11 сынып. ҰБТ-ата-ана көзімен. .. коучинг

Раздел Воспитательная работа
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

11сынып ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету мақсатында "ҰБТ- ата-ана көзімен" атты коучинг сабағы.

Сабақ түрі: Коучинг сабақ
Сабақтың мақсаты: Ата - аналардың ҰБТ - ге деген көз қарасын анықтап, қорқынышын сейілту. Психологиялық қолдау көрсету.
Қажетті құралдар: ватман қағазы, түрлі - түсті маркерлер, стикерлер, сурет қиындылары, қағазға жазылған сөздер, Арман терегі (салынған сурет)
Сабақ барысы:
Құрметті ата - аналар! «ҰБТ ата - ана көзімен» атты коучинг сабағымызға хош келдіңіздер! Сабағымызды бастамас бұрын сиқырлы қобдиша ішінен сурет бөлшектерін аламыз. Қолымыздағы сурет бөлшектерін біріктіру арқылы топқа бөлінеміз. Бірінші топ қарындаш суреті, екінші топ жапырақтар, үшінші топ гүлдер суретін құрастыруы керек. (пазл) Ендеше топқа бөлініп алдық, енді үстел үстінде тұрған сөздердің ішінен өзімізге ұнаған сөзді таңдап аламыз. Сол сөзге қатысты көршімізге жылы лебізімізді білдіреміз.
«ҰБТ ата - ана көзімен» коучинг сабағымызға 3 топ қатысады және 3 кезеңнен тұрады.

І - кезең. «ҰБТ - ата - ана көзімен» тақырыбында постер қорғау.
ІІ - кезең. Жағдаят шешу.
ІІІ - кезең. Арман терегі.

І - кезең. «ҰБТ - ата - ана көзімен» тақырыбында постер қорғау.
3 топқа ватман қағаздары және түрлі - түсті маркерлер беріледі. Әр топқа өз ойларын ақылдаса отырып қағазға түсіру сұралады. Топқа ойларын ортаға салуға 5 минут уақыт беріледі. Болған топ қал шапалақтайды.

3 топ өкілдері өздерінің постерлерін қорғады.
ІІ - кезең. Жағдаят шешу. Бұл кезеңде үш топқа жағдаят беріледі. Топ бірлесіп жағдаяттан шығу жолдарын іздеп, бір өкіл қорғап шығады.
І топқа жағдаят
ҰБТ. Айтулы күн жақындаған сайын мектеп бітіруші баланың ұйқысы қашып, мазасыздана бастады. Ең алдымен ол мектептің, ата - анасы және өзінің абыройын ойлады. Осыған дейін тер төгіп дайындалған еңбегінің еш кеткенін қаламады. Оның үстіне ата - анасы баласына тым жоғары талап қойып отыр. ҰБТ күні ол төмен ұпай жинады. Баланың ата - анасы ретінде балаға қандай қолдау көрсетесіз. Оның төмен ұпай жинаған себебі?

ІІ - топқа жағдаят
Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал Сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екендігін нақты білесіз. Тәжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде Сіз балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?
ІІІ - топқа жағдаят
Сіздің 16 жасар қызыңыз және 2 жасар ұлыңыз бар. Сіз екі мезгіл жұмыс жасайсыз. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ күтіп тұр. Әдетте, үй шаруасын тыңдырып, баланы да бағатын үлкен қызыңыздың күн тәртібін енді Сіз қалай өзгертесіз? Қызыңызға өз тарапыңыздан қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға дайындалуына қалай жағдай жасайсыз?

Әр топ жағдаяттарды шешті.
Алдарыңызда топтамалар жиынтығы жатыр. Қазір әрқайсысыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-біреулеп аласыз. Сізге ойланбастан сөзді аяқтау қажет. Мүмкіндігінше шынайы болуға тырысыңыздар. Егер топ мүшелеріне жауабыңыз шынайы болып көрінбесе, онда сізге басқа топтаманы алуға тура келеді. Топтама үлгілері:

Шынымды айтсам, ҰБТ туралы ойлансам....

Шынымды айтсам, тест, емтиханға дайындалып жатқанда....

Шынымды айтсам, мен алдағы тест, емтиханда болатын стресті ұмытқанда....

Шынымды айтсам, мен үйге келгенде....

Шынымды айтсам, мен осы алдағы тестке байланысты ата-аналарымның қобалжуын ойдағанда....

Шынымды айтсам, менде бос уақыт болғанда....

Шынымды айтсам, мен көшеде серуендегенде немесе биге барғанда....

Шынымды айтсам, мен қобалжығанда....

Шынымды айтсам, мен ойымды жинақтай алмай жатқанда....

Шынымды айтсам, осы тест туралы естігенде....

Шынымды айтсам, мен консультацияға келгенде....

Шынымды айтсам, мен тренингке қатысқанда....

Талдау:

Ұсынылған сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?

Топ қатысушылары туралы жаңа бір-бір нәрсе білдіңіздер ма?

Сіздің қазіргі сәттегі өмірлік маңызды мақсаттарыңызға қандай?

ІІІ - кезең. Арман терегі.
«Арман терегі» бейнеленген плакат ілінеді. Әрбір ата - ана өз баласына деген жылы лебізін, арман тілектерін стикерге жазып, «Арман терегіне» іледі.

Сабағымыздың соңында Ж. Ж. Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» - деген сөзін ескере отырып, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық дегім келеді.

« ҰБТ- да жетістікке жетейік!»

(« Біз дәуірдің түлегіміз» әнінің әуенімен )

1. Арман, мақсат бір болған соң тілегіміз,

Ұбт-деп бірге соққан жүрегіміз.

Білім болған бастау алар тірегіміз.

әннен шашу шашайық.

Қайырмасы;

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз,

Бәріміз де дайым,

Көрмей қайғы- уайым,

Ұбт-дан жетістікке жетейік.

2. Жанымызға сенімділік серік болсын,

Бірлігіміз әрқашанда берік болсын,

Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,

Асулардан асайық.

Қайырмасы;

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз,

Бәріміз де дайым,

Көрмей қайғы- уайым,

Ұбт-дан жетістікке жетейік.

Қорытынды сөз:

Мұғалім міне, балалар кішкене болса да көңілдерің көтеріліп бір-бірімен табысып жақсы танысып кімге қалай сөйлеу керектігін біліп алдыңдар. Сендерді мен ҰБТ кезінде өздеріңді қалай ұстау керектігін біліп алсын, қағидаларды сақтап бір-біріңе мейірімді, кішіпейіл бола біліңдер. Үлкен табыстарға биіктерден көрініңдер. Жұлдыздарың жанып тұрсын. Келешекте тәуелсіз еліміздің дамуына өзіндік үлес қосатын азамат болатындарыңызға сенім артамыз.













Шынымды айтсам, ҰБТ туралы ойлансам....

Шынымды айтсам, тест, емтиханға дайындалып жатқанда....

Шынымды айтсам, мен үйге келгенде....

Шынымды айтсам, мен осы алдағы тестке байланысты ата-аналарымның қобалжуын ойдағанда....

Шынымды айтсам, менде бос уақыт болғанда....

Шынымды айтсам, мен көшеде серуендегенде немесе биге барғанда....

Шынымды айтсам, мен қобалжығанда....

Шынымды айтсам, мен ойымды жинақтай алмай жатқанда....

Шынымды айтсам, осы тест туралы естігенде....

Шынымды айтсам, мен консультацияға келгенде....

Шынымды айтсам, мен тренингке қатысқанда....


© 2010-2022