Әңгіме Отаным-алтын бесігім шағын орталығы

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Отаным - алтын бесігім»
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылар өзінің елін, жерін, тарихын сүю арқылы қазақстандық патриоттық сезімге тәрбиелеу. 2. Оқушыларды өз Отанын, елін, жерін қорғауға және сүюге баулу, ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігіне қосқан үлестерін үлгі, өнеге ету.
Сабақтың әдісі: Әңгіме
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы, еліміздің рәміздері, Шәкәрім Құдайбердиев, Абай Құнанбаев, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин суреттері.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Мемлекеттік Әнұран айтылады.
Тәрбиеші: Отан, Отан
Сен болмасаң не етер ем?
Мәңгілік бақытсыз боп өтер ем!
Өмірден бұл өксуменен кетер ем,-
Байқайсың ба, байтақ далам қалай паң,
Өң бойыңнан өзгеше бір тарайды ән!
Ән салдырып, тамсандырып әлемді
Аппақ сүттей келеді атып арай таң -
Дегендей, Егемендігін бүкіл әлемге паш еткен халқымыз бүгінгі таңда тәуелсіз елдің туы астында өмір сүріп жатыр.
Балалар « Елім менің» әнін орындайды..
1-бала:Ең бірінші байлығым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса - мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
2-бала: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.
Өз тілімдей тіл қайда еркін басар,
Тілім барда еркіме кім таласар!?
Туған тілім күрмеліп әлсіресе,
Ыстық қаным суынып, сиқым қашар.
3-бала:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді.
Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Әнұраным бүгінгі -
Баға жетпес асыл ән.
Тәрбиеші: - Әнұран туралы не айтасыңдар? Туы, Елтаңба жөнінде......
4-бала: Қазақстан Республикасының Әнұраны - бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етеді. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.
5-бала: Мемлекеттік Ту 1992 жылы маусым айының 4 - жұлдызында қабылданып, 6 - маусым күні күшіне енді. Тудың ортасына шұғылалы күн, оның астына қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков. Ол егемен еліміздің, қазақ халқының ұлттық туы.
6-бала: Елтаңбаның архитекторы Жандарбек Мәлібеков, Шот - Аман Уәлиханов. Көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай - ақ аңызға айналған пырақ пен Қазақстан деген жазуы бар.
«Менің Қазақстаным» әні хормен орындалады.
Қорытынды: Өз отанымыз Қазақстанды болашақта гүлденген, дамыған елдердің қатарына қосу үшін, үлгілі, тәртіпті болу, үлкенді сыйлау, іздену мен талаптану мақсатын ұстануымыз керек.









© 2010-2022