Мектеп - билим тиреги

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Мектеп - білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі"

І Жүр: Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса, кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін де қара шашты.

ІІ жүр: Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер ақылшым деп білу керек.

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

І жүрг: Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар, ата - аналар және оқушылар!

ІІ жүрг: Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,

І жүрг: Қажымас қайрат,

ІІ жүрг: Шығармашылық табыс,

І жүрг: Жанұяларыңызға бақыт тілейміз!

ІІ жүрг: Бүгінгі ән-күйіміз өздеріңізге арналады.

Хор /Алғашқы ұстаз/

Даулет: Ғұлама, білгіш ғалымнан

Оқушы жас жалыннан,

Мархабатты ойшылдан,

Мал өсірген қойшыдан,

Жазушыдан, ақыннан,

Ғарышкерден - Батырдан

Бақыт: Өнері асқан актерден,

Ырыс қазған шахтерден,

Мың бұралған бишіден,

Ой тербеткен күйшіден,

Оқыған жас-кәріден

Оқушының бәрінен,

Бәрі /қосылып/: Ұстаздарға мың сәлем

І жүргізуші: Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары -

Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!

Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,

Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!

ІІ жүрг: Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,

Отырармыз қуанышта, тойда біз.

Сондай кезде есте болар бір нәрсе:

Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз

І жүрг: Ақыл. Сана. Сабыр. Талас-тартысу -

Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы.

Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ,

Бос уақыты: әрбір түннің жартысы.

ІІ жүрг: Ал, мұғалім барса алдыңа, дұрысы:

Жүрегіңмен сездір дағы ұлы ісін,

Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,

Тастай қылып тындырып бер жұмысын!

Ән: Жауқазын

Айымгул:Күтіп жүрген күні бұрын

Мұғалімдер күні бүгін.

Сыйлы жанға сыйласын деп,

Гүл ашыпты түрлі гүлім.

Зәмзәгул: Шаттық кернеп жүрегімді,

Гүлге орадым тілегімді.

Көңілімді ақ қағаздай

Ұстаздарым білі берді.

Даулет: Менің ыстық құшағымның

Жеткізген бар махаббатын.

Ұстаздарға ұсынған гүл

Шаша берсін шапағатын.

Жанерке: Мінезі гүл-гүл жайнаған,

Білімі бойда қайнаған.

Ұлағатты ұстаздар

Бала қамын ойлаған.

Мейрам: Әр шәкіртім ізім деп,

Береді терең білім көп.

Шуағын шашаып жанының

Қарайтыны-ақ жақсы күлімдеп.

І жүргізуші: Ұстаздың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем болар.

ІІ жүргізуші Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам - Мұғалім.

Мұғ: Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деген ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

Ендеше ұстаз болып дүниеге келіп, ұстаз болып дүниеден өткен ұстаздарды 1 минут еске алалық.

Олар:

Мейрам: «МҰҒАЛІМ»

Сөзі бойға ексе білім қуатын,

Көзі зерттеп жан-дүниеңді ұғатын.

Қайда жүрсем бірге ұстаз бейнесі,

Іс-қимылы аңсар арман - мұратым.

Айымгул:

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған,

Мұғалімді ардақтамас бар ма жан.

Ол мектептен шықпаса да қысы-жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.

Жанерке:

Бала десе ойламайды өз қамын,

Көрсем дейді күнге де қол созғанын.

Шын жүректен жатса-тұрса тілейді,

Шәкіртінің өзінен де озғанын.

Зәмзәгул:

Адам бар ма мұғалімнен жаны ізгі,

Аялаймын олар басқан әр ізді.

Арманым не алабына қадірлі,

Өнегелі болсам ұстаз тәрізді

« Ертегілер » Әні

ІІ жүрг: Махабатты: бала және Отаны,

Сүйікті ісі: Қағаз-кітап қопару.

Демалысы: шәкірттерге хат жазу,

Ал, кәсібі: от беру мен от алу!

І жүрг: Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі,

Қашан көрсең күліп бара жатқаны.

Күлетіні: бақыттылық нышаны,

Байлықтары: шәкірттердің хаттары!

Мұғалім: Кім боласың?

Ұмтылмаңыз жоғары.

Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі!

Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба,

Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!

Ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз" деген. Ендеше өмірін ұстаздық жолға арнаған (слайд)

Апай өзіңіздің алғашқы ұстазыңыз жайлы айтып берсеңіз.

Осы уақытқа дейін қанша алғашқы қоңырау, қанша соңғы қоңырау өтті?

Замзагүл апай өзіңіздің сүйікті ұстазыңыз кім болды, қандай болды?

Алғаш ұстаз болып келгендегі қызықты оқиғаны есіңізге түсіріп көріңізші

І жүрг: Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,

Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.

Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,

Даңқыңыздың биік болсын тұғыры. - БИ орындалады

Айымгул: Жанымды менің жайнатып,

Баураған өзің- мұғалім.

Өзіңмен бірге таң атып,

Өзіңмен бірге шығар күн.

Рахмет: Алдыңда болып күн сайын,

Келеміз үйге тапсырма алып.

Демейсің бізге ұрсайын,

Қонсыншы басқа тақсыр бақ.

Мейрам: Сабақтан еш қалмаймыз,

Сонда гүлдей жайнаймыз.

Ұстаздардан үйреніп,

Биіктерге самғаймыз.

Бақыт: Көп білуге құштармын,

Қарындаштай ұшталдым.

Ұстаздарға ұқсаймын,

Жалқаулық- жау, дұшпаным.

Бақыт: Маған мәңгі ұстаз болып қаласыз,

Жүрегімнен үлкен орын аласыз.

Көп мұғалім бірі болып қалмайсыз,

Сеніңізші, сіз өйткені ұстаз әрі анасыз.

Нұргелді: Терең ойлы сөздеріңді жаттаймын,

Үміт еткен сеніміңді ақтаймын.

Үзбей берген біліміңнен сусындап,

Жұмсақ, жылы үніңді есте сақтаймын.

Ұстаздарым, қасиетті шынарым,

Арналады сіздерге бар жыр- әнім.

Сіз- бәйтерек,біз- жапырақ мәңгілік,

Сізден алдық тамырлардың құнарын.

Бақыт: Білімін құйған санама,

Ұқсайтын асыл анама.

Мектептегі бар ұстаз,

Лайық ең зор бағаға.

Мейрам: Ұстаз деген бір тұлға,

Ең қадірлі мамандық.

Мұғалімге, ұстазға

Біз тілейміз амандық.

Бақытты балалық шақ \хор\

ІІ жүрг: Тойлайды бұл күнді көптен,

Біздің байтақ, бақытты ел.

Ұстаздарын шын жүректен,

Құттықтайды шәкірттер.

І жүрг:Арналады ұстаздарға,

Құрмет деген, төр деген.

Біздің елде адам бар ма,

Ұстаз алдын көрмеген.

ІІ жүрг: Мерекемен құттықтаймыз,

Мұғалімін әр пәннің.

Ұстаздарды көреміз біз,

Шұғыласындай әр таңның.

ІІ жүрг:Сіздер біздің өлеңіміз,

Сіздер біздің әніміз.

Тәртіпті боп үнемі біз,

Беске оқимыз бәріміз.

І жүр: Ұстаздар - ұлттың тірегі,

Ұстаздар - мектеп жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі.

ІІ жүр: «Ұстазым»деген ұлы сөз,
жүректің берген бағасы.
Мұғалім - ұстаз бола алса,
баланың көп қой данасы

Мұғалім: Ендеше ұстаз сөзінің формаласы қандай;

Жауабы: Ұ-ұлағатты

С-салмақты

Т- танымал да

А- ардақты

З-замандастай зиялы

Айымгул: Ұстаз!

Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол - Ұстаз! Алғаш "Әліппенің" бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.

Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Нұргелді: «ҰСТАЗДАРЫМА»

Айтарым менің көп тегі,

Тыңдаудан әсте жалықпан.

Күлімдеп тұрған көктегі

Күнді де маған танытқан,

Айналдым ұстаздарымнан.

Зәмзәгул:

Еңбектеп үйге кіргенде,

Еңбекте-бақыт, соны ұққам.

Адасып түнде жүргенде

Алаулап от боп жолыққан,

Айналдым ұстаздарымнан.

Әсем:

Ақ қылау түскен самайға

Шәкірттің ұғар ойлысы.

Ұстаздық ауыр қалайда,

Төзе алмас еді жай кісі,

Айналдым ұстаздарымнан.

Зәмзәгул:

Байыппен айтқан ақылын,

Самалдай егіп санама.

Өмірде мәңгі жақыным-

Ұқсаған туған анама,

Айналдым ұстаздарымнан!

Айымгул:

Ақылын ойдан сарп етіп,

Ақ моншақ маңдай терімен.

Қияннан сонау жарқ етіп

Құздардан күнде көрінген,

Айналдым ұстаздарымнан!… «Күй» Әсем

«ҰСТАЗДАРҒА»

Ұстаз - ұлағатты зиялылар,

Сендерде ғалымдардың қиялы бар,

Ағайын, тойларыңа тарту етем,

Ақыннан әриялы сый алыңдар!

Ұстаздар - тыншымайтын еңбеккерлер,

Жемісті жерге екпеген, елге еккендер

Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп,

Зердесін болашақтың зерлеткендер.

Даулет:

Жайдары жүздеріңе барқыт көрік

Жаныңның бар асылын сарқып беріп

Жас буын - өнегелі шәкірттерді

Жүрсіңдер өз балаңнан артық көріп.

Анадай, құс ұйқымен көз ілдірер

Арманын аласартпас, сезімділер

Бағбандай, мәуелі бақ мәпелеген,

Бала үшін бар азапқа төзімділер.

Мейрам:

Жақсылық атаулыға жаршы жандар,

Жамандық атаулыға қарсы жандар,

Баланы сусындатып өсіруге,

Білімнің бұлақ көзін аршығандар.

Ұстаздар - ұлағатты зиялылар,

Сендерде ғалымдардың қиялы бар.

Ағайын, тойларыңа тарту етем,

Ақыннан әриялы сый алыңдар!

«Домбыра сазы» І жүр:

Ұстаз деген- жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген - анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.

ІІ жүр
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Мұғалім:

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!

Бақытты балалық /хор/

І - ІІ жүргізушілер: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар! Біздің кешіміз осымен аяқталады. Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін!

«Ұстазым» әні орындалады.


© 2010-2022