Классный час на тему Дос болайық, бәріміз 3 класс

Раздел Воспитательная работа
Класс 3 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Нурканова Кенжегүл Нуркановна

Бастауыш сынып мұғалімі

Қ.Дамитов атындағы орта мектебі

Үлкен Нарын ауылы

Катонқарағай ауданы

Тақырыбы: Дос болайық, бәріміз!

Мақсаты: Балалардың «Достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: Татулық, достық адами қасиеттерін өмірдегі маңыздылығын түсіндіру.

-достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

-достыққа, татулыққа,бірлікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:

Балаларды шеңберге тұрғызып, сәлемдеседі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар? Көңіл-күйлерің жақсы ма? Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Біз бүгін ерекше, әрі әсерлі сабақ өзін-өзі тану сабағындамыз. Бүгін сендердің көңіл-күйлерің, күлкілерің сынып ішін нұрлы шуаққа толтырады деп ойлаймын. Сондықтан өлең жолдарын жақсы көңіл-күймен, хормен бастайық:

Әкел, досым,қолыңды

Татуласқан орынды

Өкпелесіп не керек

Көрсет, кәне соныңды.

Бққа бірге кірейік

Қол ұстасып жүрейік

Татулықтың белгісі

Кел, қосылып күлейік!

Ха-ха-ха

Әңгімелесу. Сендер 1,2-сыныптарда дос, достық қарым-қатынас туралы қызықты шығармалар оқып, достаса білуді үйрендіңдер. Біздің бүгінгі тақырыбымыз да осы достық тақырыбына арналады. Тақырыбы: «Дос болайық, бәріміз!» деп аталады. Достық ұғымына тереңірек бойлау үшін біз бүгінгі сабағымызды ертегі желісімен жүреміз. Ертегі тыңдағыларың келе ме? Ендеше ертегімізді бастайық.

Ертеректе, бұрынғы өткен заманда бір хан болыпты. Оның Даналық, Ой,Сана,Татулық,Ынтымақ,Қайырымдылық атты балалары бар екен.Хан ұлдарына әрқайсысына жер бөліп беріп, жеке-жеке хандық құрыңдар дейді. Бірақ тату өскен ағайындылар бір хандықта бірге өмір сүруді ойлайды. Ендеше дейді әкелері, сендерге қояр шартым бар, сол шартымды орындасаңдар ризашылығымды білдіремін дейді. Сол хандықтарыңа ат қойыңдар, ол ат ерекше болсын, оған әрбіреулерің өз үлестеріңді қосуларың керек дейді. Балалары ерекше, әрі әдемі ат ойлап бастары қатады. Сол елге сендердің барғыларың келе ме, мүмкін әдемі есімді сендер ойлап табарсыңдар? Ол балалардың әрбіреуінің тапсырмасы бар екен.

1-бала: «Даналық»-оқулықтағы жағдаяттарды талдау.

1-жағдаят: «Жанардың қателігі» Көрініс түрінде көрсетіледі.

Құрбылары Жанарға,

Балмұздақ берген-ді

Жанар кетті алға тез,

Алды-артына қарамай,

«Рахмет» деген жалғыз сөз

Айтуға да жарамай!

-Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?

2-жағдаят: «Сырымның қателігі»

Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырым Динаның басына доп лақтырып, доп Динаның басына тиеді. Сырым ештеңе деместен кете береді.

-Осы көріністерге қарап,Сырым мен Жанарды шын достар деп айтуға бола ма? Неліктен?

-Олардың достықтары қалай жалғасады деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауаптары тыңдалып, ойлары түйінделеді:

-Кейде біз өте асығып жүріп, ізгі сөздерді айтуға үлгермей қаламыз. Одан досымызды ренжітіп аламыз. Жанар «рахмет»деген сөзді,Сырым «кешір» деген сөзді айта алмады. Нағыз достар бір-бірінің көңіліне қарап, ренжітпейді, кешірімшіл болады. Достар қиын сәттерде көмекке келеді, татулықты қадір тұтады.

2-бала: «Ой» -тапсырмасы: мәтінмен жұмыс жасау.

Мақсаты: тақырыпты кеңірек меңгертіп, оқушы білімдерін арттыра түсу.

«Күштісің енді сен,-деді»

Мәнерлеп оқып беру.

Оқушыларға оқыту.

Мәтін бойынша сұрақтар беру, талдау.

-«Бірлесе көтерген жүк жеңіл» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз: «Татулық-достық кепілі»

Балаларға «достық» құндылығының мәнін аша түсу үшін дәйексөздің мағынасы түсіндіріледі. Жазулы тұрған дәйексөздің - халық мақалының мәні ашылады.

-Шын достар уедесінде тұрады, ойындары, сөздері жарасады, бірін-бірі ренжітпейді, қуантқысы келеді, бір-бірінің көңіліне қарайды. Ал осы айтылғандар-татулық белгісі. Сондықтан да шын достыққа татулық арқылы қол жеткізуге болады.

3-бала. «Сана» - тапсырмасы: сахналық көрініс «Саңырауқұлақ саясы»

Қатысушылар:

Жүргізуші-Мерей

Құмырсқа-Сұңғат

Көбелек-Сезім

Торғай-Әмина

Тышқан-Рахат

Қоян-Мадина

Түлкі-Әмір

Бақа-Мейірім

Құстардың дауысы, көктем мезгілі

Жүргізушілері:

Көктем келді,

Жер көгерді

Табиғат әсем күйге енді!

Дала гүлге бөленді

Шалғынына енді

Құмырсқа келді.

Құмырсқа:

Шалғынға енді жатайыншы,

Рақатқа батайыншы

Қыс бойы тоңазыдым

Көктемді аңсап мен сағындым.

(Аспан түнере басқайды, күннің күркірегі естіліп, жаңбыр жауа бастайды)

Бұлттар бері жылжыпты

Жаңбыр сірә төгеді

Мына саңырауқұлақ пана болса

Бізге тиер көмегі

Жорғалап барып, ортада тұрған саңырауқұлақ астына тығылады. Жаңбыр жауа бастайды. Шалғынға көбелек келеді:

-Құмырсқа! Үстім су болды, ұша алмаймын. Саңырауқұлақтың астына мен де тығылайыншы?!

Құмырсқа: Мен сені қайда кіргіземін. Өзім де әрең сыйып тұрмын.

Көбелек: Күшім кетіп әлсіреп,

Қанатым су боп жабысып,

Ұша алмадым, құмырсқа

Алшы мені қасыңа

Пана берші басыма

Құмырсқа: Кел жарайды, сен кішкентайсың ғой. Екуіміз де сиярмыз.

Көбелек: рахмет саған құмырсқа.

Жаңбыр тіпті қатты жауа бастады. Ентіге жүгіріп тышқан келеді.

-Кіргізіңдерші мені! Үстімнен су сорғкалап тұр!

-Сені қайда кіргіземіз? Көрмейсің бе, өзімізге де орын жетпей тұр.

Тышқан: Сығылысып көрейікші? Үшеуі сығылысып, саңырауқұлақ астын паналайды. Ал жаңбыр болса, тоқтар емес, құйып тұр. Жаңбырда қанаты су болып, ұша алмаған торғай да саңырауқұлаққа келеді:

-Қауырсындарым су болды, қанатым шаршады! Жаңбыр біткенше саңырауқұлақтың астынга кіруге бола ма? Дем алып, қанаттарымды, үстімді кептіріп алайыншы (жылайды)

- жаңбыр қандай күшті еді,

Ұша алмадым мені көр

Бас сауғалап келіп ем,

Өтінемін, жылжып көріңдерші.

-Жарайды, кіре ғой. Осы арада ытқып шыққан қоян саңырауқұлақты көріп айқай салады.

-Құтқарыңдар, менің артымнан түлкі қуып келе жатыр. Қай тесікке тығыламын, қай жерге жасырынамын. Көмектесіңдер!

Түлкі қуып есім кетті.

Айналайын аңдар-ау! Маған пана болыңдар.

Жасырыңдар қорыңдар!

Бәрі: Тұра ғой, қосыл да,

Жасырамыз осында.

Түлкі келеді: Ор қоянды орғыған көрдіңдер ме?

Бәрі: жоқ-жоқ көрген жоқпыз.

Түлкі: (иіскелеп) әлі-ақ қолға түсерсің бәлем! Кетіп қалады.

Осы кезде жаңбыр тоқтап күннің көзі ашылады. Саңырауқұлақ астындағылар қуана-қуана алқапқа шықты. Құмырсқа ойланып қалды.

-Бұл қалай болды алғашында саңырауқұлақ асты менің өзіме тар еді, ал енді бәріміз де сиып кеттік.

Көбелек: Біз бәріміз сонша кішкентаймыз ба?

Торғай: Көңіл сыйса, бәрі сияды.

Қоян: Екі адам ығысса бір кісіге орын табылады. Сол кезде бақ етіп бақа келеді:

-Әй, сендер! Соны да білмейсіңдер ме? Саңырауқұлақ өсіп кетті ғой.

Бәрі: Достарды біз қолдаймыз

Қиың шақта қорғаймыз

Сахналық көріністі қорытындылау: Мақсат мүддесі, арман-тілегі, талап-талғамы үйлесімді адамдар арасында ғана достық болады.

4-бала: «татулық» тапсырмасы. Дәптермен жұмыс.

«Досыңды құрметте» нақыл сөзі құрастыру.

5-бала: «Ынтымақ» тапсырмасы. Сулық қағаздардан гүл жасау.

6-бала: «Қайырымдылық» Жүректен-жүрекке. Қорытындылау. Бір-біріне тілектерін білдіру, жасаған гүлдерін бір-біріне сыйлау.

Біз ертегі соңына да жеттік. Хан балаларының тапсырмаларын өте сәтті орындадық, осы ғажап хандыққа ат қоюға көмектесейік. Әр баланың үлесі болсын дегендіктен бір-бір әріптерін алып, қосайық. Қандай сөз шықты? «Достық».Ендеше ғажайып хандықтың аты «Достық» болсын.

Адамдардың бір-біріне деген ең қымбат сезімдерінің бірі-достық. Ал, адам бойындағы ең игі қасиет достаса білу. Аса бағалы құндылық-достық. Осы достықтың арқасында елімізде береке-бірлік орнаған. Соның бір көрінісі аз

күн бұрын бірінші желтоқсан-Президент күнін мерекеледік. Сол себепті балалар әрқашанда дос болйық, бәріміз! Әрбір балаға жүрек сыйлау.


© 2010-2022