Гимнастикалық орындық үстімен жүруге үйрету

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Балбөбек» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Куатова Е.Ж.

Өтілетін күні : 18.02.2016

Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет Дене шынықтыру
Тақырыбы: Еңбектеп жүру.
Мақсаты: 1. Гимнастикалық орындық үстімен жүруге үйрету. 2. Еңбектеп жүруге үйрету арқылы ептілік, шапшаңдық сияқты қасиеттерді дамыту. 3. Допты бастан асырып, екі қолмен лақтыру.
Көрнекіліктер : әр балаға екі текшеден, бала санына қарай орташа көлемдегі доптар (диаметрі 20-25см), гимнастикалық орындық (ұзындығы 2,5-3м, ені 30-25см, биіктігі 25-30см)

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу-ояту

Бағытты өзгертіп, педагогтің соңынан жүгіру. Бөлменің әртүрлі жерлерінде тоқтау (шашырап кету).

Педагог бірінші немесе соңғы болып жүгіріп келеді.

Ұйымдастыру-іздену

1. Текшелермен орындалатынЖДЖ:

Б.қ.: аяғымызды иығымыздың деңгейіне қойып тұрамыз, қолдарымызды екі жаққа созамыз. Шынтақтарымызды бүкпей, қолдарымызды қосамыз, текшелерді бір-біріне соғып ұрамыз, қолдарымызды екі жаққа созамыз.

Б.қ.: етпетінен жатып, қолдарымызды бүгеміз, текшелердіиыққа көтереміз. Қолдарымызды алға қарай созамыз, б.қ. оралу.

Б.қ.:текшелер қолдарымызда, оларды түсіріп тұрамыз. Жартылай отырамыз, еденге текшелерді тигіземіз, тік тұрамыз, қолдарымызды жоғары көтереміз.

Текшелерден екі аяқпен секіру (15-20сек.).

6-7 рет жаттығуларды қайталау.

Жаттығуларды жүргізуші бала орындайды.

Тапсырманы бірінен соң бірі орындайды (2-3рет).

Балалар жаттығуды орындау барысында алға қарайды және жолдың аяғына дейін жүріп өтеді.

Рефлекстік түзету

№45 сабақта орындаған жаттығулар кешенін тексеру.

Балалар ойынды қызығушылықпен орындады.
Балалар жүгіру және тыныс алу жаттығуларын орындайды.

Күтілетін нәтиже: орындайды: еңбектеуді;

түсінеді:гимнастикалық орындық үстімен жүрудің шарттарын;

қолданады: екі қолмен қолдарын басынан асырып, допты лақтыру дағдыларын.



© 2010-2022