Біз қазақ тілін сүйеміз

Раздел Воспитательная работа
Класс 4 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№1 Чкалов орта мектебі




Сайыс







«Біз қазақ тілін сүйеміз»





Өткізген: қазақ тілі мұғалімі

Магзеева Гүлнария Балғамбековна



2016 жыл






Мұғалім: Құрметті мұғалімдер, оқушылар!

Біздің сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Республикамыздың мемлекеттік тілі- қазақ тілі құрметіне

арналған «Біз қазақ тілін сүйеміз» сайысын бастаймыз.

Мадина:

Қазақ тілі жол ашты,

Халықты танып білуге.

Достарды жаңа танытты

Қол созатын білімге!

Саша:

Мектеп-біздің анамыз,

Білім,тәлім аламыз.

Дима:

Терген білім жемісін,

Біздер жас ұланбыз.

Дильназ:

Керек болса ел үшін,

Ел қорғауға барамыз.

Бәрі

Асыға күткен бәріміз,

Келді сайыс күніміз.

Мұғалім: Ортаға сайысқа қатысатын оқушыларды қарсы алайық!

Біздің құрметті әділқазыларымыз: Қалтаева Айым Сералықызы

Алибаева Рауза Мажкеновна

Әр топ өзін таңыстырады.

1-топ. Топтың аты-« Азамат».

Біз Отанға адалмыз,

Отанымызды сүйеміз.

Жеңіскер боп өсеміз,

Азамат боп өсеміз.

Мұғалім: Бұл топтың капитаны Ливицкий Дима

Әр сөзінде құпиялы бір сыр бар,

Сұлтаннан төгілетін бір жыр бар.

2-топ. Біздің топтың аты-«Жұлдыз»

Оймен шолып барлығын,

Терендерге бойлаймыз.

Еліміздің тағдырын ,

Осы бастан ойлаймыз.

Мұғалім: «Жұлдыз» тобының капитаны Бекберген Мадина

Ұстаз сөзін көкірегіне түйген қыз,

Мадина- шапшаң, тапқыр, алғыр қыз.

Мұғалім:

1-тапсырма. « Мені танисың ба ?» ойыны.

Ойыншыларға қарсы қай әріп түссе , сол әріп кездесетін сөз айтылуы керек.(4 сөз)

2-тапсырма. «Қос тіл-қос қанатың» аударма ойыны.

Екі топтың ойыншылары шығып, орыс тілінде 4 сөзден айтады ,

олар қазақшаға аударуы тиіс.

-------------------------------------------------

Мұғалім: Кел, балалар!

Бір мезет ой тыңдайық,

Тіл безеп,жаңылтпаштар айтайық.

3-тапсырма. « Мықты болсаң, жаңылдырып көр!» жаңылтпаш сайыс ойыны.

Әр топ ойыншысы қарсыласының жаңылтпашын қателеспей , тез айтып беруі керек.

--------------------------------------------------

Мұғалім . 4 сынып оқушылары «Ақ мамам» әнін айтады.

4-тапсырма. «Ойлан,тап» ойыны.

Ребус түрінде берілген мақал-мәтелдерді оқу.

5-тапсырма.Сөзге фонетикалық талдау жасау.

6-тапсырма. Капитандар сайысы.»Жаңылтпаштар» деген сөзден жаңа сөздер құрау.

7-тапсырма. «шешендік» мақал-мәтелдер сайысы.

Бірінші жолын мұғалім айтады, соның сайыскерлер толықтырады.

1. Мектеп-кеме, 3.Отансыз адам- ормансыз бұлбұл

Білім-(теңіз). 4.Бірінші байлық-денсаулық

2. Білім-гауһар

Бағасы жоқ.

Надандық-(кесел)

Дауасы жоқ.

Мұғалім: «Ең тәтті дүние»-көрініс

8-тапсырма.Сурет бойынша көмекші есімдерді пайдаланып сөйлемдер құрастыру.

9-тапсырма. Сөзжұмбақ шешу.

10. -тапсырма .үйге берілген тапсырма. Қазақтың ұлттық тағамы.

11.ойын. «Бәйге» . Жауап нақты , әрі тез болуы керек. Қай оқушы қолындағы жалаушасын бірінші көтерсе, сол оқушы бірінші жауап береді. Бір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1. Аптаның үшінші күні.

2. Қазақстан қандай мемлекет?

3. Көптік жалғаулары.

4. Жаз айлары.

5. Қазақстан Республикасының Президенті.

6. Барыс септігінің жалғаулары.

7. Бір жылда неше ай бар?

8. «тәуелсіздік» сөзінің аудармасы.

9. Қазақ тілінде неше септік бар?

10. Қазақстан Республикасының рәміздері.

11. Жіңішке дауысты дыбыстар.

12. Дәрігер не істейді?

13. «крокодил» сөзінің аудармасы.

14. Көктем айлары

15. Жалғауларды ата.

16.Қазақстан Республикасының астанасы.

17. 22 Наурыз қандай мереке?

18. Абайдың шын аты?

19. Орыс тілінде неше септік бар?

20. Көктемнің алғашқы гүлі.

Мұғалім: Оқушылар қазақтың ұлттық ойыны «ақ терек пен көк терек» ойынын көрсетеді.

Мұғалім: Әділқазыларға сөз береміз.








© 2010-2022