Тәуелсіздік таңы ашық тәрбие сағаты

Раздел Воспитательная работа
Класс 8 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Тәуелсіздік таңы

Мақсаты: Оқушыларға Отан, туған ел, туған жер туралы айтып, Ата Заңымызды құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді бүгінгі «Білім күнімен» құттықтаймын. «Тәуелсіздік таңы» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

Сұрақ - жауап.

  • Оқушылар біз қай мемлекетте тұрамыз?

  • Ұлтымыз қандай?

  • Тіліміз ше?

Иә, әр халықтың, әр ұлттың өз Отаны, туған жері болады.

Біздің туған еліміз, мына кең жатқан жеріміз, қазақтың жанымен, қанымен, ержүрек батырларымен сақталған, қорғалған. Сол қазақ жерінде ақылы мен айласы сай хандар мен билер, даналар, данышпандар, тапқырлар мен ақылдылар өмір сүріп, осы күнге жеткізіп, біз сияқты ұрпаққа қалдырған - туған жеріміз, қазақ еліміз бар.

Біз егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алғанға міне 25 жыл болды. Соның айғағы ретінде Ата Заңымыздың қабылданғанына 21 жыл толып отыр. Осы күн бүкіл біздің республикамыз үшін және біз үшін үлкен қуаныш.

Қазақстанда ірі - ірі қалалары бар, тарихи археологиялық маңызы бар жерлерден тұрады. Оның 14 облысы, 85 ірі қаласы, 160 ауданы және 15 миллионнан аса халқы бар. Халықының саны ТМД елдерінде. Ресей, Украина, Өзбекстан елдерінен кейін - 4-ші орында.

Сонымен қатар көгілдір түсті туы, елге танымал елтаңбасы, жаңадан қабылданған әнұраны және Елбасшысы бар.

(Интерактивтік тақтадан Елбасшының, тудың, елтаңбаның, әнұранды көрсету)

ОТәуелсіздік таңы ашық тәрбие сағатысындай кең байтақ, өте бай еліміздің әр облысын мақтан ете аламын. Іргесі берік. Тынысы кең елімнің күннен - күнге бой көтеріп, соңғы сәнмен бой түзеп келе жатқан бас қаламыз - Астанамыз бар.

Тәуелсіздік таңы ашық тәрбие сағаты

АСТАНА

Тәуелсіздік таңы ашық тәрбие сағатыТәуелсіздік таңы ашық тәрбие сағаты

Тәуелсіздік таңы ашық тәрбие сағаты

-Астана туралы қандай деректер білеміз?

Нұрдәулет

Астана қаласы 1832 жыл мен 1961жылға дейiн Ақмола қаласы деп аталады. Кеңес Одағынын кезiнде 1961 жылдан 1992 жылга дейiн Целиноград деп аталды. 1992-1997 жылдарда қайта Ақмола атына ие болды. Ал 1998 жылы 6 мамырда қала Астана деп аталды. Қазакстан Республикасының астанасы - Астана балды. Бұл таңда Астана халқы 510 мын адамнан асты.

(Интерактивтік тақтадан Астана қаласын көрсету)

-Туған жер туралы қандай тақпақтар білесіздер?

Айбол.

Туған жерiм - жарымсын,

Туған елiм - тынысым.

Мәңгі қымбат ұғымсың,

Ардақтысын,ұлысың.

Ана тiлiм ардағым,

Туған жерiм аруағым.

Болса осылар елiмде

Нұрланады алда күн.

-Қазақстан туралы қандай деректер және тақпақтар білесіңдер?

Ақбота.

 Казакстан - көп ұлысты бауырына басқан, татулық пен ынтымакты ту еткен бейбіт сүйгіш ел. Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүруде. Сондай-ақ Казакстан - алуан түрлі ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрін тоғыстырған кең байтақ өлке.

Сары, ақпыз, қарамыз,

Бәріміз де баламыз.

Бір қалада тұрамыз,

Бір мектепке барамыз.

Біз балдырған теқ басқан,

Дос күшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашык болсын кең аспан.

 Республика! Ерікті ел ~ Қазакстан!

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.

Келді алыстан аңсатып, армандатып.

Тарды бұзған мен де бір мәз арыстан.

Мен айғакпын, ұстамын ертегіге,

Мен иемін бүгінге, ертеніме.

Конституция!

Гербі Казакстан !

Елдік күйін, ел күйін шертем мен де!

Туған жер, алтын бесігім.

Тербеттін мені төсіне.

Жүреді сенің есімін

Ер жеткен кезде есімде.

Мұғалім сөзі:

Конституuия - елдің бірлігі, берекесі, тыныштығы секілді қастерлі ұғымдарды қағаз жүзінде емес іс жүзінде көрсете алатын жәдігер.

Зарина:

Конституция - кемелдік көк жиегін кеңітетін құжат. Халқымыз онымен өзінің тағдырын, болашақ асуларын байланыстырады. Ол бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде де күш-қарымы мол, жұртшылықты жаңару мен дамуға бастайтын жігерлендіруші ту ретінде желбіреуде.

Назерке:

"КОНСТИТУЦИЯ" термині латын сөзінен алынған, "constitution" ұйым, құрылым деген мағынаны білдіреді. Бұл біздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда, ежелгі Рим императорларының заң актілерінің атауында қолданылған. Олардын түсінігінше Конституция - жеке тұлғаға қатысты саяси-философиялық және экономикалық мұқтаждығын толық реттейтін, қоғамда мойындалған саяси-құқықтық құжат болып табылады. Ал енді бүгінгі тандағы адамзат баласының конституция туралы түсінігі бұдан алыстап кете қоймаған. Бүгінгі түсінік бойынша конституция - халықтың жалпы еркіндігін білдіретін, ең жоғары заңдық күші бар және әлеуметтік-экономикалық, коғамдық-саяси және рухани-адамгершіліктің маңызды ұстанымдары бекіген қоғам мен мемлекеттің негізгі заңы. Карапайым тілмен айтқанда конституция қоғамдық-экономикалық, мемлекеттік құрылымының, сайлау жүйесінің, мемлекеттік органдардың қызметі мен ұйымдастыру қағидаттары және оның азаматтарының құқықтық ережелерін анықтап бекітетін мемлекеттің негізгі заңы.

Қуаныш:

Жалпы мемлекеттердің қалыптасу тарихында конституцияның әр қилы түрлері болған, оның бірі - халықтың атынан жарияланбаған, яғни халыққа монархтар сыйлаған конституция. Сондай-ақ қатан және жұмсақ жазылған, сонымен қатар жазылмаған конституция түрі де болған. Әлемдегі мемлекеттер ішінен ең алғаш рет жазылған конституцияны 1787 жылы Америка Кұрама Штаттары кабылдады. Ол бүгінгі күнге дейін қолданыста. Ал Еуропада жазылған конституцияны алғаш рет 1791 жылы Франция мен  Польша мемлекеттері қолданысқа енгізген еді. Осы жазылған конституция барлық зандардың мызғымас негізгі және қоғамдық қатынастарда тұрақтылықтың кепілі ретінде толық мойындалып, саясат және заң ғылымының іргелі бір бөліміне айналды. Ғалымдар конституцияны өздерінің ғылыми трактаттарынпа, шығармаларында құқықтық құжаттың ерекше түрі деп карады. Конститутцияның маңызы жөнінде Германияның мемлекеттанушы ғалымы былай дейді.

"Конституция - мемлекеттік органдардың бірлігін, олардың құзырын, сондай-ақ мемлекеттік билікке деген жеке тұлғаның ұстанымды қ жағдайын белгілеп отыратын заң актісі".

Архат:

Тәуелсіздік алғанға дейін Казақстанның аумағында үш рет Конституuия кабылданған болатын. Ең алғашқысы - І 926 жылы наурыздағы Жалпы қазақстандық кеңестің Х съезінде бекітілген КазКСР Конституuиясы, екіншісі - 1936 жылы 5- желтоқсанда өмірге келді, үшіншісі - 1977 жылы 7- қазанда Жоғарғы Кеңестің кезектен тыс жетінші сессиясында қабылданған Конституuия.

Алтынай:

1993 жылғы 28-қаңтарда Казакстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі еліміздің тәуелсіздігін нығайтуда және жаңа мемлекеттік органдарды құруда үлкен маңызға ие болған тәуелсіз еліміздің тәуелсіз Конституuиясын қабылдады. Бірақ бұл Конституция қазақ мемлекетін өркениетке жету жолында бір сатыға көтергенімен мемлекеттің экономикалық тұрғыдан қарқынмен дамуы бұл Конституцияның мүмкіндіктерін шектеді. Мәселен, онда мемлекеттің басқару жүйесі жан-жақты толық реттелмеген болатын.

Гүлбағда:

Жоғарғы Кеңес ескі өкіметтен келе жатқан шектеусіз құзіретін пайдаланып Президент пен Үкіметтің саяси-экономикалық реформалар жасау жұмысына көптеген кедергілер келтіреді. Сондықтан да қоғамның өзі Конституцияны қайта қарау туралы мәселені қойды. Сөйтіп, 1995 жылғы ЗО-тамызда жалпы халықтың дауыс беруімен экономикалық дамудың жаңа қазақстандық моделін дүниеге әкелген қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл Конституция халық мүддесіне арналған.

Алтынай:

Казакстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Бірде-бір мемлекет Ата Заңсыз өмір сүре де, дами да алмайды. Осы жылдары барлық жетістіктерге біз мемлекетіміздің Ата Заңының арқасында қол жеткіздік. Конституциясы з даму, конституциясыз демократияны құру мүмкін емес.

Ата Заң - біздің азаматтарымыздың құқығы мен бостандығының кепілі. Барлығымыз Ата Заң бойынша өмір сүрудеміз. Барлық мәселе әр азаматтын Ата Заңды реттеп, өз құқықтарын біліп, сол заңдарды ұстануы керек дегенге саяды. Барлық дамыған өркениеттер, бүкіл батыс әлемі заңды қатаң ұстанғандықтан дамуда. Ата Заң биліктің тұрақтылығын қамтамасыз етті. Ата заң Үкіметтің, Парламенттің, Сот органдарының келісімді жұмысын қамтамасыз етті. Біздің көп ұлтты халқымыздың тыныштықта, бейбітшілікте және келісімде өмір сүруі - біздің Ата Заңымыздың

арқасында".

Бекболат:

Елге арналатын тілге шын,

Ей ұлым, Отанымнын түлегісін!

Іргесін туған елдің тіреп тұрған

Қадірін Ата Заңның білемісің?!

Ешкім де мін таға алмас елдігіме,

Дауласып жармаспайды белдігіме.

Бойында Ата Заңның өріліп тұр

Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

Арайлым:

Бағынған өз занына жұмыр ғалам,

Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.

Қоғамның сан саласын реттейтін

Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.

Бастайтын болашаққа бақ кемені,

Осы жол халықтың да нақ сенері!

"Халқыма адалмын!" деп Ата Заңға

Елбасы қолын қойып ант берді!

Болғанмен бұл өмірде айлаң күшті,

Ел үшін кім тындырар қайран істі?!

Елінің дамуы мен дағдарысы

Олдағы Ата Заңға байланысты!

Ақбота:

 Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,

Тікелей әсер еткен ғұмырына.

Айналды Ата Заңым мызғымайтын

Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!

Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,

Шектеуде және тегін қойылмайды!

Келісімшарт жасасқан барлық шет ел

Қазақтың Ата Заңын мойындайды! .

Исламбек:

 Өмірден әділдік пен бақ табатын,

Күкығым қорғалды деп шаттанатын

Өзіндей жас өркендер келеді өсіп,

"Бұл біздің - Ата Заң" деп мақтанатын!

Өркендеп өз қолына алған ісі,

Биікке қазағымның самға құсы!

Халық болып қадір тұтып қастерлеген

Ата Заң - Азат елдің ар-намысы!

:

Бостандық деп атар әр күн, таңымыз,

Ар-намыстан тасынады қанымыз.

Ғасырларды ертегі мен жалғаған,

Елдік негіз құрған Ата Заңымыз.

"қасым ханның қасқа жолы" кешегі,

"Есім ханның ескі жолы" кешелі.

Әз Тәукеден қалған "Жеті Жарғысы"

Қалай ғана санамыздан өшеді.

Айбол:

Отан-Ана ірге тасын салып біз,

Арманы бір тағдыр қосқан халықпыз.

Қазақстан көп ұлтымның тұрағы,

Татулығы жарасқанда алыппыз.

Қасиетті қазақ жері байырғы,

Әлеуметтік, құқықтық ел зайырлы.

Конституция алтын арқау коғамға,

Бола берсін баршамызға қайырлы.

Бейбіткөрлік бастамасын жамылып,

Бар әлемге қалдық қазір танылып.

Адам қымбат, халық - билік бастауы,

Көрген емес бағытынан жаңылып.

Мұғалім сөзі: 

Ата Заң - ол біздің өміріміз.

 Конституция қазақстандық патриотизмді ұстанымдарының бірі ретінде есептейді. Патриотизм - қазақстан азаматтарының өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен берілгендігін, онын қуатының, қорғаныс қабілетінің артуына, халықаралық аренада беделінің нығаюына ықпал ететін идеясы, сезімі мен әрекеті. қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті борышы мен парызы.

Біз Конституциямыздың заңдылық шеңберінде еліміздің саяси жағынан демократиялануынын , әлеуметтік-экономикалық қуатын арттырудағы табыс көздерінің молаюынын нәтижесінде мемлекетіміздің дүние жүзілік аренаға шығып үлкен беделге ие болғандығын мақтаныш тұтамыз. Осы жылдары еліміз әлем қауымдастығына танылып та үлгерді.


(Сұрақтар беріліп оқушылардан нақты жауаптар алынады.)

І) Мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, олардың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету ұстанымдарын белгілейтін нормативтік акт.

Жауабы: Конституция.

2) "қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қай жылы қай айда қабылданды?

Жауабы: 1991 жылы Іб-желтоксанда.

3) Тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы Конституциямыз қай жылы қабылданды?

Жауабы: 1993 жылы.

4)Қазақстан Республикасының Конституциясы қандай саяси іс-шараның нәтижесінде қабылданды?

Жауабы: Халық референдумы арқылы қабылдады.

5) Құқықтық мемлекеттің бірінші көрсеткіші.

Жауабы: Заңның жоғары тұратындығы.

6) Конституцияға енгізілетін түзетулер мен өзгертулердің жобасын кім және қай органның қарауына ұсынады?

Жауабы: Президент Парламентке.

8) Елдегі мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі.

Жауабы: Халық.

Ұлылардан қалған сөз

Г. Фуллер: "Заң адамды бағындырады, заңды ақыл бағындырады".

Сенека: "Жазылмаған кейбір заңдар жазылған заңдардан да катаңырак".

Дж. Гарфuллд: "Көндіре алатын күші болмаса заң заң болудан қалады".

Мұхаммед Пайғамбар Хадисінен:

Мемлекетте қуатты, беделді тәртіп болмаса ол күйрейді. Тәртіпке шақыру - әділет жолымен мемлекеттік күрылысты сақтаудың бірден-бір жолы.

С. Зиманов: "Казак құқығы - қазақ халқының және барлық көшпелі өркениеттің мәдени байлығы".

Бауыржан Момышұлы: "Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды".

Менандр: "Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтатпайды".

Гераклит: "Халық заңды өзінің тірегі, өзін күзететін қабырға-дуал ретінде қорғауға тиіс".

С.Джонсон: "Заң адамдардың тәжірибесін қоғам игілігіне пайдаланатын адамзат даналығынын ең жоғарғы көрінісі болып табылады".


Назерке:

Атақ-абыройы, алған асулары кәрі құрылықтың әр қиырына тара.пған қазақстан 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етеді. Бұл аса зор мәртебе екені ақиқат. Біздің төрағалық ететіндігіміз туралы ұйғарым ЕҚЫҰ -ға мүше елдердің Сыртқы істер Министрлерінің 2007 жылы 29-30-қарашада Испанияның астанасы Мадридте өткен Іб-кенесінде қабылданып қойған. Бұл да Қазақстан КОНСТИТУЦИЯСЬІНың демократиялық құндылықтарға негізделгендігінің оңды нәтижесінің, біздің ұстанымдарымыздың миллиондардың жүрегіне жол тапқан Халықаралық саясатқа қайшы келмейтіндігінің айғағы.

Мұғалім сөзі:

Ата Заңымыз бүкіл әлемді шарпып, қуатты мемлекеттерде беті қайта бастаған, кейбірінде мүлде тойтарылған экономикалық қаржы дағдарысы кезінде де халқымызға дәйекті қызмет етті. Ел тұрғындарының барлық құқықтары қорғалды. Ешкімнің камкорлыксыз, аш-жалаңаш қалуына жол берілмей, тиісінше қолдау-көмек көрсетілуі қамтамасыз етілді.

Қорытынды.

Мұғалім:

Казакстан Республикасының Конституциясы бүгінгі Егемен қазақ елінің Негізгі Ата Заңы болып табылады. Болашақта қазақ елі әлемдік өркениет төріне көтерілетініне анық сенімдеміз. Лайым, баршамыз сол қуанышты сәттің куәгері болайық!


Қостанай облысы, Жангелдин ауданы,

Ақшығанақ ауылы

Қ.Топаев атындағы орта мектебінің 8-сынып жетекшісі

Өсеров Асылхан Берікұлы


© 2010-2022