Сыныптан тыс сабақ Ауылым -атамекен киелім

Раздел Воспитательная работа
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ауылым-атамекен-киелім

Сабақтың мақсаты:

а) Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жердің табиғатын аялау, тіршілік иелерімен таныстыру.

б)Туған өлке табиғатын терең сезіне отырып, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, қанатты сөздер, интерактивті тақта,үнтаспа, Әулиеағаш ауылының картасы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе.

Армысыздар құрметті қадірменді қонақтар! Қасиетті туған жеріміз Әулиеағаш ауылына қош келдіңіздер.

Қорған болған даласына

Бұл ержүрек қала сірә

Адам түгіл әулие боп

Табындырған ағашы да -деп жырлаған екен Әулиағаштың қадір-қасиетіне риза болған бір ақын ағамыз.

Бүгін сіздер біздермен бірге біздің қасиетті ауылымызға табиғаттың берген сыйы тамаша жерлермен таныс боласыздар.

Ендеше, «Ауылым-атамекен-киелім,Табиғатын аялаймын, сүйемін» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

Осы мақсатқа жету үшін біз сіздермен саяхат ұйымдастырайық.

  • Ең бірінші туған ауылымыздың мақтанышы не балалар?

  • Әулиеағаш.

  • Олай болса Әулиеағаш жайлы не білеміз?

Мөлдір.

Әулиеағаш құт мекенім қасиет қонған,

Бір өзіңе жетпейді қанша қыр сан .

Жер жанаты Жетісу төріндегі,

Алып ағаш өзіңсің мақтан тұтқан.

Киелі құт мекенім туған жерім ,

Бір өзіңнен нәр алған бәйтерекпін.

Бойыңдажетіғасыр тарихың бар.

Мен үшін киелісің туған жерім.

Туған жер атамекен Әулиеағашым,

Әлемге әйгілі боп шыққан атың.

Жаркентте Әулиеағаш бар екен деп,

Келедіойдан- қырданмыңдап халқым.

Мадина. Әулиеағаш тарихы.

Дәл түбінен жылжып ағып бұлағы,

Жапырағын сүйіп күннің шуағы.

Жергілікті ел әулиеге балаған,

Алып ағаш осы маңда тұр әлі.

Орамына алты құлаш жетпеген,

Алып діңнен бір-бір ағаш көктеген.

Көрген адамсыйғыза алмайкөңліне,

Басын иіп, тәуәп етпей өтпеген.

Жігер.

О, бұл ағаш көпті көрген дана шын,

Әулиеге неге бекер баласын.

Қабығымен жауып келді білдірмей,

Шор-шор без боп қатып қалған жарасын.

Жаздың ыстық жалынына қақталды,

Қыста талай қақ айырылуға шақ қалды.

Қылшылдаған балталардың жүзінен,

«Қасиетті» болғаны үшін сақталды.

Адамдармен бірге соғып жүрегі,

Көктем сайын өркен жайды, түледі,

Зұлымдыққа үнсіз қарғыс жаудырып,

Жақсылыққа үнсіз жеңіс тіледі.

Мұрат етіп жақсы күнге жетуді,

Алапатты бастан кешкен не түрлі.

Әулиеағаш бүкіл осы маңдағы,

Бар ағаштың Ұлы анасы секілді.

Мұғалім:

О, құдірет неткен күй ең сен,

Бүгін менің әулием сен, ием сен.

Осындайда ойланып қой, адамзат,

Жығылмайсың орманыңа сүйенсең - демекші табиғат байлығының бір тобы, жер бетінің сәулеті,еліміздің әулеті -жасыл әлем. Өсімдік өлкемізді түрлендіріп тұрған түкті кілем тәрізді.халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп аялап, одан қамқорлығын аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсын» деген өрнекті сөз соның айғағы.Олай болса біздің келесі жеріміз - Тоғайымыз.

  • Қане, кім тоғай жайлыайтып берер екен?

  • Әлібек.

Шұғыла.

Орнатып кең алқапқа жасыл орман,

Шайқалып шалқарына аққу қонған.

Қырқаға қиғашталған су жолдары,

Жатады май шығарып шөл жолынан.

Ақмаржан.

Білгенге асыл тастай - сезім-маржан.

Жайқалып туған жерден қуат алған.

Қайыспасқабырғасы-өзімде орман.

Құлпырып, көркейе бер, жасыл орман.

Мұғалім: Біздің ата-бабаларымыз бұлақтың көзін ашып, айналасына жасыл желек еккен. Туған жерге бау-бақша егу де ата-бабадан қалған мұраның бірі.

-Ауылымздың алма бағы жайлы не білеміз?

-Ақпейіл.

Үлгі етіп өнегесін бабаның,

Балалардың күнде есіне саламын.

Неткен дана біздің ата- бабамыз,

Бақ өсірген жайын ойлап баланың.

Мұғалім: Табиғаттың сұлу-сымбат мүсіні,көрікті келбеті бар тамаша туындыларының бірі -хайуанаттар.

-Олай болса осы орман-тоғайымызда мекендейтін хайуанаттар жайлы не білеміз?

- Ақпейіл.

Аяжан.

Аң да адамды жағалайды,

Санап туған бауырласы.

Ұя салып паналайды,

Үйді дала қарлығашы.

Әрқашанда зәру аң-құс,

Адамдардың мейіріне.

Айтатындай іштей алғыс,

Адал, аппақ пейіліне.

Жігер.

Аң мен құстартасалап,

Мекендейді орманды.

Соларға арнап жасаған

«Тоғай», -дейді сол маңды.

Тоғай іші тамаша,

Жұпар ауа, ақ бұлақ,

Ойнайды аңдар балаша,

Көкшалғында шапқылап.

Мұғалім:-Қалықтай ұшып, шарықтап шырқап ән салып, тоғайымызды әсем әнге бөлейтін қандай құстарды білеміз?

  • Нұргелді.

Ақбота.

Орманға бара жатқандар,

Аңшылық дәмін татқандар.

Өтінем түге бәріңнен:

Көктемде құсты атпаңдар...

Сенімін оққа сатпаңдар

Кішкентай әнді сақтаңдар.

Оларда титтей жүрек бар,

Жүректі жо-жоқ атпаңдар!

Қанаттыларды қақпаңдар,

Солармен арай ақ таңдар.

Көктемнің гүлі сияқты,

Көктемде құсты атпаңдар.

Орманға бара жатқандар.

Ақпейіл.

Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме ! - деп

Ұрсушы еді менің анам күйгелек.

« Жас шыбықты сындырма» деп ұрсатын

Шыққанымда тұлпарымды сүйрелеп,

Ұя бұзба, бұзба деймін балама!

Өсиетің қандай ғажап жан ана,

Тал теректі тамырынан қиятын,

Тасжүректер әлі де көп арада

«Бұзба» дейді Аспан түгел, Жер түгел

Сол өтініш адамды еске келтірер

Анам болып ұлы Отаным сөйлейді

Бұзылмасын дүние түгел, жер түгел.

Аққу биі.

Мұғалім: Табиғаттың тағы бір туындысы - өсімдіктер. Өсімдіктербіздің саялы бағымыз, өлкеміздің сәні.Ауыл маңының өзінде дәрілік құны жоғарыдәрілер алынатын өсімдіктердің қоры мол.

-Осы өсімдіктер жайлыне білеміз?

-АқпейілС.

Мұғалім: Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе.

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол -ақиқат,

Күміс су қара жердің сәні емес пе?!- демекші табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі -су. Халқымыздың ежелден-ақ суды қастерлеп, «сулы жер- нулы жер», «су -табиғаттың айнасы ». «су біткен жерге өмір бітеді», «судың да сұрауы бар» деп, суды ерекше бағалай білген.

- Келесі жеріміз ауылымызды екіге бөліп, ағып жатқан өзеніміз не деп аталады?

-Мөлдір.

Бурақожыр өзені. Нұргелді.

Бұлқынған буырқанған, Бурақожыр,

Тау бұзып, тас құлатқан қимылыозбыр.

Күмістей көк толқындыкүркіреген,

Шөліркеп ғашығындай күткен боз қыр.

Басталып Үйгентастан жосылатын,

Жолында өзендер көп қосылатын.

Аяқсаз, Қарамұрын, Суық керей,

Арнада арынды Ақтас қосты әнін.

Түйіліп, түйдектеліпжағаға ұрып,

Шоғырлы шоқпар тасқа бермей ырық.

Әулиеағаш жазығында жайраң қағып,

Доғарып долылығын, күлер сылқ-сылқ.

Шұғыла.

Түрі көп өзен аты жанаманың,

Атай бер өзің сүйіп қалағанын.

Аяқсаз, Бурақожыр, Китің, Қу деп,

Ардақтап атап өткен бабаларым.

Китің мен Әулиеағашты басып өтіп,

Көкталдан Тереңөткел барар жетіп.

Ілеге іркіліссізжөңкіледі,

Жарқонақ жарқабағын сетінетіп.

Мұғалім:- Өнеркәсіптің өркендеуіне қажетті шикізат қорын беріп отырған келесі жеріміз не деп аталады балалар?

-Қызылжар керіші.

-Ал енді Қызылжар керіші туралы не білеміз?

-Қырмызы.

Ақбота.

Табиғат қойған сықап кенелте,

Қызылжарым байтақ өлке, кең өлке.

Ауылымның ажары ғой бұл күнде,

Ағыл-тегіл ақтарылған кен өлке.

Кен айтады ел мен жұрттың өлшемін,

Кенде жатыр күш-қуат пен мол сенім.

Кенің бар ма? Жоқ болса егер жарлысың,

Кенің болса, келешегің зор сенің.

Ержан.

Көрінеді алдан қырдың қыпша дөңдері,

Көрінді алдан Қызылжардың белдері.

Шар айнадай шашыратқан әр тұсқа,

Қандай әсем табиғаттың өрнегі.

Мұғалім:Келесі кезектегі жеріміз табиғаты жанға жайлы. ауасы таза, суы дертке шипа Жаркент -Арасан шипажайы туралы не білеміз?

-Қырмызы.(тарихы).

Әлібек.

Жан-жағымда биік таулар, шоқылар,

Жартастары көңіліме тоқылар.

Сарқыраған өзенің мен бау-бағың,

Көрген жанға дастан болып оқылар.

Қырымнан да артығына таласам,

Көзім тоймас жан-жағына қарасам.

Табиғаттың құшағында жайнайсың

Жер жаннаты атың Жаркент Арасан.

Мұғалім: Сонымен балалар біз бүгінгі сабақта

Білемін.

Нені білдім?

Нені білгім келеді?


Мұғалім: Өзімізді анадай аялаған туған жердің табиғатына сүйіспеншілікпен қамқорлық жасап, қорғау -әрқайсымыздыңазаматтық абзал борышымыз және парасатты парызымыз.

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол - сәніміз.

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нәрін бәріміз.

О, туған жер, жыр күтіп далаң менен,

Мен далаңнан нәр алып аман келем.

Екі нәрсе мәңгілік: бірі өзіңе,

Бірі мендік махабат саған деген-деп сабағымыздың соңында Ақпейілдің орындауында «Атамекен » әнін қабылалыңыздар.



© 2010-2022