Қарттарым - асыл қазынам хабарламасы

Раздел Воспитательная работа
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№34 лингвистикалық мектеп - гимназиясы

2015-2016 оқу жылы

қарттар күніне орай ұйымдастырылған

Жас Ұлан ұйымы ұйымдастыруымен

«Қарттарым - асыл қазынам» атты

шараға қатынасы туралы

Х А Б А Р Л А М А


Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!

Көкіректен жыр төгілмей жата ма?

Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,

Кенеліп бір ілтипатты батаға.


Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

Жас Ұлан ұйымы мен бірлесе жұмыс жасап жүрген ерікті «Қолғанат» тобы мүшелерімен Алмагүл мөлтек ауданы, 27-22 де тұратын Сұлтанов Зәкәрия атамызға төл мерекесінде төбе көрсетіп, тәтті тортымызды алып үйіне бардық. Атамыз жарқын жүзімен бізді қарсы алып, кезінде басынан кешкен оқиғаларын әңгімелеп айтты. Оқушыларға өмір жолында сәттіліктер тілеп, ізгілік тілектерін айтып, ақ батасын берді және естелік суреттерге түсті.

Қарттарым - асыл қазынам хабарламасыҚарттарым - асыл қазынам хабарламасы

Мектеп тәлімгері: Р.Т.Төлегенова

© 2010-2022