Тәрбие сағатының жоспарыӘдепті бала-арлы бала (2 класс)

Раздел Воспитательная работа
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдепті бала - арлы бала

Сабақтың мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке үйрету. Әдеп пен сыпайлық арқылы жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлыығын, таным белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау

Көрнекілігі: әр түрлі суреттер, тақырып, мақалдар жазылған плакаттар, «құпия хаттар», ойын сөздері.

Сабақтың барысы:

І. Шаттық шеңбері

Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады.

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тындаса,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

Мұғалім: Балалар, өздерің түсінгендей, бүгінгі сабақта біз әдептілік туралы сөз етпекпіз.

Сұрақ:

  • Әдептілік дегеніміз не? /Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі/

  • Әдепті бала қандай деп ойлайсың?

  • Әдепті бала болғың келе ме?

  • Әдепсіз дегенді қалай түсінесің?

  • Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Мұғалім: Сонда адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылық пен адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті, инабаттылықты үлкендер үйретеді. Бойымызға анамыздың ақ сүтімен, анамыздың тілімен дариды. Біз оны түсініп, ата-баба салт, әдеттерін үйренуге тырысамыз. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Басқалармен қарым-қатынас жасағанда әдеп пен ақылды ұмытпайды. Осы орайда, Абай атамыз «Адам болам десеңіз» деп нені айтты?

-Балалар, әдептілік туралы сендер не айтар едіңдер? Оқушылардың тақпақтары.

Тәрбие сағатының жоспарыӘдепті бала-арлы бала (2 класс)Тәрбие сағатының жоспарыӘдепті бала-арлы бала (2 класс)

Тәрбие сағатының жоспарыӘдепті бала-арлы бала (2 класс)

І. «Сәлем - сөздің анасы».

- Бүгінгі сабағымызда сиқырлы қорабымыз бар. Сырты қандай әдемі болса, іші де сондай сиқырлы. Қанеки, сиқырлы қорабымызға қолымызды салып көрейікші, сиқырлы қорап бізге не ұсынар екен?

(Сиқырлы қорапта сұрақ-тапсырмалары және оның жауаптары болады).

Сұрақ (қораптан алынады): Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер?

Жауаптары: Ассалаумағалейкум!, Уағалейкүмассалам!, Сәлеметсіз бе?, Аман-саусыз ба?, Аман-есенсіз бе!

- Дұрыс, олай болса , қазір осындай өлең жолдарын хормен оқимыз.

Көшелерден біз өткен,

Ата көрсем, жақын кеп.

Сәлем берем ізетпен,

Ассалаумағалейкүм!

Алдан әже жолықса,

Бөгелем кеп әдейілеп.

Сәлем берсем сол тұста,

Есенсіз бе, әжей!

ІІ. Сиқырлы қораптағы тапсырмаларды орындау: (Бұл тапсырманы орындау үшін маған үш бала қажет болады)

1. Айдос пен Марат сыныпта қатар отырады. Мараттың қаламы үйде қалып қойған. Ал Айдостың алдында екі қалам тұр. Марат үндеместен Айдостың бір қаламын алды да жаза бастады. Мараттың не істегені дұрыс еді? (Рұқсат па?, Алуға бола ма?)

2. Айнұрдың кітабы қолынан жерге түсіп кетті. Оны көріп тұрған Бекжан жүгіріп келіп кітапты көтеріп, Айнұрдың қолына ұстатты. Айнұр үнднместен кетіп қалды. Айнүр не деп айтуды ұмытты? (Рақмет).

3. Қанат жүгіріп келе жатып, партада тұрған Қайраттың кітабын жерге түсірді. Ол үндемей жүгіре жөнелді. Қанаттың орнында болсаңдар, не істер едіңдер? (Кешіріңіз!)

ІІІ. Суреттер бойынша адамгершілік, сыпайылық, әдептілік жайында әңгімелету.

«Үлкенді құрметтеу», «Кішіге қамқорлық», «Автобус ішіндегі бала», т.б.

Тәрбие сағатының жоспарыӘдепті бала-арлы бала (2 класс)

Тәрбие сағатының жоспарыӘдепті бала-арлы бала (2 класс)

ІV. «Жалғастыр» ойынын ойнату.

«Не істеуге болмайды?» Мұғалім бастапқы сөзін айтып, оқушы ойланып жалғастыруы керек.

  • Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.

  • Кішкене баланы жылатуға болмайды.

  • Құстарды атуға болмайды.

  • Сабақтан кешігуге болмайды.

  • Сыныпта айғайлауға болмайды.

«Не істеу керек?»

  • Үлкен кісіні сыйлау керек.

  • Үлкеннің тілін алу керек.

  • Үлкендерге сәлем беру керек.

  • Оқу құралдарды күтіп ұстау керек.

Балаларға «Рақмет, ата!» әңгімесін оқып беру.

  • Гүлнардың бойынан қандай қасиеттерді аңғаруға болады?

  • «Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет» дегенді қалай түсінесің?

  • Өз достарыңа, туыстарына және жақын адамдарына қандай құрмет көрсетесің?

Өзге жасаған ізетің-

өзіңе жасаған құрметің.

Халық даналығы

Қорытынды.

Сонымен, балалар, біз бүгін не туралы әңгімелеп, тақпақ айтыңдар? Әдептіліктің ең бірінші белгісі не?

Жаман әдеттен аулақ болып, әдепті бала болыңдар. Тәрбие сағатын осы өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Асылзат

Сыйла үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдет қыл бұл ісінді,

Сонда ғана

Әдепті бала боласың!

Мақал - мәтелдер

* Акылсыз атқа мінсе,
Атасын басып кете жаздайды.

* Сиыр сипағанды білмейді,
Жаман силағанды білмейді

Біреуге ор қазба, өзін түсерсің

* Жақсы болса алғанын,
Үйінен кісі кетпейді.
Жаман болса алғанын,
Шын досын да шеттейді.

* Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі.*

* Әдепті келін ауылдың көркі.







© 2010-2022