Біз бақытты баламыз (концерттік бағдарлама)

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Біз бақытты баламыз

Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

Түрі: концерттік бағдарлама

1-жүргізуші:

Өздеріңмен өлшеусіз нарқым менің,

Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.

Абай орта мектебіне ақ ниетпен,

Қош келдің, айналайын, халқым менің.

2-жүргізуші:

Өлшеулі ар-намыс пен нарқымыздың,

Қорғаны адамдық пен салтымыздың.

Армысыздар аяулы ұстаздарым,

Сенері сіздерсіздер халқымыздың.

1-жүргізуші:

Армысыздар, еліміздің асылдары,

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен жыр, өлең мен күй,

Сіздер үшін өнердің шашулары.

2-жүргізуші:

Тасқындаған табысымды айтамын,

Өнердің біз өшірмейміз май шамын.

Әнші де бар жез таңдай, биш де бар,

Әнші Айгерім бұлбұлдайын сайрасын-деп, мектебіміздің жезтаңдай әншісі, Абидолда Айгерімнің орындауында «Саржайлау» әні.

1-жүргізуші:

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегінде таныстым, мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

«Алға, қазақ жігіттері» әнімен 6-сыныптың «Жігіттер» тобын

ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші

Бақыт келер әрқашанда күреспен,

Бақыт үшін қарт бабалар күрескен.

Бақыт үшін арпалысты әкелер,

Тек бақытқа қол созумен ұл өскен-дегендей,

7-сынып оқушыларының«Атаның сөзі-ақылдың көзі» атты көрінісін тамашалайық.

1-жүргізуші:

Өнерді жанымменен түйсінемін,

Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.

«Қазақ биін» билесін мың бұралып,

Биіменен шашу шашып, бишілерім-деп,

Ортаға 5-сыныптың оқушыларының

орындауында «Қара жорға» биін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалады қанат қақпай-дей отырып,

7-сынып оқушысы Төлеғазы Гүлдананың орындауында «Шалқыма» әні.

1-жүргізуші:

Мектеміздің КТК «Жас қыран КЗ» тобын қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:

6-сынып оқушысы Сайн Жәмиланың орындауында халық әні «Ақбақай».

1-жүргізуші:

Ән мен күйің бұзылмас мақамынан,

Артық пейіл табылмас Отанымнан.

Олжалап орын алу мақсатым бар,

Алдыңғы елу елдің қатарынан- дей келе

10-сынып оқушысы

Сейтқали Мейірімнің орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Көп ұлттың құт дарыған мекеніміз,

Достық күйін мақтаныш етеміз біз.

Бейбітшілік бүгінгі ұранымыз,

Аңсаған мұраттарға жетеміз біз.

6-сынып оқушылары Дәулеткелді Нұртас пен Тұрлығожа Шұғыла «Өзбек биін» қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

5-6-7-сынып оқушыларының орындауында «Асыл айым» бишілер тобын қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:

Келеді жыр сыйлағым, гүл сыйлағым,

Жанымның жайып салып, тылсымдарын.

Махаббат боп маздаған мына ғалам,

Бақытты мектебімнің білсін бәрін-дей келе, 6-сынып оқушысы Төлеғазы Алуаның «Ертегілер» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Ұстазға керек үлкен жүректілік,

Ала алмас беделді ешкім тілеп тұрып.

Шын бедел, ел таңдауы, халық сыйы,

Оны ешкім бере алмайды үлестіріп- демекші, «Ұстазым» әнімен Сағынай Саян.

2-жүргізуші:

Хор: Оқушылардың орындауында

«Қазақ елі»

(Мектеп директоры Исаев Даулен Нұрғалиұлына сөз кезегі беріледі.)

1-жүргізуші:

Қазекем қонақ десе көсіледі,

Мұндайда жан түйіні шешіледі.

Ақ тілеулі, ырыс қой қонақ деген,

Өзімен ала келер несібені. (Қонақтарға сөз)

2-жүргізуші:

Осымен «Біз бақытты баламыз» атты концерттік бағдарламамыз аяқталды.

© 2010-2022