ЖАксы мен жаман ( открытый урок)

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ортаңғы «Құлыншақ» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Тәрбиеші:Әлімханова.А.Қ

Ортаңғы топ: «Құлыншақ»

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Кіші сала:«Көркем әдебиет»

Тақырыбы: В. В. Маяковский «Жақсы деген немене, жаман деген немене?»

Мақсаты:1 Балаларды жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету.Жақсы, жаман туралы түсінік беру.

2Жақсы , жаманды салыстыра білу іскеріктерін дамыту. Өлеңді тыңдай білуге, мазмұнын айтуға дағдыландыру. Сөздік қорларын молайтып , сөйлеу қабілетін дамыту.

3 Жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Интерактивтітақта, үнтаспа, үлестірмелі материалдар / жақсы, жаман іс әрекет бейнелері/ игравизор т.б

Сөздік жұмыс : Бөбек , лас.

Әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап

Билингвальдік компоненті:Әке- отец- father. Бала- ребенок- children.Жақсы- хорошо- good . Жаман- плохо- bad

Іс-әрікет кезені

Тәрбиешінің қызметі

Балалардын іс-әрікеті

Дәлелдеп талаптану

-Балалар, сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?

Жұмбақты мұқият тыңдандар.

Ертемен күнде сен,

Қолыңа сүйкесең.

Кетіп кір ласың,

Тап- таза боласың. Бұл не?

Шомылған баланы ,

Аймалап алады.

Сипайды қолыңды,

Сипайды денеңді. Бұл не?

Дұрыс айтасыңдар. Бұл жұмбақтардың шешуі сабын мен сүлгі тазалық құралы.

Таза жүрген жақсы іс- әрекет пе әлде жаман іс -әрекет пе?

- Иа.

Балалар оқыған жұмбақты тыңдап ,жауап береді.

Сабын.


-Сүлгі


-Таза жүрген жақсы іс- әрекет

Ұйымдастыру кезеңі

Орыс халқының ақыны В.В.Маяковский сендер тәрізді бүлдіршіндерге арнап тәрбиелі өнегелі бірнеше өлеңдер жазған.

Интерактивті тақтадан ақынның суретін көрсетіп таныстыру.

Біз бүгін осы кісінің өлеңімен таныса отырып «жақсы деген не?», «жаман деген не?» сұрақтары төңірегінде жақсы әрекеттер жасау,жақсыдан үйрену, жаманнан жирену қажет екендігі жайында айтамыз.Үнтаспадан Владимир Владимирович Маяковскийдің шығармасын қазақ тілінде мұқият тыңдалық?

Жақсы деген немене, жаман деген немене?

В. В. Маяковский

Бөбек келіп әкеге,

Қойды алдына мәселе.

-Жақсы деген немене?

-Жаман деген немене?

-Аналайын бөбегім,

Мәнін айтып берейін.

Осы берген жауапты ,

Кітапша етіп берейін.

Міне, тағы бір жаман,

Көйлегі лас боялып,

Аузы басы ластанып.

Жақсы , міне азамат, -

Бетін жуса сабындап,

Тісін жуса сабындап.

Міне, үлгілі бала деп

Кітапқа оны жазады.


  • Әкесі жақсы бала деп қандай баланы айтты?


-Әкесі жаман бала деп қандай баланы айтты?

  • Қандай жақсы, жаман іс-әрекеттерді білесіңдер?



  • Жақсылық немесе жамандық жайында тақпақтар білесіңдер ме?




Үш тілдік компонент:

Әке- отец- father. Бала- ребенок- children.Жақсы- хорошо- good . Жаман- плохо- bad

Сөздік жұмыс

«Бөбек» деген сөз «бала» деген мағынаны білдіреді.

«Лас» деген сөз«кір, таза емес» деген мағынаны білдіреді .

Сергіту сәті. «Жақсы мен жаман»

Шарты: Айтылған сөз жақсы іс-әрекет болса қол шапалақтайды, жаман болса аяқтарын тарсылдатады.

Досыма көмектеспеймін.

Әкемнің айтқаның тыңдаймын.

Үлкенді тыңдамаймын.

Нанды шашпаймын, аяғыммен баспаймын.

Ағаштың бұтағын сындырамын.

Ойыншығымды ешкімге бермеймін.

Үлкен кісілерге жол беремін.

Анама ренжіп сөздер айтамын.

Кішкентай балаға тиіспеймін, ойнатамын.

Бас киімді доп қыламын.

Достарыммен төбелесемін.

Тамақ ішер алдында қолымды сабындап жуамын.

Игравизормен жұмыс:

Жақсы іс - әрекетті қызыл түспен , жаман іс әрекетті көк түспен бояу





Балалар, үнтаспадан В. Маяковскийдің шығармасын мұқият тыңдайды.





  • Әкесі жақсы бала деп көйлегі таза, беті қолын сабындап жуып таза жүретін баланы айтты.

  • Жаман бала деп үсті басы кір, жуынбайтын баланы айтты.

  • Үлкенді сыйлау, орын беру, амандасу жақы іс- әрекет.

Әлихан:

Сәлеметсіз бе апай деп, Сәлеметсіз бе ағай деп.

Ұл- қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Амина:

Нанды үгітпе, қадірле,

Қабығымен бәрін же.

Саусағыңмен сормағын,

Салдыр салақ болмағын.

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға.

Ертемен ақ пейілмен,

Қайырлы таң деймін мен.



Сергіту сәті.

«Жақсы мен жаман»

Аяқтарын тарсылдатады.

Қолдарын шапалақтайды


Аяқтарын тарсылдатады....



Жақсы іс - әрекетті қызыл түспен , жаман іс әрекетті көк түспен бойайды.

Рефлекстік түзету.

Интерактивті тақтаны қолдана отырып сұрақ- жауап әдісімен өлеңнің мазмұнын айтқызып,

оқу іс -әрекетің қорытындылаймын.

-Балалар,бүгін біз қандай шығармамен таныстық?

-Авторы кім?


  • Әкесі жақсы бала деп қандай баланы айтты?

-Әкесі жаман бала деп қандай баланы айтты?


-Жарайсындар,балалар!Тамаша бүгінгі оқу іс-әрекетіне белсене қатыстыңдар.

Жақсы атсалысқан балаларды мадақтау.

Балалар тапсырманы орындайды.

-«Жақсы деген немене, жаман деген немене»

- Владимир Владимирович Маяковский

-Әкесі жақсы бала деп көйлегі таза, беті қолын сабындап жуып,

таза жүретін баланы айтты.

  • Жаман бала деп

үсті басы кір, жуынбайтын баланы айтты.


Күту нәтижесі:

Ұғынады:Жақсы мен жаманды салыстыруды, ажыратуды ұғынады.

Түсінеді:Жақсы істер мен әрекеттерді жасауды түсінеді.

Қолданады: Өлеңді тыңдап, сол өлеңді мазмұндай білу іскерліктерін


© 2010-2022