«Тәуелсіздік ел тірегі-білімді ұрпақ»

Раздел Воспитательная работа
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Класы: 8 «а»

Мерзімі: 05.09.15 ж

Мұғалімі: Иманова М.Н.

Тәрбие сағатының тақырыбы:Тәуелсіздік ел тірегі-білімді ұрпақ
Тәрбие сағатының мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
ә) тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру.
Тәрбие саңғатының әдісі: Әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ-жауап.
Пайдаланылған материалдар: сюжетті суреттер, сұрақтар.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.Психологиялық дайындық. Өрмекші торы
2. Негізгі бөлім.
Кіріспе сөз.
( Сюжетті суреттермен жұмыс жасау арқылы түсіндіру.).
Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 24 жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі осы уақытқа дейін алған біздің жетістіктеріміз.

Ендеше ең басты бағытымыз «ТӘУЕЛСІЗДІК» шежіресіне көз жіберейік

1986-шы жылы желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға Алматы жастарының ереуілі болды. Жастар ел басшысы қазақ ұлтынан болудыталап етті. Жас өмірін тәуелсіздік үшін өмірін қиып кеткен аға-апаларымыз: Л. Асанова, Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев т.б. жазықсыз сотталып қыршын өлді. Арада бес жыл өткенде қыршын өлген жастарға Алаңында ескерткіш орнатты.
Енді 1991-ші жылы қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі егемен ел болды. Бұл күн талай-талай қилы заманды басынан кешіріп келген қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн еді.
Ән. «Әнұран».
- Бүгінгі балалар, тәрбие сағатымыздың қорытындысы бойынша XXI-ші ғасыр білім ғасыры. Сабаққа белсеніп қатысқан оқушыны сыныбымыздың «XXI-ші ғасыр озаты» деп тағайындаймыз.
Әділ-қазылар алқасын сайлау.
Ситуациялық сұрақтар қою арқылы оқушылар іріктеліп шығады.
І-ші тур
Ситуациялық сұрақтар:
1. Егер әкім болсаң, еліңе қандай көмек көрсетер едің? (1-мин.)
Осы сұраққа жақсы жауап берген 5 оқушы іріктеліп алынды.
Ұпайлары: Барлығы да 5 ұпайдан алды.
2. Шешенстан жерінде соғыс болып жатқанын білесіңдер. Осы елдегі өзің сияқты құрбыңа қандай көмек берер едің? (1-мин.)
3. Егер сен желтоқсан оқиғасы тұсында студент болып, саналы жас болсаң, желтоқсан оқиғасына қатысуың мүмкін. Оқиғаға қатысу мақсатың не? (1-мин.)
Ұпайларын есептеп, білімділігімен алға төрт бала шықты.
ІІ-тур.
Сұрақ-жауап. (1-мин.)
1-сұрақ: Қазақ батырларын ата.
2-сұрақ: Қазақ әнұранының авторлары кім?
3-сұрақ: Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері.
4-сұрақ: Қазақ ғарышкерін ата.
Бұл турдан үш бала алға шықты.
ІІІ-тур.
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу. (Отан, ел, туған жер, батыр, ерлік туралы) (2-минут).
№1-ге: Отан үшін отқа түс----------------(күймейсің)
Арың үшін алыссаң---------------(өлмейсің)
№3-ке: Ерлік пен бірлік-------------(егіз)
№4-ке: Батыр туса---------------------(ел ырысы)
Жаңбыр жауса-----------------(жер ырысы)
ІV-тур.
Халықтық педагогикаға байланысты сұрақтар.
1-сұрақ: Жеті ата.
2-сұрақ: Бес парызды ата.

3-сұрақ: Бес қару

Келесі турға екі оқушы шықты.
V-тур.
Оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамытуға байланысты, мына: Туған ел, туған жер, Отан, Қазақстан, Елтаңба, егеменді ел сөздерін кірістіріп өз ойыңды өлең-шумағы арқылы жеткіз.
Ән: «Қазағым»
Сонымен бүгінгі «Тәуелсіздік ел тірегі-білімді ұрпақ» атты тәрбие сағатымыздың «XXI-ғасыр озаты» атағын жеңіп алады

VI. Қорытынды сөз.
Қазақ елінің бүгінгі таңда іргелі, мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосылып, ізгі ниетті адамдар назарына ілігуі оңайлықпен келген жоқ. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы ертеден-ақ үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өтті. Олар: туған елі, жері, ана тілі.
Сондай-ақ еліміз озды, жеріміз жаңғырды, ана тіліміз өз мәртебесін алды. Осының бәрі - тәуелсігіміздің нәтижесі. Қол жеткен жемісі.
Тәуелсіздік, бұл-басымызға қонған бақ, бақыт.

Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!

Ән: Қазағым

Әулие мен абызың
Бақыт қылған қазағым
Домбыра мен қобызың
Шабыт қылған қазағым
Айдыны мен бұлағың
Суыт қылған қазағым
Тұлпары мен қыраның
Қуат қылған қазағым

Қайырмасы:

Қазағым қазағым оралмасын азабың
Тарқамасын базарың қайсар халқым-ай
Қазағым қазағым сарқылмасын өз әнің
Бұзылмасын ажарың дархан халқым-ай

2. Отырса да есекте
Қасып толған қазағым
Аруына есекте
Ғашық болған қазағым
Жазылмайтын уәдесін
Қазық қылған қазағым
Жазылмайтын кәдесін
Азық қылған қазағым

Қайырмасы:

Қазағым қазағым оралмасын азабың
Тарқамасын базарың қайсар халқым-ай

3. Ақылы мен тақымын
Суытпаған қазағым
Ақыны мен батырын
Ұмытпаған қазағым
Қара сөзден шешенді
Ескермеген қазағым
Елін сүйген көсемін
Қастерлеген қазағым

Қайырмасы: Х2



© 2010-2022