін бір әлем. Бүгінгі мектеп бітіруші сүйікті шәкірттеріңізге айтар тілегіңіз қандай. Тілек тіні өзіңізде.

2-жүргізуші: Білімнің босағасын тұңғыш аттап,

Кірген кез есімізде гүл құшақтап.

Қуанып ертіп келген ата -­ анамыз,

Күлім қағып қарсы алған алғашқы ұстаз.

1-жүргізуші: Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

Жақын тарттық біртіндеп бауыр бастық,

Жүргеніңді ұнаттық арамызда,- ­ дей келіп , «Ұстазым» әні Сізге арналады. Орындайтындар :

1 - жүргізуші: Ерсілі ­ қарсылы өтіп бара жатқан адамдар бақ ішінде отырған бір адамға ылғи бас иіп, қол қусырып, сәлем беріп өтеді екен. Сонда біреу таң қалып: ­ «Апыр-­ ай, осынша адам құрметтеп ілтипат көрсеткен, бұл қандай жан екен?» - деп өтіп бара жатқан біреуден сұрапты. Ол бар болғаны: «Ұстаз»-­ депті. Осыдан- ақ, халықтың ұстазды пір тұтып, құрметтеп, жоғары бағалайтынын білуге болады. Біз де, Ұстаздарымызды қошеметтеп, ду қол шапалақпен алғысымызды білдіріп жіберейік.

Ұстаздар қауымы мың алғыс Сіздерге!

М.Жұлдызай: Қандай жақсы жанын ұғып баланың,

Ақылшысы болу ата -­ ананың.

Ұстаз деген ұлы сөзден танылар

Барлық сыры ақыл, білім, сананың.

Бойындағысын сарқып саған беретін,

Бір сен үшін гүлден шырын теретін.

Сол, ұстаз ғой азаматтық, ізгілік

Жақсы қылық, жаныңа нұр беретін.

1-жүргізуші: Осыдан, 6 жыл бұрын сарқылмас ұлылықтың бастауы болған, барша өміріміздің негізі болған бастауыш мектебін аяқтап келген сәтімізде қанаты қатпаған сарыауызды балапандарын тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай қамқор болған қадірлі де қымбатты, аяулы жан ардақты сынып жетекшіміз Сейталы Гүлнәзия апайымыздың орны біз үшін ерекше. Ол қаншама жыл жетекшілік етіп, ақыл -­ кеңесін аямаған, балалардың анасындай болған ұстазымыз.

2-жүргізуші: Ақыл айтса салмақты,

Ашуы да бар қатты.

Алайда ол басқадан,

Абыройлы, ардақты ­

Менің сынып жетекшім.

Өнегелі болсын деп,

Ертеңіңе жол ашып.

Әрқашан да ойлайды

Өрден өрге қонсын деп

Менің сынып жетекшім.

Қадірлі адам сыйлысың,

Оған сендік сый басым.

Қоштасарда мектеппен,

Ата-­ анадай қимайсың

Менің сынып жетекшім.

1-жүргізуші:Дәнекер боп дамыл таппай арада,

Білім нәрін ұялатқан санаға.

Ұстазымыз сізге алғыс айтамыз,

Үйретуден жалықпаған балаға, ­- деп жырлағандай, қазіргі сынып жетекшіміз Әбілдаева Айнұр апайды зор қошеметпен ортаға шақырамыз. Құрметті, Айнұр апай, осы уақыт ішінде талай нәрселерді бастан өткерген боларсыз. Оқушыларыңыздың жақсысына қуанып, жаманына күйініп, солар үшін ұялған сәттеріңіз де болған болар. Бәрі артта қалып, сүйікті шәкірттеріңіз қанатын қомдап, алтын ұясынан қияға қанат қаққалы тұр. Оларды алыс сапар күтіп тұр. Шәкірттеріңізге деген ақ тілегіңізді тыңдасақ.

2-жүргізуші:Ұшырады жетекшің өз қолынан,

Ғылымның көрінші деп сан қырынан.

Қабыл болып, айтылған ақ тілегі,

Айнұр апай, шәкірттік тілегім сол

Көріне біл, тұғырдан,биік шыңнан,-деп түлектерге тілек білдіру үшін сөз 11 сынып жетекшісі Әбілдаева Айнұр апайға беріледі.

Ән: «Ұстазым»..

1- жүргізуші:Ұстазымыз, батаңызды беріңіз.

Үміт артса әлпештеген еліміз,

Борышымыз ақталады деп сеніңіз.

Өзіңізден үлгі- өнеге аламыз,

Арта берсін күннен - күнге бағаңыз.

Түлектерің бақыт тілеп өзіңе,

Шын жүректі ақ ниетпен айтамыз,-деп келесі сөз кезегі мектеп бітірушілер атынан 11 сыныптың түлегі Әлишер мен Жұлдызайга беріледі.

Гүлжайна: Қиыны да қызығы көп салалы,

Мәртебелі сондықтан да жоғары.

Халқы сүйіп, қадірлейтін қашанда

Еңбегімен ұстаз елге бағалы.

Баласындай сезінген жақын бәрін,

Еске ­ ап күнде тәрт пке шақырғаны.

Он бір жылда үйретіп тауыса алмаған,

Айтып жатыр ұстаздар ақылдарын.

Ұлжамал: Заводта болсаң күнбе ­ күн,

Көрінер еді табысың.

Дәрігер болсаң түрлі емің ­

Шипалы жанның бағы шын.

Жұлдызай: Ал сенің еңбек жемісің,

Өзгеше тіпті басқадан.

Ол ­ өзін арнап ел үшін,

Осылау жүрген жақсы адам.

Тоғжан: Ұстазсыз жанда сөнбек күн,

Шәкіртсіз өмір ­ сусыз жер.

Көрінбес ғажап еңбектің,

Бейнетін кешіп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің,

Жанымнан жалын, жігер күш.

Ұстазым сенің әр күнің,

Әр сәтің тұрған бір ерлік ­ ( Ф.Оңғарсынова)

2-жүргізуші: Ия, поэзия падишасы, Мемлекеттік сыйлығының иегері Ф.Оңғарсынова ұстаздар қауымына дәл осылай зор баға берген.

1-жүргізуші: Үйреткен жіктеп әртүрлі пәннің жыр әнін

Санаға құйған сапалы білім құнарын

Қоштасар сәтте арнап бір тілек ақтарсын

Әр пәннен берген дәріс сол бір мұғалім

2-жүргізуші: Ұстазссыз шәкірттерге бақ берген бе?

Бапкерсіз тұлпарларға бақ келген бе?

Он бір жыл шәкірттерге білім берген

Сөз кезегі мұғалім бапкерлерде

Ендігі сөз кезегін өзінің уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған қадірлі ұстаздарға, пән мұғалімдеріне ұсынамыз. Ұстаздар қауымы атынан келесі тілек сөзін Томай Алмаш,Құрманбаева Бақыт, Ысқақова Гүлжан, Жүргенова Гүлдәурен, Қорғашева Зинегүл апайларға береміз

2-жүргізуші: Ұстаз ­ болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз ­ болу - сезімнің ақындығы.

Ұстаз ­ болу - мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы, ­ - деп көрнекті ақын Ғафу Қайырбеков айтқандай, ұстаздар қауымына алғыс сезімімізді білдіре отырып, мына бір жақсы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар.

Ән : «Достарым» Гүлжайна, Айнұр

1-жүргізуші: Әр үйдің тірегі болады, жүрегі болады, тілегі болады. Тірегі -­ әке, жүрегі -­ ана, тілегі-­ бала. Ал, мектеп деген киелі шаңырақ - сан үйдің тірегінің, жүрегінің, тілегінің басын қосатын ­ алтын орда. Осыдан 11 жыл бұрын мектепке ұстаз-бағбан қолына әр әке, әр ана, әр ата мен әже жас шыбығын, бауыр еті балаларын жетелеп, әкелген болатын. Ал бүгінде сол жас шыбық өрімтал болғанын, жүрегінің жақсылық пен мейірімге толғанын, білімді, ақылды болғанын көріп, көңілдері өсіп, марқайып тұрған жайы бар.

2-жүргізуші: Бала үшін күйетін ана- жүрек
Бала үшін қуанар ата -тілек
Бала -бала деуменен самайды да,
Қырау шалды, ол айтсын ізгі тілек
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Тілегін тілер тынымсыз.
Перзенті үшін әр күні,
Бейнетпен өткен өлшеусіз.

1-жүргізуші: Шығыс халықтарында «әкеден артық орман жоқ, әкеден артық қорған жоқ, әкеден артық дана жоқ, әкеден артық пана жоқ» ­ деген нақыл сөздер әкенің перзенті алдындағы орнын айрықша дәріптеп көрсеткен. Сондай -ақ,балаға анадан артық,анадан артық қымбат жан жоқ. Әрбір ана сәбиінің жыламауын, шаңырағының құламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілеген. Ата мен ана, әке мен шеше бақытын да, байлығын да баласына арнаған.

2-жүргізуші: Емес пе той халықтың қазынасы,

Бабаның демеу болсын ақ батасы.

Мейірім толы жүректен сыр ақтарып,

Түлекке тілек айтсын ата ­- анасы,- ­дей келе тілектің тінін түлектеріміздің ата ­- аналары жалғасын дейміз. Ата аналар атынан сөз кезегін ............... береміз.

Ән: «Қос бәйтерегім» Орындайтындар: Тоқжан, Жұлдызай

1-жүргізуші: Жүректе шамшырақтар жағылғандай
Сағыныш теңіз болып ағылғандай.
Келеміз өмір жолда тілекші боп,
Біріміз - бірімізге бауырлардай

2-жүргізуші: Өткіздік тәтті сәт талай біз

Сыныпқа қия алмай қараймыз

Осынау мектептен,достардан

Қалайша, қалайша тараймыз,- 9 жыл оқып парталас болған сыныптастарымыз Рауан,Гауһар,Қанат,Ғалымжан,Нұркен мен Перизат біздің мақтаныштарымыз. Қазіргі таңда бірі Қызылорда қаласындағы ең жақсы колледждерде білім алып жүрсе, бірі Қазалыдағы лицей, гимназия -мектептерінде алдыңғы қатарда жақсы білім мен ізгі қасиеттерімен көрініп жүр. Келесі сөз кезегін 9 жыл оқып,жыраққа кеткен сыныптастарымызға беріледі.

(Студенттердің құттықтау сөзі)

1-жүргізуші: Құрметті бітіруші, жас түлек! 3 - сынып оқушыларының орындауында достық пен жарастықтың үлгісі ретінде «Улыбка» әнін қабыл алыңыздар

2- жүргізуші: Мектеп, мектеп бақытқа толы үнің,
Ұша білсек болмас- ау қону қиын.
Балалықтың соңғы әнін шырқап бүгін,
Балалықтың билейміз соңғы биін!

1-жүргізуші: Аттанып барасың түлектер,

Өмірдің сан тарау жолына.

Үмітпен сәтті бақ тілеп

Жалынды сәлеммен ақ тілек.

Мектебіміздің кішкентай ақ ниетті,пәк көңілді бүлдіршіндердің 11 сынып оқушыларына арналған ізгі тілегі ретінде «Аққу- арман» биін қабыл алыңыздар.

(Ықылас гүлін вальс билей бастағанда ортаға қойылады)

2-жүргізуші:Ықылас гүлі! Бізді білім нәрімен сусындатқан №78 мектептің ұстаздары! Сіздерге биылғы бітірушілер атынан сапалы білім, саналы тәрбие бергендеріңіз үшін ризашылығымызды білдіріп ықылас гүлін сыйлаймыз!
1-жүргізуші: Ұстаздар жан анамдай аялаған,

Нұрланған шуағымсың саялаған

Айналдым мейірімді жүрегіңнен

Алғысты толтырамыз гүлдерменен
(Вальс аяқталғанда бишілер қолындағы гүлдерін ұстаздарға береді)

2-жүргізуші: Қайран күндер өтпекшікөз алдымнан

Жүрегімде өшпестей із қалдырған

Қайран күндер, балдырған, сайран күндер,

Сан желпінтіп жалындап сан жандырған!

Өнерлі де сүйкімді аруымыз Көптілеу Үмітхан сыныбымыздың атынан арнау арнайды. Қабыл алыңыздар !

1-жүргізуші: Қуанып күлу жақсы ырым мен жақсылық

Ту алып жүру мықтылық және нақтылық.

Өзінен кейін аманат іні - бауырға

Кететін бұл сәт мектептің туын тапсырып.

2- жүргізуші: Мектеп бітіруші түлектеріміздің өз ізбасарларына туды салтанатты түрде тапсыру рәсіміне кезек береміз. Өздерінен кейінгі ізбасарларына мектеп туын салтанатты түрде оқу озаты, Кенжебай Әлишер табыс етеді.

Туды 10- сынып оқушысы Сағымбай Нұралы қабылдайды. (Туды тапсыру)

1-жүргізуші: Алдарыңнан арман жолы ашылады.

Түлектерге бақыт гүлі шашылады.

Қимастықпен 11-дің алтын кілтін

Ізінбасар сыныпқа тапсырады.

Білімнің Алтын кілтін, Махамбетқайыр Жұлдызай 10 сыныбының оқу озаты Толыбек Майраға тапсырады.

Жұлдызай: Білімге басқан жастарың,

Ғылымды іздер үңіліп,

Өмірге сапар бастадық,

Алдымда күліп тұр үміт.

Білімді құйып санаңа

Шәкірт болыңдар білікті.

Орнымызды нық басар деп,

Тапсырамыз «Алтын кілтті» (Кілтті тапсыру)

Майра: Қанатын қағар ақ жолдан,

Болыңдар сендер жаңа ұрпақ.

Жарқыраңдар жұлдыздай

Қарасын жұрт таңырқап.

Аяқтап бүгін мектепті,

Гүлдерге толды қолдарың.

Алыстап бізден кетпекші ,

Сәт-сапар болсын жолдарың.

2- жүргізуші: Балбөбектер де келіп тұр апа -ағалап

Қош аман бол деп тілеп бір саулық саламат,

Дөңгелек дүние келер осылай,

Бұларға енді тапсырсын түлек аманат. (Аманатты тапсыру )

Ендеше келесі оқу жылындағы біздің ізбасарларымыз арасынан оқу озаты, өнегелі ісімен үлгі болар 1-сынып оқушысы Жүсіп Нұртуғанды ортаға шақырып, «Сенім аманатын» табыс етейік! Аманат тапсыру үшін сөз мектеп бітіруші түлек Шертай Данагүлге беріледі.

1- жүргізуші : Жайнаса бал-бұл бүлдіршін

Бір сынып тағы өрлеген.

Түлектер тұйық, кім білсін ?!

Сезім бе қимас кернеген.

Мерейлі топтан алқалы,

Сыр тартып бір көрейік.

Сөз кезегін, ал, кәне,

Балдырғанға берейік.

  1. сынып оқушыларының құттықтау сөзі

1- оқушы: Қыран боп көкке самғаңдар.

Атағың кетсін көп- көпке.

Намысты ту ғып ұстаңдар,

Кір келтірмей мектепке.

2 -оқушы: Сабақта да алдамын,

Кілең «бестік» алғаным,

Сендердей үлкен жігіт боп,

Ер жету-бар арманым.

3 -оқушы: Қиындықтар мойытпасын сендерді,

Батылдық пен асыңдар сан белдерді.

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы іспен қуантыңдар енді елді.

4 -оқушы: Қыран болып ұшыңыз,

Оқуға барып түсіңіз.

Еңбекте көп қуаныш

Елде талай туар іс.

Кемелденген маман боп,

Келіңіздер аман боп.

5 -оқушы: Өнеге үлгі -саналар,

Қамқор боп, бізді мәпелер,

Жолдарың болсын, ағалар!

Жолдарың болсын, әпкелер!

6 -оқушы: Әр түлектің мұндайда

Қобалжиды жүрегі.

Сәттіліктің белгісі-

Бірінші класс тілегі!

Жұлдызай: Балғын жүзбен бізді өзіңе шақырған,

Естіледі жүрегімнен шаттық ән.

Сіздерге тек ақ тілекті тілейміз,

  1. түлектері атынан!

Ән: «Бала тілегі».

2-жүргізуші: Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

Шақырайық вальске түлектерді

Қоштасудың соңғы әнін айтып тұрып.

Түлектердің орындауында қоштасу вальсі.

1-жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің ең толқулы ғажайып сәті енді басталғандай.
Бүгін біздерді 11 жыл бойы шақырған күміс қоңырау соңғы рет соғылмақ!
Күміс қоңырау біздің жадымызда балдай тәтті балалық шақтың мәңгілік белгісі болып қалмақ.

2-жүргізуші: Күміс қоңырау -оқушылық өмірдің ертегідей өлкесінен естелік боп жаңғырмақ. Күміс қоңырау - біздер үшін бүгін ақырғы рет соғылып, балалық шақтан даналық сапарға шығарып салмақ!
1- жүргізуші: Жүрек сыздап жанымызды қинайды
Жүрегіміз лүпілдеп кең дүниеге сыймайды
Еркіндікте, ерлік сенде қалып барады
Қоштасатын сәт жетті, ойлантпасқа қоймайды.

Ән: «Қош бол, мектебім! »

Композиция (кептер-шар ұшыру) Отшашу

1- жүргізуші: Сиқырлы үнін сазды әуен,
Күмбірлеп ескен тағылым.
Сыңғырла соңғы қоңырау,
Өмірдің қағып дабылын.!
Санама құйып сұлулық
Өрлеттің білім шыңына
Сыңғырла соңғы қоңырау
Жол нұсқап болашағыма
2- жүргізуші: Үніңнен алдым күш-қуат,
Өшпейсің мәңгі жадымнан
Сыңғырла соңғы қоңырау,
Кеудеме гүл боп тағылған!
Қияға қанат бітіріп,
Үніңнен ұқтым сырыңды,
Сыңғырла соңғы қоңырау
Самғатып арман құсымды

Қоңырау соғылады («Сыңғырла қоңырау»әні орындалады)

1- жүргізуші: Күз қалып артта, талай қыс пен көктем

Зулап бір өтіп жатқан өмір неткен!

Соғылмақ қоңыраудың күміс үні,

Соңғы рет жүректерді дір еткізген.

«Алақай, мектепке барамын!» арка ұсталынады. Қоңырау ұстаған кішкене екі оқушы арка астынан жүгіріп, айнала қоңырау соғып шығады да, қайтадан ішке кіріп кетеді. Сол кезде «Қош бол, сүйікті мектебім!» атты арка ұсталады. Оның астынан қоңырау ұстаған 8 қыз, 2 ұл мектеп бітіруші түлектер қоңырау ұстап шығады. Музыка әуені жіберіліп, олар түрлі қозғалыстар жасайды.

2- жүргізуші: Толқытып бір сәтке көңілді
Ең соңғы қоңырау соғылды
Жан-жаққа аттандық, достарым
Жасауға өзіміз өмірді.

1- жүргізуші: Ұлағатты ұрпағы бар мақтанар,
Игілікпен ұлы жолға аттанар
Түлектердің келешегі үшін де
Ақ батаңды аямаңыз ақсақал
Бата беру үшін сөз кезегін ауылымыздың ақсақалы Жұбанышбай ата мен Назипа әжеге береміз.
2- жүргізуші: Көгілдір түсті көк байрақ,
Бейбіт дала елесі.
Жалғасын тауып барады,
Өмірдің мына кемесі.

Төрімде тұрдың желбіреп,
Жас толқынға күш беріп.
Ту ұстаудан тынбайық,
Өмірдің жеңіп күресін.

Назар аударыңыздар!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны айтылып, көк байрағы шығарылсын!

  1. жүргізуші: Білім теңіз, шіркін, еркін шарлайтұғын,

Мен өзіңнің көгінде самғайтынмын

Енді, міне, ер жетіп түлек болдық

Кез де келді еңбек етер, талмай тыным.....

  1. жүргізуші: Енді сені күтеді барлық жолдар,

Күтпейді тек мектептің парталары

Кездеседі дауыл да, дабыл да көп

Дамылдама, қаймықпа, қабылда кеп.

1-жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сүйіп өтер көктемің.
«Сәт сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін.
Сіздерге қуаныш, бақыт, шаттық тілейміз!
«Балапан боп келіп ем, алтын ұяға,
Қыран болып ұшып барам қияға!»

атты мектеп бітірушілердің соңғы қоңырау салтанатты жиынын аяқтаймыз!

Дендеріңізге саулық, өмірлеріңізге мол табыс пен шаттық тілейміз!

© 2010-2022