ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараның сценариі

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ КӨП САЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ






ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараның сценариі








«Тәуелсіздігім- тәңірден келген

тәтті сый» атты

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын сценариі



Дайындаған Уразбаева А.К.,

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары












Семей, 2014

Сахна сыртынан жүргізуші: Сабыржан МДТ 11

Алтай тауы. Қарт Қызырдың ғасырды артына тастап туған жеріне табан тіреген, талайдан армандаған, зарықтыра күттірген күні бұл. Бұл таудың әр үңгір тектес қуысы мен тасы, жайқалған жазира даласы, өзен-көлі - туған жері. Бабалары жасанды тарихтың құрбаны болып, туған жерден аластатылып, азу көрсеткендері құрбан болған қасіретті де... қасиетті жер бұл. «Ұрпағым өзге жердің ауасын жұтып, суын ішіп, туған жердің дәмімен берілетін тектіліктен айырыла ма?!», - деген бабаның бүгін төбесі көкке жеткен күн.

Қызыр: - Бабам мекен еткен, менің туған жерім, аңсарым мен арманым - қарт Алтай, аманбысың? (еміреніп, ауасын жұтып рахаттанады). Шыңыңды басқан қара бұлттан көзің ашылып, төбеңе көк байрағыңды байлатып, кеудеңе елтаңбаңды ілдіріпсің. Жүрегіңе Қайсақтың барлық балаларын жидырып, баурайыңды жаудан азат қылыпсың! Қарыздармын саған, қарт Алтай! Садағының кірісін уға малып, жауын тым-тырақай қуған ту даланың арландары, шың басынан секірсе - бүркіт болған дала қырандары, көкжалға ұқсап қас жауын үркіткен көк бөрі мекені - аңызға айналған Атамекен! Аш құшағыңды, ғасырларға созылған Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан қайсар жаны қаймықпаған көк бөрінің бөлтірігін қабыл ал! (Тау үні, су сылдыры)

Қайсақ: Баба, мына Алтайдың мұнартқан шыңы, баурайындағы ұшса құстың қанаты талатын жазирасы үшін бір кездері туған жерден аластатылған сенің жұтқан қаның мен қиналған жаныңның куәсі - Менмін. Еліміз тәуелсіздік алып, Алтай Алаштың баласын қайта бауырына басқанда мені Ер Түріктің мекеніне әкеліп, отанымның отын түтетуге мүмкіндік бергенің үшін сенің алдыңдағы қарыздармын. Алтайдың әр тасымен таныстырсаң, табаным басқан ізбен, жаным кеудемнен шыққанша тегіңді түркі әлеміне тәнті етуге ант етемін!

Қызыр: Олай болса Ұлылардың ұрпағы, Ер Түріктің тектісі, ер соңымнан, абыздарша Алтайдың әр биігінен сыр шертейін саған...

Сабыржан МДТ 11

Дөңгеленген дүние шыр айналып тұр. Енді кез-келген елге барғанда аяғыңды нық басып, сол елдің шекарасынан жалтақтамай өтесің. Өйткені, сен қазақ елінің өкілісің, Қазақстан азаматысың! Төбеңде желбіреген Көк Туың бар, жүрегіңнің тұсында бойыңды қуаттандыратын Әнұраның бар, аты жаһанға танымал Елбасың бар. Сен тәуелсіз елдің тумасысың, егемен елдің ұланысың.

Жансая

Иә, осындай заманды ата-бабаларымыз армандағаны қашан! «Ер етікпенен су кешті, ат ауыздықпен су ішті». Ер «еңку-еңку жер шалып, егеулі найза қолға алған кезде», осынау кең жазира қазақ даласында қазақ мемлекетін құру үшін, жан алысып, жан берісті. Күндіз көз ілмеді, түнде бел шешіп төсекке жатпады, сондағы Тәуелсіздік еді сеңгені.

Рүстем ҚТ 31

Еркіндігім.

Қасиеттім.

Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік,

қош келдің!

Өзегімді өртке ораған қоғамда,

Өз үйіме өзім өгей болам ба?!

Алшаң басып жүре алмаса алты алаш Азаттығым!

Қадірің де жоқ онда! ...

Саған жету қиын болса қаншалық,

Сақтап тұру қиынырақ одан да!

Алла берген азаттықтың әр сәті-

Аманат қой

Маған,

Саған

Оған да!

Саясатқа сермей алмай семсерді,

Езгі күнге тері қылдым еңсемді!

Желтоқсанда жалын атып жастығым,

Құрсау болған темір қоғам теңселді!

Есте даңқы қыршындардың қалды ма,

Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?

Уа, еркіндік,

Құның немен өлшеңді!?

Сені көксеп Боздақтарым өлсе өлді!

Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,

Ең шуақты,

Ең шырайлы,

Ең шерлі!

Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-

Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!

Ақмарал ҚТӘ 31

Айдын да шалқар, сайын далам сахарам,

Еншіме берген ен байлығымен Жасаған.

Арғысы алтын бабамыз Сақтан жалғасып,

Бергісі берен алты Алаш асыл атадан.

Арасын жалғап Алтай мен сонау Атырау,

Қорғаған бабам кең байтақ жерде осынау.

Тәуелсіздіктің атқанда таңы мүмкін бе,

Жүректе жырың, тамырда қаның тасымау.

Қорғаған елін келгенде дұшпан емініп,

Қара нар ерлер қабырғасы бүтін сөгіліп.

Зар заман сенің зобалаң салған кезіңде,

Жылаған ана жүректен запыран төгіліп.

Қадаған сұғын, қасиетіңе сенің таңданып,

Талай жау келген қару- жарағын сайланып.

Шеңгелі қанды Шыңғыс ханның да ұрпағы,

Ұлы далада қазаққа кеткен айналып.

Қазақстың жерін таныса жүз ұлт жерім деп,

Қазақтың елін сыйласа жүз ұлт елім деп.

Шаттанбассың, мақтанбассың сен қалай,

Шалқар далам, шар айна аспан, көгім деп.

Мақтан сен, қазақ, еліңмен, ата жұртыңмен,

Кездерін еске ал кер замандағы күрсінген.

Қаймана халық шекпесін қайғы-қасірет,

Көрмейік енді көзінің жасын іркілген.

Алаштың жері атадан қалған мына жер,

Біз ие бүгін, ертеңгі ұрпақ мұрагер.

Көтеріп көкке көк байрағыңды төбеңе,

Қазағым менің, салтанат мәңгі құра бер!

Рүстем ҚТ 31

Сын сағаты соқты. Осы жойқын халық қаһарынан қаймықпауға бола ма? Қолы от көсеген, еңбекпен көсегесі көгерген, халықтың өз ішінен жарып шығып, Абылай бабасының арманын арқалап, Тәуелсіздіктің көк жебесі болып Нұрсұлтан Назарбаев тарих сахнасына шықты. Әлем назары Қазақстанға ауды.

Жансая

Ия, дос сүйсініп, «жау» күрсінді. Қазақ өз алдына тәуелсіз ел бола алды! Қазақ бір Көк Тудың астына жиналды. «Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы» деп Н.Назарбаев қадап айтқандай, Егемендік, Тәуелсіздік, Ана тілі ұлтты біріктіруші күшке, ұлттық идеологияның рухани тірегіне айналды.

Сабыржан МДТ 11

Қайырлы күн, туған Елім!

Атамекен, Туған Жерім!

Ұлт намысын қолынан бермеген Елім!

Әлемге танылып, қыранша қанатын сермеген Елім!

Ақмарал

Мы приветствуем Вас на торжественном мероприятии, посвященном Дню Независимости Республики Казахстан!

Жансая

Ұлттық қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Сабыржан МДТ 11

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма жылдығына арналған «Тұрақтылық тұғыры - Тәуелсіздік» атты салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы енгізілсін!

Ту енгізіледі. Күй ойналады («Көңіл ашар»)

Әнұран

Сабыржан:

Тәуелсіздік - ең әуелі біздің жасампаз тарихымыздың бетбұрысты белесі.

Бұл - біз үшін тек оқиға ғана емес, жетістігімізді де, кемшілігімізді де саралайтын, болашақты бағдарлайтын кез.

Осылайша мемлекеттігімізді орнықтыру жолындағы алғашқы асуды бағындырып, жаңа кезеңге қадам басатын жол.

Ақмарал:

Каждый казахстанец внес свой вклад в процветание. В каждом городе, селе, учреждений подводят итоги в жизни молодой суверенной Республики. И мы сегодня хотели бы подвести итог этого периода.

Слово для поздравления и подведения итога достижений нашего колледжа предоставляется отличнику просвещения Республики Казахстан, обладателью нагрудного знака Ы.Алтынсарина, директору Семейского многопрофильного колледжа Алие Кабылгазиновне Кабылгазиновой.

Ән. «Өз Елім»

1 студент: Қайрат ДШ 41

Елімнің атын айтсам - Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам- Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығым атын айтсам - Қазақстан!

Ел тарихы, жер тарихы - өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,

Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.

2 студент: Ақмарал

Приветствуем тебя, Наш солнечный,

Наш гордый Казахстан!

Наша любовь, Наша Отчизна,

Наш край родной, Наша земля, Наш дом родной!

Наша страна, где солнце всходит,

Где президент с народом за одно,

Где жизнь страны, народа, президента,

Цветет под солнцем золотым!!!

3 студент: Айда ҚТӘ 31

Қазағымның көз жетпес даласы бар,

Даласының тағдырын данасы ұғар.

Бүгінгі биік даңқымызға,

Айтшы кәне, кімдердің таласы бар.

Қиын-қыстау күндерден өттік, міне

Әлем бізді танитын жеттік күнге

Көреген Елбасының арқасында,

Өзгеге көз сүзбейтін жеттік күйге.

Елім барда мен неге жасқанайын

Өсірдік топырақ түгіл тасқа да гүл.

Жас ұрпаққа жасалды зор қамқорлық,

Жетілдік, қанат қағып аспандадық.

Тәуелсіздік татқызды балын тәтті,

Елу елдің қатарын жақындатты.

Елбасының жасаған әр қадамы,

Халықтан қай кезде де қолдау тапты.

4 жүргізуші: Куаныш ҚТ 31

Я за тебя, Отчизна-мать,

За небо над тобою

Суровый путь готов опять

Пройти от боя к бою.

Любая дерзкая мечта

Твоих вершин не выше.

И мы от веку неспроста

Живем тобой и дышим.

Отчизна-мать!

Я знаю - это счастье

Все время чувствовать себя

Твоею малой частью.

Не мне дана ты одному,

Но с каждым днем,

Что прожит,

Твой образ сердцу моему

Все ближе и дороже.

5 студент: Тоғжан ҚТӘ 31

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы, келе берер!

Мерекең құтты болсын егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті бостандықты иеленгендер.

Бостандық құтты болсын ерікті ел

Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

6 студент: Сұлтан ҚТӘ 41

Егемендік - бұл елімнің елдігі,

Егемендік - барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік - елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Желтоқсаным - тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.

Жиырма жыл,

жиырма жыл азаттық,

Өзімізді құрсаудан да босаттық.

Ақтадық біз ата-баба үмітін,

Қолда қазір көк ту менен бостандық.

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Желбіресін көк байрағы халқымның,

Тәуелсіздік болсын мәңгі тірегім.

Көктен де жерден байлығында төгуде.

Қарыштап, дамып бар елге болдық төреде,

Азаттықтың ақ сұңқарлары қазағымның көгінде,

20 жылдан аса уақыт қалықтап ұшты бұл күнде!

Тәуелсіздік тойларыңыз құтты болсын ендеше!

Қызыр: Қыран сияқты аласқа қара, мына биіктен не көріп тұрсың?

Қайсақ: Көргенімді сұрасаң: салт-дәстүрін қайта жаңғыртқан тәуелсіз елімді, тынысы еркін кең байтақ жерімді, тәуелсіздігін мадақтаған азат жастарды көрдім! Не естігенімді сұрасаң: көкте шарықтаған әнұранды, сәбидің таза күлкісін, ананың жырын, бабаның ұрпаққа айтқан өсиетін жастардың аузынан естідім...естігенімді қанағат тұтпадым, ести бергім келеді, маған тәуелсіздік тарихынан айтарың бар ма баба?!

Қызыр: Менен емес, Тәуелсіздік ұландарының ауызынан есті, үнін тыңда, бойыңа олардың әр сөзінен қуат жина...Құлақ сал...

Сабыржан:

23 жыл бұрын 1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес сессиясында «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы талқыланып, қабылданады. Бұл біздің мемлекетіміздің негізі, ең маңызды іргетасы қаланған, жаңарған Қазақстанның дүниеге келген, планетамыздың көптеген елдері біздің тәуелсіздігімізді танып, бізді өзінің дүниежүзілік отбасына қабылдаған күндер болатын.

Ника:

4 июня 1992 года Парламентом республики приняты государственные символы- флаг, гимн, герб. 30 августа 1995 году был принята новая Конституция Республики Казахстан. 1993 году 15 ноября введена национальная валюта-тенге.

1студент: Айдос МДТ 11

Бодандық бұлтын қуып торлап алған,

Қол жетті бостандыққа болған арман.

Біз едік -өз жерінде жерсіз қалып,

Біз едік - елде жүріп елге оралған.

Жолында Азаттықтың ерте күннен,

Дүние көк теңіздей төңкерілген.

Халықтың қаны менен көз жасы боп,

Ғасырлар көкірегінен шер төгілген.

Заманым ұмытылып қысым көрген,

Самғады аққу-арман - құсым көлден.

Астанам Ақордалы асқақтап тұр,

Бостандық мәрмәрімен мүсінделген!

Көңілге ұяласын күдік қайдан,

Ұрпақпыз қуат алған білікті ойдан!

Көк туын көк аспаннан қиып алып,

Секілді күн нұрына іліп қойған.

Еншім зор, енді, міне, Ақордам бар,

Ордамды батасымен бабам қолдар.

«Мәңгілік ел» мұратын байрақ етіп,

Көтерер ар-намыстан жаралғандар!

Бар және барша жұртқа мәні мәлім;

Өз Туым,

Өз Елтаңбам,

Әнұраным!

Өз биім, өз билігім, өз бұйрығым,

Өз үйім, өз төбемде шаңырағым!

Дәм-тұзын бірге татып азаттықтың,

Жүз ұлттың достығынан ғажапты ұқтым.

Көп болып көкке өрлеткен

Көк туыңды

Мүлт кетпей мығым ұста,

Қазақ мықтым!

2 студент: Гүлдана

Әнұраным, қыран қанат асқағым,

Сәнге бөле Тәуелсіздік аспанын.

Жеңістерде шырқалғанда сан мәрте,

Рухымызды биіктерге бастадың.

Әр сөзіңнен тарихымды таныдым,

Батырлардың қалқанындай қалыбың.

Елдік әнім, намысымды қайрадың,

Ерге-ұраным, жігерімді жаныдың.

Әнұраным, сенде ерек сыр бардай,

Жан-жүргегім сезіміңе тұнғандай.

Сен шырқалсаң, береке мен бақ тілеп,

Желтоқсанның жастары кеп тұрғандай.

Көк байрағым көтеріліп төбемде,

Сен шырқалдың асқақ үнмен көп елде.

Тәуелсіз ел айналды да әуенге,

Бар тағдырым сыйып кетті өлеңге.

Қазағым бар жеңістерін той қылар,

Сен дегенде әсем, көркем ой тұнар.

Барлық сәтте көңілімде жүретін,

Әнұраным, жүрегіме бйтұмар!

3 студент Диана ҚТӘ 41

Ей, жолаушы, сәл аялдап тоқташы,

Жер- дөңгелек, жолдарының жоқ басы,

Елтаңбаның ең негізі-шаңырақ,

Мемелекеттің ең негізі-отбасы!

Тәуелсіз боп атты таңым, Күн бүгін,

Арқаламас азаматтық кім жүгін?!

Күн шеңбері қозғалыста мәңгілік,

Тұлпар дала- сәйгүлігім, дүлдүлім!

Біз келеміз бабам салған отты ізбен,

Сөйлеседі, Тәңір қолдап, Көк бізбен.

Тұлпар жүйрік қанатында - арманым,

Асыл мұрат- бостандыққа жеткізген!

Ел-жұртымен алға мен де ұмтылдым,

Бұл кеудеме талай бұлт боп мұң тұндың

Уақыт пенен кеңістігім тұтасып,

Ұялады жүрегіне ұлтымның!

Келер күнге аманат қып кетелік,

Бір ауыз бопбірге біздер жетелік

Жұлдыз болып тәжі қонды халқыма,

Бостандықты Алатаудай көтеріп!

Туар әлі күндерім бар алдымда,

Жұлдызды аспан, аймен жарық жандың да.

Қастерлейтін бір парызым-елтаңбам,

Қасиетті қазақ Елі бар мұнда!

Келе жатқан бабам көрген сол таңнан,

Туды бірге қара шаңырақ ортамнан.

Перзентің боп мен алдыңда бас ием,

Киелі Елім, Қасиетті Елтаңбам!

4 студент Жансая

Күнді құшқан қас қыран,

Аясында қалқыған

Аспан түсті туым бар

Көк теңіздей шалқыған.

Көкірек жауар шымқай өң,

Көрген жерден елітер,

Көркем өрнек, кең көңіл

Көл пейілге кенелтер.

Тәжім етіп бас иер,

Туы елімнің егемен.

Тұтастығым куәсі

Туғандай бір енеден.

Елдігімді әлемге

Паш ететін байрағым,

Тұнық менің көгімдей

Әуемде мәңгі жайнаған!


5 студент Самал ҚТӘ 41

Еліне арналатын тілегі шын,

Ей, ұлым - Отанымның түлегісің!

Іргесін туған елдің тіреп тұрған

Қадірін Ата Заңның білемісің?!

Ешкім де мін таға алмас елдігіме!

Дауласып жармаспайды белдігіме.

Бойында Ата Заңның өріліп тұр

Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,

Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.

Қоғамның сан саласын реттейтін

Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.

Бастайтын болашаққа бақ кемені,

Осы жол халықтың да нақ сенері!

«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға

Елбасы қолын қойып Ант береді.

Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті,

Ел үшін кім тындырар қайран істі?!

Еліңнің дамуы мен дағдарысы

Ол-дағы Ата Заңға байланысты!

Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,

Тікелей әсер еткен ғұмырына

Айналды Ата Заңым мызғымайтын

Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!

Өркендеп өз қолына алған ісі,

Биікке қазағымның самға, құсы!

Халық боп қадір тұтып, қастерлеген

Ата Заң - Азат елдің Ар-намысы!


Ән: Көк тудың желбірегені

Қайсақ: Өрмелеп Алтайдың бел ортасына да келдік, әр биігі бір әлем, тұнып тұрған тарих, әр тасы сырлы да сыршыл. Тек...баба, маған сыр ашпаған бір-ақ тас, мойнында талай жанның қаны бар сияқты, күңіренуі қиналтты мені. Мына Алтайдың ерке Ертісінің бойындағы қара таста қандай сыр бар, неге ән айтқан желді зарлатып, оны көрген жан күңіренеді?

Қызыр: Қайсақ, бұл адамның қолымен жасалған, қазақтың қасіреті...Тыңда...бұл туралы жел айтады, куәгер Қара су айтады...

Марал ҚТӘ 41

Қазақ жерінде алғашқы сынақ 1949 жылы жасалғаны барша жұртқа белгілі. Тіпті алғашқы жылдары жойқын қару жер бетінде сыналды.

Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 1989 жылы құрылған Невада-Семей қозғалысы көп ықпал етті. Қазақстан 21 ғасырға ядролық қарусыз ел ретінде енді.

Акмарал ҚТӘ 31

Своим Указом от 29 августа 1991 года Нурсултан Назарбаев поставил точку в трагической истории нашей страны. 16 декабря того же года Казахстан объявил о своей Независимости и взял курс на полное очищение своей территории от ядерного военного арсенала. Один из крупных ядерных полигонов мира замолчал через 40 лет с момента первого атомного взрыва на его территории, произведенного 29 августа 1949 года.

Ән. «Заман ай».

1 студент: Мөлдір ҚТӘ 31

Уа, адамзат, осыншама ecciз бе ең?

Жер емес пе, бар байлығың, несібең?

Ғаламшарды от-жалынмен орайсың,

Шықпап па едің туып-өciп, төсінен.

Атом деген сәнге айналып ел-елде,

Полигондар қаптап кетті жер-жерде.

Хиросима, Нагасаки, Семейдің,

Жапа шеккен қасіретін көрмей ме?

Қaйбір елдер мақсаттарын бүркейді,

Мақсатымыз - атом жасап жару деп.

Соғысқұмар алпауыттар өршітіп,

Жол беруде ғаламшарлық апатқа.

Қазақстан бас тартқан бұл қарудан,

Өзге елдер неге үлгі алмасқа?

Жаралы, әлі тау-тасы мен даласы,

Жаралы. әлі, топырак, суы, ауасы.

Талай ұрпақ қасірет кешіп басынан,

Жапа шегер адамзаттың баласы.

Жаралы - жер, сыздауда әлі жарасы,

Жараланган тау - тасы, суы, ауасы.

«Невада -Семей» қозғалысы басталып,

Болып шықты жарылыстың дауасы.

Полигонды жаппай тыным таппаған,

Олжастай ер-елдің жоғын жоқтаған.

Адамзатқа ажал сепкен отты алаң,

Елбасының бұйрығымен тоқтаған.

Қарт Шыңғыстау көрген қилы заманды,

Түнек кетіп, көрді күнді арайлы.

Адамзаттың баласы мен даласы

Болашаққа үмітпенен қарайды.

Салмақты ойлы халықпыз ғой жалпыбіз,

Салауатты, бейбіт күн боп салтымы

Елбасы бар Нұрсултандай көреген,

Ақ тілеулі Қазакстан халкымыз!

Сабыржан

1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені - Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда.

Ника:

Поистине велика казахстанская земля. Здесь в мире и согласии живут уже целое столетие более сто двадцати национальностей.

С первых дней независимости глава государства Нурсултан Назарбаев уделяет большое внимание сохранению мира на нашей земле. Благодаря чему сегодня Казахстан стал примером согласия и единства для многих стран. Во всех достижениях республики есть весомый вклад уникального общественного института - Ассамблеи народа Казахстана, а государством создаются все условия для сохранения и развития культуры, традиций представителей всех этносов, проживающих в стране. Мирное небо над нашими головами позволит нам сегодня выйти на улицы родных городов и сел.

1 студент: Марал

Тұрағым Қазақстан- елді мекен

Сүйгем жоқ, сүйе алмаймын елді бөтен

Танытқан бар әлемге қазақ атын,

Туымды асқақтата желбірітем.

Бас иіп, құлдық жасап тұра алмаған,

Туған жер, елін қорғап ұрандаған.

Ақ таңын атыруға азаттықтың

Алысқан дұшпанымен қыран бабам.

Атаға тартпай қалай қалады ұлан,

Бийкте дүр сілкініп салады ұран

Кеудесін қалақан етті желтоқсанда

Шыдамай озбырлыққа бала қыран.

Қалмады жалын жастың басқа амалы

Шайқалды империя тас қамалы

Қазақтың тәуелсіздік алған күні

Ызғарлы желтоқсаннан басталады.

Жаралған нажағайдай жалын, нұрдан

Жолына тәуелсіздік жанын қиған

Тұр бүгін азаттықтың көш басында

Сұңқарлар жұртты еріксіз табындырған.

Елімнің абыройын биіктеген

Туымды бәрінен де биік көрем.

Заңғарда желбіресе көк байрағым

Батырдай басымды иіп сүйіп те өлем.

2 студент: Аяулым БС 11

3 студент: Бақыт МДТ 11

Туысқан жұрттар тұрағы

Әр алуан тірлікпен

Әлемде жатыр мыңдап ел.

Айнымас достық, бірліктің

Аймағын көрсең, мұнда кел!...

Теңсіздік терең көмілді,

Шаттықтан шалқып әнді үнім,

Баршасы мұнда көңілді

Ақ, қара, сары өңдінің...

Күндерден ортақ сыбаға,

Күресте дайым біргеміз.

Арада жол жоқ сынаға,

Мәрмәрдай тұтас іргеміз.

Өлкемде өлмес тірі аңыз

Қалады жаздан, қыстан да.

Жұрағат жұрттар тұрамыз

Осындай Қазақстанда...

4 студент: Настя БС 12

5 студент: Данара МДТ-11

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,

Татулығын жырға қосам ұлттардың

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Достық тапса діндер менен ділімді

Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,

Бір туғандай ұлтаралық келісім

Бір көтерген басқа түскен жүгімді.

Серт берісіп туыс болып қалуға

Нәубеттерден аман жеттік дамуға,

Байтақ елдің биік ұстап байрағын

Біздің достық мәңгі болып қалуда.

Сабыржан:

Елдің тұтастығы мен бірлігіне экономикалық-әлеуеттік дамуына сүбелі үлес қосып отырған «Нұр Отан» партиясының құрылғанына да 15 жыл толып отыр. «Нұр Отан» партиясы - «Қазақстан -2050» Жалпыұлттық демократиялық коалицияның біріктіруші күші. Бүгінде «Нұр Отан» - Қазақстанның ХХІ ғасырда табысты қадамдар жасауын қамтамасыз ететін саяси көшбасшылықтың басты тетігі.

Жансая

Бұл саяси ұйымның қазақ елінің дамуына өз үлестерін қосуға, Елбасы қойған міндеттерді жүзеге асыруға, бірігіп зайырлы мемлекетімізде әлеуметтік жаңғыртуды жоғары мақсатқа жұмылдыра алатын жүйелі жұмыс жүргізуде.

Сабыржан

Ал, «Жас Отан» жастар қанаты «Нұр Отанның» қолғанаты.

Елбасы «Жас Отан» жастар қанаты еліміздегі жастар саясатының түпқазығына айналу қажет. Жастар- елдің алтын қоры», - деп жасотандықтарға артылып отырған сенімнің мол екендігін көрсетті.

Үлкен сенімді ақтау мақсатында әр мекемеде Жас комитеті құрылып қызмет атқаруда. Солардың қатарында біздің Семей көп салалы колледжінде Студенттік парламент қызмет жасайды.

Жансая

Сахна төріне Студенттік парламент мүшесі, түрлі деңгейдегі білім сайыстарының жеңімпазы, колледж мақтанышы 2 курс студенті Қамшыгер жарқынды құттықтау сөзімен шақырамыз.

Ән:

Қызыр: Шыңына да шықтық! Алтайдың шыңынан көз жеткен жердің барлығы Қайсақ сенің еншіңде.

Қайсақ: Білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғалған қазақ даласының иесі - тәуелсіздік ұрпағы - жаса, жаңғырт, тұлпардың дүбірімен, домбыра күмбірімен таны мына әлемді, жаңғырт ұлы тарихты, Тәуелсіздігіңді таңба ғып бас төсіңе, Алтайың тілден, тау-тасың үннен айырылмасын!

Қызыр:

Жерге айтамын!

Далаңда жортқан тағыңнан тұсау түсіп, ұмтылды

Ғасырлардың арманы, шықпақшы Асқар биікке!

Елге айтамын!

Сағым болған Тәуелсіз таңы атқан бұл күнде

Жаз даланың жарасын, таба болма күншілге!

Қатпарланған қасірет желкемізден түскенде

Баба жолын жандандыр, есе берме ешкімге!

Білімге сенер заманда ұрпағыма айтарым,

Әр тасыңнан сыр сұра, сөйлейді ол ана тіліңде.

Болашақтың нұр жолын салып кеткен бабалар,

Тәуелсіздік таңымен оны құмнан аршыңдар!

Ұрпақтарым аманат, сайын дала, салт-дәстүр

Ұмай ана алауын Өшіріп алма, жалғастыр!

Ляззат МДТ 41

Қазақстан дейтін, менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін,

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далаға жылап келіп уанғам

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Өр Елім, маңдайыңнан жарық көрдім,

Бабалар өнегесін алып келдім.

Ескерткіш Елім үшін орнатпасам,

Мына жалған өмірге неғып келдім?

Рухынан жақсылардың нұр саулаған,

Жанымды мейірімі құрсаулаған.

Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,

Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!

Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,

Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.

Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,

Қазақтың елі мен даңқты даласын.

Салтанат МДТ 41

Көңіл шіркін, көл болып тасынғандай,

Көкейлерден күмәнді қашырғандай.

Ұлы жолға түссін деп ұлы еліміз,

«Мәңгілік ел» қақпасы ашылғандай.

Ою салып осынау гүл далаға,

Көш басында тұрады тұлға ғана.

Менің анық байқаған ақиқатым -

Ғашық жандар көп екен бұл далаға!

Жадыраса заманның қас-қабағы,

Жазылады керемет дастан әлі.

Жаңа күннің жасампаз тараулары,

Ақ орданың төрінен басталады.

Орындалды арманы бабамыздың,

Қасиеті артады даламыздың.

Мәңгілікке шақырған асыл үміт,

Сақталыпты түбінде санамыздың.

Ақерке:

Қорыққан да бірдей ғой қуанған да,

Шүкір, бізді жеткізді бұған да Алла!

«Мың өліп, мың тірілген» ұлыс едік,

Енді отымыз өшпейді, күмәнданба.

Болжамына сүйенсем білгендердің,

Жолы болған кешікпей үлгергеннің.

Мәңгілік ел болуға хақымыз бар,

Мәңгілік ел болмайтын кімнен кеммін?!

Ақ-қараны безбенде заманды ұқ та,

Ар-намыстың қадірі адалдықта.

«Жарым ырыс - жақсы сөз» дейді қазақ,

Арманыңды жорыма жамандыққа.

Нағыз ердің ниеті ақ, көңілі шын,

Атқарады дұрыстап өмір ісін.

Жанын қиған не мықты боздақтарым,

Қазақ елі мәңгілік болу үшін!

Сөйлейді әлі, сөйлейді ұлы күндер,

Азаттығым - киелі ұлы мінбер.

Жақсы атаның ақсүйек ұл-қызындай,

Мәңгілік ел жолында бірігіңдер

Эльмира

Тәуелсіздік рухы биік ұлы ұғым

Ол өзегі ескі тарих жырының

Тәуелсіздік- еге болған бүгінім

Тәуелділік-жат билеген кешегім.

Тәуелсіздік-еге болған бүгінім,

Ажары айғақ түлеген жер түгінің

Азат елдің Ай дидарлы ұлының

Жел желпіді еркелетіп тұлымын.

Ең алғашқы лебіңнен күш сезілген

Мен не бердім деп сұрама өзіңнен

Жиырма жылда жүріп өткен жолыңды

Бірге жасап, көріп келем көзіммен.

Жақсы істер көп, бәрін тізу қиын-ды,

Алға басу биік мақсат түйінді

Елім бейбіт, көрші тату, ұлттар тең.

Салтанатым жарасып тұр бүгінгі.

Тәуелсіздік-бүгін өскен өркенім,

Өз елімде бақыттымын, еркемін

Өрге жүзсек серік етіп сенімді

Бүгіннен де жарқын болар ертеңім.

Ән «Атамекен»

Сабыржан:

«Тәуелсіздігім- тәңірден келген тәтті сый» салтанатты шараның аяқталуына байланысты Мемлекеттік Ту шығарылсын!

Марш ойналады.

Рүстем:

Барлықтарыңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы болсын!











ФОТОГАЛЛЕРЕЯ


ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараның сценариіҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараның сценариі

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараның сценариі



ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараның сценариі


ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараның сценариі


ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараның сценариі


ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараның сценариіҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараның сценариі

© 2010-2022