Кемелдену баспалдағына қадам басқан -Ә. Марғұлан студент: Төлеухан Г

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кемелдену баспалдағына қадам басқан -Ә.Марғұлан


Төлеухан Гүлім

Семейдің М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 205 «ә» топ студенті


Бүгінде рухани-адамгершілік тәрбиесі- оқушылардың өзін-өзі тануы, қажеттілігі, физиологиялық, рухани даму үйлесімдігі, ұлттық, жалпы азаматтық құндылықтарды меңгеру, өзара түсінушілік, өзара көмек, өзін-өзі тану, қалыптастыру арқылы адамзатты сүю, оқушылардың зияткерлігін қалыптастыруды қарастырады. Қазіргі кезде тәрбиедегі басты мәселе - оқушының тұлғалық қасиеттерін ізгілендіру бағытта дамытуды көздеу. Ізгілік - дүниетаным принципі, оның негізінде адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне даген сенім мен ерік бостандығы, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты деген идея жатады. Осы ретте қоғамға қызмет еткен, елінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды тану және таныту- міндет, сол арқылы қоғамға қызмет етудің үлгісін береміз. Міне, осындай өзін дамыту арқылы елінің дамуына үлес қосқан кемеңгер тұлға ол- Әлкей Хақанұлы Марғұлан.

Ә. Х. Марғұлан- археолог, фольклоршы, этнограф, қазақ мәдениетінің тарихшысы. Ол этноархеологиялық жаңа ағымның негізін қалады.
Семейде мұғалімдер семинариясында оқып жүріп, Мұхтар Омарханұлы Əуезовпен танысады, екеуінің арасындағы достық ұзақ жылдарға созылған сыйластық қарым-қатынасқа айналады. М. Əуезовпен бірге Абайдың туған жеріне, Шыңғыстауға барып, Абайдың баласы Тұрағұлмен жəне Абай əндерін тамаша орындайтын Абайдың немересі Жəбірейілмен таныс болады.
М.Əуезовтің кеңесі бойынша, 1925 жылы Əлкей Хақанұлы Ленинградқа сапар шегіп, 1925-31 жж. арасында Шығыс институтының əдебиет факультетіне түсіп, бір уақытта Ленинград университеті жəне өнер тарихы институтының дəрістерін тыңдайды. Ғылым негіздерін табысты игере отырып Ə. Марғұлан Ленинградтың бай мұрағаттарынан бірнеше қайнар бастауларды зерттейді, қазақ халқының мəдениеті мен тарихы бойынша əдеби жəне архивтік материалдарды жинаумен шұғылданады. Осы жылдары ол əдеби шығармашылық қызметке де ден қояды. Оның аудармасы арқылы қазақ оқырманы алғаш рет атақты орыс жəне шетел жазушыларының шығармаларымен танысады.Ленинградта Əлкей Хақанұлы А. Затаевичпен танысып, онымен бірге туған өлкеге келеді, атақты музыкатанушы көптеген қазақтың халық əуендерін жазып алды. 1926-1927 одақтас жəне автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі ерекше комитеттің қазақстандық жəне алтайлық экспедицияларына қатысады. Əлкей Марғұлан экспедиция материалдары негізінде найман мен адай тайпалары туралы алғашқы ғылыми еңбегін жазды.1929 жылы Əлкей Марғұлан Шығыс институтындағы оқуын бітіріп, Абай шығармашылығы туралы дипломдық жұмысын табысты қорғап шықты. Оқуын бітіріп келгеннен кейін Ә. Марғұлан Қазақстан Оқу Халық Комиссариатының жанындағы Жаңа әліпби комитетінде ғылыми қызметкер болады.Туған халқының тарихына ден қойып, зерттеу жұмыстарын сонау Ленинградта оқып жүргенде-ақ бастаған Әлкей елге келгеннен кейін де осынау бейнеті мол, көп ізденіп, зерттеуді қажет ететін сауапты істі одан әрі жалғастырып, Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Шу, Талас өзендері бойында және көне Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орындарында түрлі қазба жұмыстарын жүргізеді. Содан жинаған материалдарының негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихына» деген монографиялық еңбек жазады. «Хандар жарлығының тарихи әлеуметтік мәні» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Бұл көне қыпшақ тарихын зерттеудегі құнды ғылыми еңбек еді.. Өзі қалап алған жұмыспен тікелей айналысуға мол мүмкіндік алған Әлкей Марғұлан енді Орталық Қазақстанды зерттеуге бет бұрады. Ұзақ жылғы зерттеу жұмысының нәтижесінде Ж.А. Ақышев, М.Қ. Қадырбаев, А.М. Оразбаевтармен бірігіп, «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» атты кітап жазуға қатысып, оның редакциясын басқарды. Бұл кітаптың құндылығы жоғары бағаланып, оның авторларына Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлық беріледі.. Оның қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық мақалалар жарық көрді. Көшпенділер мен ата-тегіміздің өмірі, аңыздар мен миф дүниесі, кең дала, ашық ғарыш, киіз үй етене жақын болды. Академик Ә.Х. Марғұлан берілген мәліметтер бойынша 14 томдық негізгі еңбектерінен тұратын зор ғылыми мұра қалдырды.

Міне, байқағанымыздай, өзін кемелдендіру арқылы, елін, халқын кемелдену сатысына көтерген ұлы дала академигінің ісі мен қызметі жас ұрпаққа өнеге болмақ.

Әдебиеттер тізімі.

1. Марғұлан Ә. «Ойсылқара», «Жұлдыз» 1984, №4. 175-б.
2. Ж.. Исахметұлы, Р. Алиханова. Ә. Марғұлан- қазақ мәдениетінің тарихшысы, археолог, фольклоршы, этнограф және қазақтанушы.Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты жанындағы Кіші ғылым Академиясы Жамбыл облыстық «Дарын» мектеп-интернаты, Тараз қ..


© 2010-2022