Арулар - асыл жандар (тәрбие сағаты)

Раздел Воспитательная работа
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру. Ана еңбегін еш нәрсемен өлшеуге болмайтынын, түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейтін, сондықтан да барлық ананы, болашақ ана болар қыздарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: гүлдер, шарлар, плакаттар.

Мұғалім: Халқымыз ғасырлар бойы аналарды қастерлеп келген. Сол дәстүр қазір де жалғасуда. Ұрпақ өсіріп жатқан аналарға қалайша риза болмасқа! Бүгін біз дүниедегі ең қымбат , аяулы жан-аналарымызды 8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр , бақытты өмір , отбасыларына қуаныш пен амандық тілей отырып «АРУЛАР- АСЫЛ ЖАНДАР» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.

Балғын шақты біз бақытгы балалар!

1-оқушы: Шуақты көктем келді гүлін алып, Көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі- аналар, Ана деп бас иеді күллі халық. Құтты болсын аналар мерекесі Құшақ жайсын даламның кең өлкесі. Бұл заман бақыт берсін баршаңызға Төнбесін қара бұлттың көлеңкесі. 2-оқушы: Біз ғана емес, Қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар. Ана деген-тіршіліктің тірегі Армысыздар , қасиетті аналар! Тамылжытып сайраса құстар тағы Жүрегіңді толқытса жастар әні Мерекеңіз құтты болсын ұстаз, ана Ертеңгілік қол соғайық басталады.

Хор: Ананың тілі

3-оқушы: Арнада су тасынып

Көзге түскен беттен гүл

Үлкен - кіші асығып,

Күткен мейрам неткен бұл?

4-оқушы:

Жер бусанып,

Көк шығып,

Арықтардан су ақты.

Бүрлеп өсіп көк шыбық

Жұтып жатыр шуақты.

Аналардың мерекесі

Бәрімізді қуантты.

5-оқушы:

Сегізінші наурыз

Келген кезі көктемнің

Босап бақша-бауымыз

Мұз, қар еріп кеткен күн.

6 - оқушы:

Сегізінші наурыз

Күлімсіреп көктен күн

Елге ұсынып сары уыз

Елжіреп нұр төккен күн.

7 - оқушы:

Сегізінші наурыз

Жыл құсы ұшып жеткен күн

Тамшы жерге салып із

Жаңбыр жұпар сепкен

8 - оқушы:

Жоқ ешқандай дауымыз

Мереке ең жайдары

Өйткені бұл наурыз

Аналардың мейрамы. Хор: Құттықтаймын, мама, туған күніңмен. 9-оқушы: Келбетінде ұлылық, Даладан кең пейілі Ана деген-жылылық, Ана деген-мейірім. 10-оқушы: Ақыл құйған санама, Күннен де артық расында. Күн алыста, ал анам, Ылғи менің қасымда. 11- оқушы: Еркелесем, күлімдейтін, Ұрысқаны білінбейтін. Маңдайымнан иіскеп менің, «Құлыншағым, күнім» дейтін. 12-оқушы: Әлемдегі ақылды адам- Бәрінен сол жақын маған! Ол жанымда жүрсе, мен де Батырларша батылданам. 13-оқушы: Жамандықтан сақтандырған, Жақсы ісімді мақтан қылып, Отыратын анашымды, Жүрсем деймін мақтан қылып. Хор: Ақ мамам Мұғалім: Бүгінгі 8-Наурыз -халықаралық әйелдер күні, жылдың басқа мезгілінде болуға қисыны келмейтіндей. Өйткені, көктем секілді, аналар да адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды.

14-оқушы: Ардақты анам, асылым, Теңдігіңді жырлаймын. Жырымның ең асылын Мерекеңе сыйлаймын. 15-оқушы: Мейірімі жел жібек Күндей ыстық құшағы Ет жүрегі елжіреп, Құлыным деп тұрады. 16-оқушы: Тентек болсам ашынып Жақсы іс қылсам, асырып Маған сақтап жүреді, Тәттіні де жасырып. 17-оқушы: Кір түсірмей жағама, Шашымды да тарайсың. Мектебіме барарда Мейірлене қарайсың. 21- оқушы: Бір мініңді көре қалса, Аппақ жүзі қуарады. Сабағыңнан бестік алсаң Біз үшін ол қуанады 22- оқушы: : Өмірге ана-бұлақ,ана-пана, Өмірді өркендетер ана ғана, Өсірген талай көсем, талай шешен Ана! Ол- біздің елге ардақты адам.

Анам менің аялап, әлдилеген

Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген

Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы

Қалайша ұмытамын бал татыған

Анашым алдыңызда қарыздармын

Өтеуден оны ешқашан қарыздармын

Ананың баласына махаббаты

Мәңгілік алаулаған шам-шырағы

Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік эр қадамды.

Ән: Әлдилеп,аялап.

Құтты болсын аналардың мейрамы!

Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!

Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,

Бақыт берсін әр көктемнің айлары!

8 Наурыз қуанышқа бөлесін!

Әкелсінші жаздың жылы елесін!

Барлық халық аман болып елімде

8 Наурызға жете беріңіздер келесі!

Мереке құтты болсын, аналарым,

Мәпелеп,еркелеттің,аяладың

Лебізіңе алғысты айта келе

Ән жырымды қабыл ал аналарым!

Ән:Апатайым

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,

Мерекеден шуақты бір із қалды.

Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,

Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

Дүниеде ең кемеңгер дананы,

Ана табады, аялайды бағады.

Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,

Құрметтейік қасиетті - ананы

Хор: Құттықтаймын мама туған күніңмен!

Қорытынды: Оқушылар аналарына тілектерін айтып, өздерінің жасаған сыйлықтарын ұсынады.

© 2010-2022