Менің суйікті қалам-Семей ашық сабақ

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: «Менің сүйікті қалам»

Мақсаты: Оқұшылардың туған жерін сүюге тәрбиелеу. Қоршаған ортаға және отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Олардың эмоциялық көңіл - күйін көтеру. Адамгершілікке, әдепті болуға тәрбиелеу, еңбекті бағалай білуге үйрету. Оқұшылардың ой өрістерін дамыту.
Керекті құралдар: Семей туралы суреттер, кітаптар.
Сабақ барысы:
Бүгінгі біздің сабағымыз: «Менің сүйікті қалам»


Семейдің негізі 1718 жылы қаланды, Петр І шығыс жеріне және Ертіс өңіріндегі бекіністеріне қорған салу туралы жарлық шығарды, құрылыс 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды. 1718 жылдың кезінде Семипалат бекінісі подполковник П.Ступиннің бақылауымен «толық қарулану жүргізіліп, бекітілді». Семипалат бекінісі Ресей мен Қазақстан арасындағы негізгі сауда орталықтарының дамуы арасында ерекше роль атқарды. Семейдің алғашқы құрылғанынан бастап, мұнда сауда жасау үшін жонғар қалмақтары, бұхаралықтар, ташкенттіктер, коқандықтар келе бастады. Азиялық көпестер сауда операцияларын бақылау мақсатында 1728 жылдан кеден мекемесі құрылды. 1858 жылы құрылған көлемде Семей обылысында 261487 адам болды. 1873 жылдан Семейде телеграф, ал 1910 жылдан телефон және Қазақстандағы тұңғыш су өткізу болды. 1906 жылы жоғары ертісте су арқылы қатынастын ресми ашылуы болды. 1863 жылы қалада екі оқу орны жұмыс істеді. Оның ішінде бір уездік училище. Екі шіркеулік-приход училищесі, 14 қазақтардың және 9 жеке татар мектептер болды. Семейде 5 жылдан артық орыстын ұлы жазушысы Федр Михайлович Достоевский тұрып, өзінің мәңгілік шығармаларын осында жазды. Осында Ф.М. Достоевский, П.П. Семенов Тянь Шанский мен Ш. Уалиханов кездесті. Е.П. Михаэлис, Н.Долгополов және С.Гросс сияқты азаматтар қазақтын ұлы ағартушысы Абай Құнанбаевпен достық қарым қатынаста болды. Олардың көмегімен Абай классикалық әдебиет пен қоғамның саяси өмірімен танысты. Өз кезегінде Абай достарына қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен тұрмысын оқып үйренуге көмектесті.

Сол кезде жана техникамен жабдықталған судорем зауытының құрылысы да дами бастады. 1920 жылы қазан айында қалада құрамында 15 адамы бар «Ес-Аймақ» театрлық группа құрылды олардың арасында қазақ сахнасының көрнекті қайреткерлері Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Жұман Шанин, Жүсіпбек Елебековтер болды. 1934 жылы Семейде қазақ сазды драммалық театр ұйымдастырылды. Семейде Абай және Достоевский мұражайлары мен драмалық театрлар бар.

Мұғалім: Бүгін «Менің суйікті қалам» атты тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз. Семейіміз гүлденіп, көркейе берсін. Сендерді Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Тәуелсіздік үшін мың өліп мың тірілген қазақ елі құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік. Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді асқақ бола берсін. Көңіл қойып тындаған қонақтарымыз, аяулы ұстаздар, ата-аналар, алтын уақытарынызды бөліп келгендерініз үшін, ітипат-ниеттерініз үшін сіздерге зор алғысымызды білдіргіміз келеді.

© 2010-2022