Сценарий Кітапханаға саяхат

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазығұрт ауданы Амангелді атындағы жалпы орта мектебі


Кітапханаға саяхат

Сабақтың мақсаты: Балалардың ой өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықтарын күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап , әңгіме.

Көрнекілігі: Кітап көрмелер , «Бес арыс», «Үш бәйтерек» және Қазақ билерінің кітаптары суреттері және «Ертегілер елінде» атты кітап көрмесі.

1. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды түгелдеу.

ә) Кітап көрмелері мен таныстыру.

б) Қызықты кітаптар ұсыну.

Мұғалім

1. Біздің мектеп кітапханасында кім жұмыс істейді?

2. Ол кісі сендерге не береді, қандай кітаптарды береді?

3. Сендер қандай кітаптарды оқисыңдар?

2. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Алдыңғы сабақта біз мектеп кітапханасы туралы өткен болсақ, ал бүгін біз сендермен кітапханаға саяхат жасаймыз. Саяхат жасауды біз бәріміз жақсы көреміз ғой.

Кітапханашы: Білесің бе, кітап білім ұясын,

Оқып оны өмірге азық жиясың,

Оқып- біліп, зерттеп кіріп санаға

Терең білім, ой маржанын құясың. Кітап-рухани азық. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Ертегі, әңгімелер мен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.

Кітапханашы: Кітапты шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді. Біз оны қалай ұстауымыз қажет?

Кітапты жыртпай кірлетпей , бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп оқу керек.

Алғаш қазақ даласында мектеп ашқан, қазақ балаларына арнап

«Әліппе» жазған Ахмет Байтұрсынов атамыз. Ахмет Байтұрсынұлының балаларға арнап жазған өлеңдері өте көп. Ол өлеңдерді жоғары сыныптарда оқитын боламыз . Ал қазір мен сендерді кітапханадағы ең үздік кітап көрмелерімен таныстырып өтейін дей отырып «Елбасы мұраты ел бақыты- Гүлденген Қазақстан» , «Қазағымның киесі Қазығұртым», «Мерей той иелері» және «Ертегіер елінде» атты кітап көрмелерімен таныстыру. Біздің кітапхана ертегі, өлең және қызықты кітаптарға толы- мыс: Қазақ ертегілері, Андерсен ертегілері, Сенің өмірің сиқырлы әлем, Сиқырлы думан , Жануарлар туралы ертегілер, Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы т.б кітаптарға толы кітапхана.

3.Сабақты қорыту. Көрініс көрсету.

1-оқушы: Ух,шаршағаным-ай.

2-оқушы: Неге сонша мұңайдың ,досым?

1-оқушы: Мұңаймасқа не шара, мен баспадан шыққанымда жап-жаңа қағаз иісі бұрқырап тұрушы едім.

2-оқушы: Енді не болды? кім сені осы халге түсірген?

1-оқушы: Салақбай, Жамангүл, Жалқаубек, Қашқынбай, Еріншек

деген балалар ғой мені жұлмалап тастаған.

2-оқушы: Қой достым, мұңая берме. Мен сені әлі де жақсы адамдармен таныстырамын ауруыңды емдеймін.

1-оқушы: Ондай жақсылығың болса рахмет. (Екеуі бірігіп «Кітап дәрігері» жазуы бар столға келеді)

Дәрігер: Ия достар, қай жерлерің ауырады Көріп жіберейін..

( Кітапты айналдырып қарайды )

Дәрігер: (басын шайқап) Парақтарың жыртылған, түптеу керек, желімдеу керек,- деп кітапты көрсетіп, оқушыларға былай деп ескертеді:

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе,

Кішілерге табыс ет, Дақ түсірмей бір бетке.

Балаларға көріністі көрсете отырып кітапты таза әрі ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Кітапханашы:

Балаларды кітапқа қызықтыру мақсатында ертегі кітаптар ұсыну.

4. Үйге тапсырма беру. Алған ертегі кітаптар жайлы түсініктер айту.

Кітапханашы: Көлбаева. М


© 2010-2022