Ғашықтар күніне арналған сценарий

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Таусылмайтын әңгіме: Махаббат - мәңгі ертегі»

Мақсаты: Жоғары сынып оқушыларының түстен кейінгі бос уақыттарын тиімді өткізу. Концерттік бағдарламалар арқылы балаларды ұйымшылдыққа, шығармашылыққа баулу.

Көрнекіліктері: Плакат, шарлар, слайд.


Барысы:

І - жүргізуші: Махаббат қырдың қызыл түлкісі дер,

Махаббат біреулердің күлкісі дер.

Махаббат жүректерді жаулап алған,

Махаббатты өмірде кім түсінер?

ІІ- жүргізуші: Құрметті, жиылған қауым!

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,

Қош келдіңіз, көрермен, сергісін бой.

«Таусылмайтын әңгіме: Махаббат - мәңгі ертегі» атты сауық кешімізге келген, көрермендер, армысыздар?!

І- жүргізуші: Кешегі күн жалғасып бүгінменен,

Уақыт зырлап барады дүбірменен.

Дүбірдің дүмпуімен дүниедегі,

Бұл өмірдің өткені білінбеген.

ІІ- жүргізуші: Болмасаң да маған серік, маған жар,

Сені ойлап көңіл әр кез алаңдар.

Ай бетіне салдым аппақ бейнеңді

Таптап кетіп жүрмесін деп табандар.

Би: Қадырова Динараның орындауындағы үнді биін қабыл алыңыздар

І- жүргізуші: Құс боп ұшып жоғалсам не етер едің?

ІІ- жүргізуші: Сені іздеумен мәңгілік өтер едім!

І- жүргізуші: Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

ІІ- жүргізуші: Жел боп қуып, ақыры жетер едім!

І- жүргізуші: Отқа түсіп өртенсем не етер едің?

ІІ- жүргізуші: Күл боп бірге соңыңнан кетер едім!

І- жүргізуші: Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

ІІ- жүргізуші: Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін!!!

І- жүргізуші: О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?

Көзімнен ғайып болған күнім едің.

Гүлім едің,

Елтіген түнім едің,

О, махаббат, сен әлі тірі ме едің???

ІІ- жүргізуші: Иә, махаббат - біреуге қуаныш, екіншісіне жұбаныш болған ұлы сезім ғой, шіркін...

І- жүргізуші: Махаббат демекші, Айназ, мен саған осы тақырыпта бір жаңалық айтып берсем...

ІІ- жүргізуші: Иә... Иә...

І- жүргізуші: Вэн Чанлинь мен Чжан Фэн алғаш рет Вэн қыздың науқас әкесіне күтім жасап жүргенде таныс болатын. Ол Қытай деревнясындағы танымал емші еді. Ол кезде оның жасы 60-та, ал Чжан 15-те ғана болған.

ІІ- жүргізуші: Емші қыздың әкесін емдеп жүрген кезде қызға қандай да бір қызығушылық танытқан емес, үнемі алыстан сөйлесетін. Ал әкесі қайтыс болысымен бойжеткен Вэнге өзінің ғашық екенін жеткізіп, үйленейік деп жалынып жалбарынады.

І- жүргізуші: Ол кезде бойжеткен 27-де, болашақ күйеу 72-де еді. Көп ойланбастан Вэн келісім береді. Бұл жұптың Тиан есімді ұлдары дүниеге келіпті жуырда...

ІІ- жүргізуші: Чжан мен Вэн бір-бірін шын жақсы көріп, бақытты өмір сүруде деседі.

І- жүргізуші: Иәәә... Тылсым дүниенің ғажайыптары таусылған ба?! Жаратқанда ұлт жоқ, махаббатта шек жоқ деген бар емес пе?!

Музыкалық үзіліс: _______________________________________________

І- жүргізуші: Махаббат - биік шыңы сезімдердің,

Мен бүгін түні бойы көз ілмедім.

Махаббат па, балалық па, білмедім,

Бір уыс жүрегіммен сезінгенім.

ІІ- жүргізуші: Балайды біреулері өтпеліге,

Расымен де сезімім өтпелі ме?

Бәлкім бұл балалықтың легі болар,

Немесе менің де бой жеткенім бе?

І- жүргізуші: «Ғашығыңмен бір билеші» - дейді досым,

Көріп алып үнділердің киносын.

Әзілдеуін доғармас осы адамдар,

Жағдай орнап жатса-дағы бір тосын.

ІІ- жүргізуші: Тағы да бір танысыма жүгіндім:

«Бір кездері абайсызда сүріндім.

Аңдап басқай әр қадамды, болмаса

Кейіндері өкіндірер бұрынғың...»

І- жүргізуші: Танысымның тамаша бұл жауабы,

Жақсы істердің мол болады сауабы.

Шынымен де ғашық болып қалсам мен,

Жас жүрегім анық іштен тынары.

ІІ- жүргізуші: Қыздың жолы жіңішке ғой қашан да,

Жеткізе алмай жан сырымды сол жанға.

Тынарым хақ ішімнен, иа болмаса,

Тағдыр басқа салғанынан қашам ба?!

Ән: _______________________________________________________

КВН:

І - ойыншы: Бір қыз әруақтардан қатты қорқады екен. Бір күні дискотекадан қайтып келе жатып, түнде зираттардың ортасымен өтіп келе жатса, бір жігіт шығып:

  • Қарындас, ренжімесеңіз мен сізді өткізіп жіберейін, - депті. Қыз келіседі. Жігіт зираттардан өткенше қызға неше түрлі анекдоттар айтып күлдіріп, қорыққанын ұмыттырып жіберіпті. Өтіп болған соң қыз:

  • Рахмет сізге! Қорыққанымды ұмыттырдыңыз, өзіңіз бір комик кісі екенсіз, - десе жігіт:

  • Ой бұл ештеңе емес қой... Мен тірі кезімде вообще комик болғам,-депті...

ІІ - ойыншы: Бір күні аңдар жиналысы болып жатса, бір тышқан қ-а-ш-ы-ң-д-а-р, қ-а-ш-ы-ң-д-а-р деп айғайлап жүгіріп келе жатса, аңдар қашып кетіпті. Намысқа тырысып, арыстан қорыққаннан дір-дір етіп:

  • Не болды? - деп сұраса,

  • Папам мас, ұстап алса өлтіреді, - депті...

ІІІ - ойыншы: Асабаларымыз апталап үйге қонбай кетеді екен. Сондай бір асабаның кішкене баласы біркүні анасына:

  • Мама, біздің үйдегі домбыра шертетін ағай қайда кеткен? - деген екен...

Музыкалық үзіліс: ____________________________________________

І- жүргізуші: Қымбатты, достар! Келесі кезекті логикалық сұрақтарға берсек...

ІІ- жүргізуші: Қойылған сұрақтарға кімде-кім дұрыс жауап берсе, сый-сыяпатымыз бар...

І- жүргізуші: Сонымен, алғашқы сұрағымыз: Қазақстан мен Қытайдың арасында не бар? (мен)

ІІ- жүргізуші: Ти десем тимейді, тиме десем тиеді... (қырсық қыздар)

І- жүргізуші: Қашсаң қуады, қусаң қашады... (кәндек иттер)

ІІ- жүргізуші: Ненің көлеңкесі болмайды? (көлеңкенің)

І- жүргізуші: Қап-қара, төртбұрышты. Ол не? (жұмыртқа)

Неге қап-қара, төртбұрышты деп ойлайтын шығарсыздар... Өйткені, мен әппақ, сопақ десем бірден тауып алар едіңіздер ғой...

ІІ- жүргізуші: Русалка балық па, қыз ба? (бас жағы қыз, аяқ жағы балық)

І- жүргізуші: Тауық бірінші пайда болды ма, жұмыртқа ма? (оның жауабын ешкім таппаған екен)

Музыкалық үзіліс: ____________________________________________

ІІ- жүргізуші: Демеңіздер өнерін аяп қалды,

Уақыт та біраз жерге таяп қалды.

Жиылған жұрт, рұқсат болса егер,

Концертіміз осымен аяқталды.

І- жүргізуші: Уақыт бөліп, кешімізге қонақ болғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Соңынан би кеші...



© 2010-2022