Елімнің тағдыры – менің тағдырым баяндама

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Елімнің тағдыры – менің тағдырым баяндама


Жусупова Гаухар Серікқызы

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақсу ауылы

№116 орта мектептің ІІ - санатты тәлімгері

Елімнің тағдыры - менің тағдырым

(Баяндама)

Туған жер, шөбің - алтын, жерің - жаннат,

Науқасқа суың шипа, дертін жазат.

Күйіктің зу-зу еткен қамыстары,

Сыртылдап дыбыс берген бейне сағат.

Жайланып түрліше аңдар мекен еткен,

Қиқулап қаз бен қуың қанат қағат.

Тыңдасаң азан-қазан, ың-шың дуын,

Көркем ән сылдыр-сылдыр майдай жағат.

Көпшілік сәнді күйік әнін қосар,

Ұласқан сенде қызық, сенде санат.

Аралап аймағыңды шығар едім,

Құс болып ұшатұғын бітсе қанат.

Туған жер кіндік кескен аиа қоныс,

Жамандап сені сөгер қандай қазақ.

Сансыз бай табиғаттың бәрі өзіңде,

Нақ сендей көркем қоныс өте аз-ақ...

Қазақстан тәуелсіздіктің қысқа мерзімінде Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық көрегендігі мен көрнекті жасампаз қызметінің арқасында бұрынғы кеңестік республикадан экономикалық қуатты, демократиялық дамыған, әлемдегі беделді мемлекетке айналды. Осынау таңдай қақтырарлықтай жетістіктерде Мемлекет басшысының әрдайым жасапаз күш-қуатына арқа сүйеген тұтас халқымыздың, әрбір қазақстандықтардың зор еңбегі жатыр. Елдің және азаматтарының тағдырының бірлігі Қазақстанның ары қарайғы дамуының негізі болған, солай болып қала береді.

Дәл осыған байланысты нақты отандастарымыздың өмірі арқылы еліміздің табысын, оның азаматтарының табысын көрсетуді мақсат ететін жыл сайынғы «Елімнің тағдыры - менің тағдырым!» республикалық форумын өткізу

идеясы дүниеге келді. 2012 жылдың шілдесінде, Елорда күні қарсаңында Астанада «Елімнің тағдыры - менің тағдырым!» бірінші республикалық форумы өткізілді.

Енді аталмыш форум біздің ауданымызда да жалғасын тауып жатқаны қуантарлық жағдай.

Қымбатты форумға қатысушы әріптестер! Сіздермен бүгін форумда кездесіп отырғаныма қуаныштымын!

Мен қазақпын! Мен Қазақстанда дүниеге келдім, және қазақ екенімді мақтан тұтамын. Қазақ елі ежелден еш нәрседен тайынбаған ел, ешкімге мойынсынбаған ел. Кең - байтақ туған еліміздің әр өңірінде өсіп тұрған жусан да, аяқ астында жатқан тасың да, сонау көзіне мұнартып көрінген төбе де, сылдыр қағып ағып жатқан бұлақта да айтылмаған сыр, ашылмаған көмбе де көп. Ендеше осынау мақтан тұтар еліміздің, туған жеріміздің әрбір тасына менің де көңілім ерекше.

«Отан - қуат, отбасы - шуақ» дегендей, менің туған жерім Қазақстан, бүгінде Қазақстан кеңестік елдер арасындағы ең алдыңғы қатардағы ел болып табылады. Әлем, біздің Республикамызды Азия аймағындағы көшбасшы, сенімді серіктес ретінде қарайды. Көптеген мемлекеттер осы уақытқа дейін ішкі тұрақтылықты сақтай алмауда. Осыдан аз уақыт бұрын ғана Грузияда, Украинада, Қырғыстанда түрлі-түсті төңкерістер орын алды, олар өздерінің тәуелсіздік алған күндерінен бастап ішкі саяси тұрақтылыққа жете алмағандарынан. Өз егемендігін бір уақытта бірге алған мемлекеттер арасында біздің ел ерекше де өзгеше. Қазақстан экономикасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқан мемлекет, соның нәтежиесінде елдің, халықтың өмір деңгейі жоғары қарқынмен жақсарып келеді

«Сен де кеттің, мен де кеттім ауылдан, осынымыз ұят болды-ау, ұят болды-ау қауымнан» дейтін өткен ғасырдағы Мұқағалидың мұңы бүгінгі таңда да өзекті болып отыр. Ауылға маман тұрақтандыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналды. Себебі, ауыл өркендемей еліміздің тасы өрге домаламайтынын Елбасымыз егемендік алған алғашқы жылдарда-ақ айтқан болатын. Айтып қана қойылған жоқ, нақты шаралар қолға алынды. Осы орайда, қазақтың алтын бесігі - ауылдың ажарын ашып, тұралаған тұрмысын тіктеу үшін мемлекет тарапынан көптеген қолдау-көмек көрсетілуде. «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы аясында соңғы жылдары ауыл өмірін гүлдендіріп жатқан жас мамандар, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша қайта жаңғырған нысандар бұл сөзімізге дәлел бола алады. Алайда, ауылдың ахуалын жақсарту үшін қолға алынуы тиіс шаруалар әлі де шаш етектен.

Мемлекет басшысы елдің қарқынды дамуы үшін барлық жауапкершілік жүгін өз қолына алды. Осы кезеңде Елбасы қызметі жан-жақты болуды қалады. Дамудың қазақстандық моделі құрылымында сындарлы және дәйекті сыртқы саясат елеулі рөл атқарды. Қазақстан бірден барлық елдермен бейбіт жағдайда өмір сүру жолын таңдады. Ең басты оқиға деп ядролық қарудан бас тарту және Семей полигонының жабылуын атап өтуге болады. Ал бұл ядролық державалар тарапынан қауіпсіздік кепілі еді.

«Көптің күші көлдей, көшіп жүрген елдей» - демекші, Қазақстандық ғажайыптың тағы бір құпиясы - халықтың еңбегінде. Еліміздің дамуындағы халықтың алар үлесін де атап өткен жөн. Екінші байлығымыз - ол біздің көпұлтты халқымыздың бірлігі мен бауырластығы. Қысқа мерзім ішінде еліміз үлкен асуларды бағындырып, қиындықтарды жеңіп, экономиканың 10 пайыз өсіміне қол жеткізді, осылайша Қытай, Ресей, Үндістан, Франция сияқты экономика чемпиондарымен тең қатарда. Бүгінде біздің экономикамыз әртараптандыруға атсалысуда. Біздің ел алдымен экономика, содан кейін саясат қағидасын ұстануда. Осының арқасында ел даму үстінде. «Көп біріксе - ел болар, көп тілегі көл болар» - деп дана айтқан халқымыздың әл - ауқаты көтерілді. Мұғалімдер мен дәрігерлер, қызметшілердің жалақысы өсуде. Бір - екі жылдың арасында ғана 3 миллионнан астам Қазақстандық өз баспаналарына өзі қожайын болды, қаншама мектептер мен ауруханалар тұрғызылды. Экономиканы өркендете отырып, біздің еліміз әлемге танымал. «Егемен елдің еңсесі биік» - дегендей бүгінгі күнде еліміз әлі талай асуларды асуға белім бекем бууда, ол ел алдындағы жаңа міндет 30 серпінді жоба жасау және әлемнің дамыған 50 елінің қатарына кіру міндеті тұр. «Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан» - демекші, бүгінгі күні елімізде әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті және қазіргі заманның талаптарына сай жауап беретін жоғары білім беру жүйесін қалыптастыру басты міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтан да республикамыздағы білім саласында жаңа көзқарас, жаңаша оқытудың сан түрлі үлгісі, бағдарламасы, жоспары пайда болғанын атап өткен абзал. Ал, ең алдымен бұл мақсаттарды орындау барысында, білікті мамандар даярлау үшін жоғары оқу орындарының материялдық-техникалық базасы, кәсіби біліктілігі жоғары ғалым-оқытушылар болуы тиіс. «Ел жасымен көрікті, тау тасымен көрікті», немесе «Жеріне қарай жемісі» - деп қате ескермеген халық даналығы, сонда ғана сапалы білім алған жастарымыз өз заманының, өз елінің лайықты маманы болмасына кім кепіл? Сонда ғана нарықтық бәсекеге төтеп беруге болады. Өйткені ел экономикасының өркендеуі де, алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына кіру стратегиясы осы еліміздегі білім сапасына да байланысты.

«Ел барда, ер қор болмас, ер барда, ел қор болмас» немесе «Ердің ісі - елдің мойнында, елдің ісі - ердің мойнында» - деп анық та ашық айтылған халық сөзі біздің Елбасымызға лайық айтылған десем артық айтқаным болмас. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздігіміздің тұғырын бекітіп, қазақ елін әлемдік аренаға алып шығуы, жер жүзілік өркениетке мойындатып, олардың азат мемлекетімізге құрметпен қарап, экономикада, саясатта, халықаралық деңгейлердегі терезесі тең сенімді әріптес ретінде санасуына қол жеткізуі - тұңғыш Президентіміздің қайраткерлігінің, қай істерде болсын алдын болжай алатын көрегендігінің дәлелі. Мұндайда «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - деген.

Қазіргі жағдай мүлде басқаша деп айтуға болады: біздің Қазақстанымыз жүздеген ұлт өкілдеріне құт мекен болған арайлы өлке ретінде төрткүл дүниеде өзінің лайықты орнын алып келе жатқанына да біраз жыл болды. Қазақстанды мекендеуші ұлт пен ұлыстардың арасында осы жердің байырғы тұрғындары қазақтардың елімізді қай жағынан болса да дамыту барысында атқарар рөлі айрықша екені күмәнсіз. Қаншалықты ащы болса да шындық: Кеңестер Одағы деген алып империя өмір сүрген кезде жүздеген ұлттар жер бетінен жойылып та кетті. Саны аз ұлттар тілдерін жоғалту арқылы, басқа ұлттарға сіңісіп кету арқылы, жүздеген жылдар бойына ата-бабалары сөйлесіп келген, түрлі мәдени-әдеби құндылықтарын дүниеге әкелген ана тілдерінен қол үзіп, өмірде орны толмас қайғы-қасіретке ұшырады. Санымыз ондаған миллионмен саналатын қазақ сияқты ұлтымыздың тілі де аз теперіш көрген жоқ. Айналасы 20-30 жыл ішінде өздерінің ана тіліне жоғарыдан қарап, оны менсінбейтін, қазақша сөйлейтін халықтың бәрін де надан көретін ұрпақтың бір буыны өсіп те жетілді. Бұл күндері кейбір зерттеушілер Қазақстандағы қазақтардың 2 миллионнан астамы қазақша оқи да, жаза да алмайды деген фактілерді жарыққа шығарды. Өз елінде, өз жерінде тұрып, өзінің ана тілін білмеуден артық қасірет сірә жоқ шығар. Осындай кінәсін түсініп, туған ұлтының жоғын жоқтау үшін, ана тілін жетік меңгеруге тырысқан жас болды ма? Елбасымыздың осыны түсіне білген және жүйелі, салиқалы ана тілді дамыту саясатының арқасында бұл бағытта республика көлемінде де, аймақ, облыстар тарапынан да ауқымды шаралар өткізіліп, жүйелі түрде жұмыс істеуге бетбұрыс нышаны байқала бастады.

Жоғарыда айтылғандарға қарап біздің мемлекетіміздің таяудағы он жыл ішінде әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру жөніндегі талпынысы толық негізі бар іс. Бұл талпыныс та, басқа да ауқымды істер де орындалмас қиял емес, өйткені Елбасының басшылығымен өмірге енгізіліп жатқан Қазақстанның даму стратегиясы өз тиімділігін барлық әлемге паш етуде.

Құрметті форумға қатысушылар!
Қымбатты жас достар!
Бүгінгі жастар форумы ерекше жағдайда өтіп отыр. Биыл Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болып, тізгін ұстаған Қазақстан бұл міндетті абыроймен атқарды. Бұған күні кеше Астана Саммитінің сәтті өтуі дәлел бола алады.
Бұл саяси және ерекше тарихи оқиға барша қазақстандықтар сияқты жамбылдықтарды да зор қуанышқа бөледі. Бұл өмірде туған еліңнің жетістігі мен табысына қуана білу бақытынан асқан ешнәрсе жоқ. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы Саммиттің қорытындысы бойынша сөйлеген сөзінде Қазақ елінің, Қазақстанның келешегі үшін жасалып отырған биік идеялар мен мұраттардың қадір-қасиетін барынша ашып көрсетті.
Қазақстанның келешегі зор. Жүрек түкпірінен шыққан бұл сөз сенім мен айқындыққа негізделген. Ал, мемлекет пен қоғамның болашағы бүгінгі жастардың қолында. Сондықтан да жастарға қамқорлық жасап, оларға қолдау көрсету ерекше маңызды. Жалпы, білімді, мәдениетті және көп ізденетін жастар, бұл өмірден өз жолын таба біледі. Олар қиындықтан қорықпайды, тәуекелге баруға бейім тұрады. Жаңа технологияларды игеруге де қабілетті. Бұл жаңа заман жастарына тән белгілер болса, олардың мүмкіндіктеріне жол ашу мәселесін біз шешуге тиіспіз. Бүгінгі Форумның ауыл жастарына арналуы міне, осы міндеттерді зерделеп, айқындауға жәрдемдеседі деп ойлаймын.
Ауыл - әрбір қазақтың алтын бесігі. Ендеше, ауылда тұрып жатқан жастар мәселесі ерекше назарда болуы керек. Ауыл жастары не істеп жүр, оларды не толғандырады? Қандай ойлары бар? Жергілікті әкімдер қызметін қалай бағалайды? Міне, осы сұрақтар форумның секциялық мәжілісінде жан-жақты талқылануы қажет деп ойлаймын.

Ауданымызда әлеуметтік - экономикалық салаларда, білім, өнер мен денсаулық сақтау, тағы басқа да салада еңбек етіп жүрген жастарымыз өте көп.
Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауында жастарды қоғамдық өмірге белсене араласуға шақырады. Себебі, жастар - еліміздің болашағы. Жас ұрпақ жаңалыққа жаны құмар, олар жақсы идеяларды, жаңалықты құлшына іздейді. Ендеше жас достар, осындай қолдау көрсетіп отырғанда «Ұлым дейтін ел болса, елім дейтін ұлдардың» да қатары міндетті түрде көбейетініне біз кәміл сенеміз. Ауыл жақсармай, ондағы тұрмыс-тіршілік түзелмей, көшелер мен үйлер тәртіпке келтірілмей, қоқыстар тазартылмай, ауыл тұрғындарының көңілі көтерілмейтіні белгілі. Жыл сайын абаттандыру, «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде жұмыстар атқарылуда. Осыған байланысты ақтөбелік жастардың «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі!» атты жастар марафон-эстафетасы тәжірибесін облыс аудандарында жалғастыру қажет.
Ауылдардың ішінде санитарлық тазалау сенбіліктерін өткізу, елді мекендердегі ағаштарды күтіп-баптау, балалардың ойын алаңдарын құру, жағажайларды тазарту жұмыстарын одан әрі жалғастыруда жастар бастамашылдық танытады деп ойлаймын. Ауылдарымызда жастардың саябақтарын жасау, оларға отбасын құрып жатқан жастардың, өмірге келген сәбидің, мектеп бітіруші түлектердің өз ағаштарын отырғызуын ұйымдастыру сияқты ауқымды жұмыстарды қолға алу қажет. Бұл жұмыстың жүзеге асуына аудан әкімдері, ауыл жастары, бар күш-жігерлерін жұмсағандары дұрыс. Ол үшін түрлі аула, ауыл, көше байқауларын өткізіп, бұл іске кәсіпкерлерді тарта отырып, жеңімпаздарға сыйлықтар тағайындаса, нәтижелі жұмыс болады. Сондай-ақ, бұл іске ауыл адамдары түгел белсене қатысып, жастарға ақылдарын айтып, жұмылдырып отырса, ауылдың ажары жақсара түседі.

Құрметті жастар!
Ауыл - біздің халқымыздың салт-дәстүрінің, мәдениеті мен тарихының қайнар көзі. Жастардың «ауылды гүлдендіру» идеясы астына бірігуі - бұл өскелең ұрпақты туған жерге деген сүйіспеншілік және патриотизм рухында тәрбиелеудің тамаша үлгісі.
Соңғы жылдары «Жол картасы» ауқымында мәдениет ошақтары - кітапханалар, клубтар, мәдениет сарайлары жөнделді. Бірақ, олар әлі де жастар арасындағы жұмыстың орталығына айналып отырған жоқ. Ауыл клубтары мен мәдениет үйлерінде жастар кеші бола ма? Концерт өтеді ме? Ауыл өнерпаздары бар ма?
Ауыл спорты әлі де нашар. Спорт бұқаралығын арттыру үшін облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы жүйелі жұмыс істеу керек. Бірде-бір ауыл баласы спорттан тыс қалмауы керек. Сондай-ақ, бос уақытты ұйымдастыру, шығармашылық идеяларды жүзеге асыру, саламатты өмір салтын қалыптастыруда жастардың өзінің белсенділігі қажет. Қиындықты жеңуге әрдайым дайын тұратын «жас қазақстандықтардың» жаңа бейнесі қажет. Жалынды жастарды қоғамда болып жатқан мәселелерге немқұрайды қарамай, белсенді болуға шақыру керек. Алайда, жастардың кейбіреулері түрлі қиындықтардан қашады. Осыдан барып қылмысқа ұрыну, түрлі діни ағымдарға ілесу фактілері бой көрсетеді.
Бізді ауыл мектептерінің сапалы білім беру мәселесі де толғандырады. Ауыл мұғалімдері өз істеріне жауапкершілікпен қарамаса, онда білім деңгейін жақсарту қиын болады. Бұған ата-аналар да бейжай қарамауы керек. «Ауыл мұғалімі» деген абыройлы атқа кір келтірмеу керек. Алыптар мен таланттар ауылдан шығады. Осыны ұмытпайық.
Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануы үшін түрлі мәдени, спорттық шараларды ұйымдастыру, жастар арасындағы қоғамға жат қылықтардың алдын алу керек. Бұған барлық аудандарда ашылған «Жастар орталықтары» ұйытқы болуы қажет. Онда жастар өздерін қызықтыратын барлық мәселелер бойынша бас қосып, облысымыздың, республикамыздың айтулы азаматтарымен, еңбек ардагерлерімен, кәсіпкерлермен, ғалымдармен, ақын-жазушылармен кездесулер ұйымдастыру қажет. Ауыл жастарының тәлім-тәрбие алуларына, тәжірибе жинақтауына, қоғамдық өмірге белсене қатысуға мүмкіндіктер жасалуы керек.
Құрметті Форумға қатысушылар!
Рухы күшті, тарихы мол, дәстүрі бай, дамыған халық қана болашағына сеніммен қарап, мәңгілік өмір сүретіні белгілі. Тәуелсіз елдің осы кезге дейін қол жеткізген зор табыстары бізге көп міндет жүктейді. Біз жарқын болашаққа қадам басып келеміз. Енді тек ауызбірлік, еңбек және жаңаша ұмтылыс керек. Ең бастысы, жастардың Отанға деген сүйіспеншілігі керек.
Баршаңызды кеше ғана өткен Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтаймын! Баршаңызға Зор денсаулық және мол табыс тілеймін!

Қазақстан - байтақ ел, нұр мекенім
Қазақстан - айым менен күнім менің.
Қазақстан - астығы мол, туған жерім,
Қазақстан - ыстық маған алып елім.
Әрқашан да мақтанамын жеріме,
Қазыналы, дархан, байтақ еліме.
Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,
Тілеймін мен бейбітшілік еліме.


© 2010-2022