Тәрбие сағаты ( 1 класс)

Раздел Воспитательная работа
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: « Аналарға мың алғыс! »

Сабақтың мақсаты: Аналарды, әжелерді, қыздарды халықаралық 8- наурыз мерекесімен құттықтау; жанұядағы ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту. Баланың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту;анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, шарлар.

Сабақтың барысы:

Мерекелік көңіл-күйді білдіру мақсатымен.

«Гүлдер» презентациясын музыкамен қосу.

Мұғалім сөзі:

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің, аналардың, қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз. Бүгінде ұрпақ өсіруімен қатар, ел еңсесін көтеруде өз үлестерін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке болса да лайық.

Қарға тамырлы халқымыз әрқашанда нәзік жанды әйел затын қастерлеген, шаңырақтың ұйытқысына, ырыс пен ынтымақтың алтын дінгегіне балаған.

Ана - барлық өмірдің бастауы Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам. Ана - құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы аналар!Сіздерге мықты денсаулық,балаларыңыздың қызығымен қуанышына бөленіңіздер!

Ән : «Ақ мамам»

  1. :

Сендерде өскен балалар,

Батырлар мен даналар,

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті аналар!

  1. :

Бәрімізге анасын

Біз үшін күн боп жанасың,

- Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым!

  1. :

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз!

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

(Әжелерге,аналарға тілектер жазылған ашық хат сыйлау.)

  1. :

Әлпештеген баласын,

Ана-бақыт, ана-күн,

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасы

  1. :

Ерлік, еңбек атқарған,

Еңбегімен мақтанған,

Ел сенімін ақтаған

Айналайын ақ мамам!

  1. :

Бізді өсіріп, баптаған,

Жақсы болсақ, шаттанған.

«Алтыным!» деп мақтаған,

Айналайын ақ мамам!

Барлығы бірге:

Ана-біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!

«Нұрын төккен маған» әнін орындау.

(Аналарға сыйлықтар беру.)

  1. :

Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп -ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз!

Би: «Попури»

Аналарға тосын сый. (Жанұядағы ана мен баланың қарым-қатынасын нығайту мақсатымен видео көрсету. Әр бала өзінің анасы туралы айтып, тілек тілейді)»Әр жүректен бір тілек» Аналарға тілектерін білдіру)

Мереке ойындармен жалғасады:

1. Топтарға бөліп, әр топтан бір ана шығады, өзін айнаға қарап мақтайды.

2. Көзін байлап өз баласын мұрнына табады.

3. Балалардың көзін байлап аналарды қолынан табады.

4. Балаларға арналған сұрақтар «Сен білесің бе?»

- Нағашы деген кім?

- Нағашы атаңның аты кім?

- Нағашы апаңның аты кім?

- Анаң бос уақытында не істейді?

- Анаң қандай гүлдерді жақсы көреді?

- Анаң қандай түсті жақсы көреді?

- Анаң саған не берді?

- Ананың көңілі балада

Баланың көңілі ....

- Бақыт деген сен үшін не?

Өлеңді жалғастыр:

Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің, ...... (жалғастыр)

«Құлыншағым, күнім дейтін.» Ф. Оңғарсынова

- Дүниеде не тәтті? - Ананың сүті ( Жиренше шешеннің сұрақтары)

- Ал жұмсақта не жұмсақ?-Ананың қолы

Ән: «Әжеме» хормен.

Қорытындылау.

Осымен мерекелік іс-шарамыз аяқталды.

Мерекелеріңіз құтты болсын құрметті аналар, әжелер , қыздар!






© 2010-2022