Сен білесің бе? сайыс (3класс)

Раздел Воспитательная работа
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

3- сыныптар арасында «Сен білесің бе?» атты танымдық сайыс


Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Міндеттері: Топтық жұмыстар арқылы ынтымақтаса жұмыс жасауға үйрету. Патриоттық тәрбиеге баули отырып, өз Отанын сүюге, өз елінің азаматы болуға тәрбиелеу.
Жұмыс түрі: топтық сайыс


  • Балалар, бүгін 3-сыныптар арасында «Сен білесің бе?» атты танымдық сайыс өтпекші. Бұл сайыста төрт сыныптан 4 топ қатысады. Қазір ойынның шартымен таныстырамын. Сайыс 6 - бөлімнен тұрады. Олар:

  1. Таныстыру

  2. Ерекше сандар

  3. Басқатырғы

  4. Халық даналығы

  5. Жорға сайыс

  6. Бірге ойлайық!

  • Ал дайын болсақ, ойынымызды бастайық!

1-бөлім. ТАНЫСТЫРУ

Әр топ өздерін таныстырады.

3 «А» сыныбы - «Сұңқар» тобы

3 «Б» сыныбы - «Нұрлы жол» тобы

3 «В» сыныбы - «Балдәурен» тобы

3 «Г» сыныбы - «Болашақ» тобы

2-бөлім.ЕРЕКШЕ САНДАР
Осы сандар қандай оқиғамен байланысты екенін толықтырып айту. 5 минут уақыт


1997, 1993, 1995, 1991, 2002, 1992, 2006, 1986, 1998.

3- бөлімі. БАСҚАТЫРҒЫ

Қазір әр топтың топ басшысы келіп қағаз суырады. Бұл қағазда бір сөз жазылған. Сол сөздегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрастыру керек. Берілетін уақыт 5 минут. Осы 5 минутта әр топ қанша сөз құрай алады.

  1. Қолтырауын

  2. Қарақұйрық

  3. Қоңыраубас

  4. Жорғалаушы

4- бөлім. ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ
Тілсіз ой болуы мүмкін емес. Халқымыз өз ойларын дана сөздер арқылы ұрпақтарына мұра етіп қалдырған.
Келесі ойынымыз қай топ жаңылмай көп мақал айтса, сол топ жеңеді.

Тақырыптарды топ басшылары таңдайды. Берілетін уақыт - 5минут.

  1. Отан, Туған жер туралы

  2. Еңбек туралы

  3. Оқу, білім туралы

  4. Батырлық, ерлік, достық туралы

5 -бөлім

ЖОРҒА САЙЫС (топ басшылар сайысы)
Бір минут ішінде әр топ басшысы пәндер бойынша қойылған сұраққа тез жауап беруі керек.

  1. Адам жылуды қайдан алады? (күннен)

  2. Көкжиек тұстарын анықтайтын құралды ата. (тұсбағар)

  3. Бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісі қалай аталады? (сұлба)

  4. Өсімдіктің жер астындағы негізгі мүшесі қалай аталады? (тамыр)

  5. Жүрек қайда орналасқан? (кеуденің сол жағында)

  6. Жүректің үлкендігі қандай болады? (әркімнің өз жұдырығындай)

  7. Қазақстан қанша елмен шектеседі? (5)

  8. Неше жастан асқан адам Президент бола алады? (40 жастан)

  9. Ересек адамның бойында неше литр қан болады? (5-6л)

  10. Нанның құрамында адам ағзасына қажетті не бар? (дәрумен)

6- аялдама:

БІРГЕ ОЙЛАЙЫҚ!

Әр топ өзін «Табиғаттың қорғаушымыз» деп есептеп, алдарындағы қағазға табиғатты қорғау туралы сурет салады. Сол суретті топ басшысы қорғап шығу керек. Берілетін уақыт 5 минут.

Қорытынды. Марапаттау.


© 2010-2022