Тіл заңы (1-11 классы)

Раздел Воспитательная работа
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Алтынсарин ауданының білім беру бөлімі» Маяковский орта мектебі КММ



Тақырыбы. «Мектебіміздегі Қ.Р. тіл туралы заңының орындалуы.»

Орындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Алимова Ж.М.







2015-2016 оқу жылы.

Мектебіміздегі Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының орындау барысы туралы анықтама.

  • 2014-2015 оқу жылында «ҚР Тілдер туралы» Заңын орындаудың мектепішілік жоспары құрылып бекітілген;

  • Мектепішілік жоспар бойынша әр дүйсенбі сайын саптық жиындарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны мемлекеттік тілде орындалады; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»Қазақстан Республикасы Заңының іске асыру бойынша Заңнаманы сақтау шеңберінде мектебіміздегі көрнекті ақпараттар,маңдайшалар, стенд мәтіндерінің рәсімделуіне ,іс-шаралардың екі тілде орындалуда . Деректемелер мен көрнекі ақпараттар тілі «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан республикасы Заңының 21- бабына сай талаптармен орындалған.

Мектебімізде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу жөнінде жоспарлары іс-шаралар іске асырылуда. Мектептің іс жүргізу негізгі қызмет бойынша бұйрықтар кітабы, хаттамалар педагогикалық, ғылыми-әдістемелік кеңестердің, директор жанындағы отырысы т.б. талапқа сай екі тілде жүргізілуде. Сонымен қатар мектеп және ұжым мұғалімдері мемлекттік тілде газет -журналдарға да жазылуда.

Қазақ тілі пәнінің оқытылу сапасы жақсы деңгейде. Оқу жылының басында жаңа бағдарламаға сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрылып, сол жоспар бойынша жұмыс жұргізілуде.

Мектебімізде биылғы жылы мемлкеттік тілдер мерекесіне арналған «Үш тұғырлы тіл» бағытында тіл мамандарының ұйымдастыруымен «Тіл-халықтың жаны» атты көңілді іс-шара ұйымдастырылды. Іс -шараның мақсаты;

сынып оқушылылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қызықты ойындар, ертегілерден үзінділер, концерттік бағдарламалар қойып өз өнерлерімен бөлісті. .

Сонымен қатар мектеп оқушылары жыл сайын аудандық және облыстық мемлекеттік тілде өтетін сайыстарға бір кісідей ат салысып, жүлделі орындарға ие бола болуда. Биылғы 2015 жылғы жетістігімізге келетін болсақ, 11 «А»сынып оқушысы Хасенова Гаухар «Ытымағы жарасқан туған өлкем» атты облыстық сайысқа қатысып , жүлделі 3-орынға ие болса, жетекшісі Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қабылбекова Гүлбану Жолдықызы аудандық мемлекеттік тілде «Үздік ұстаз»атты сайысында 3-жүлделі орынға ие болды.

Сондай -ақ биылғы жылы мемлекеттік тілде қашықтық олимпиадаға 2 оқушы 9 «А»сынып оқушысы Мырзахметов Аман , 8 «Б»сынып оқушысы Каиров Бауыржан өз білімдерін сынады. Елбасы күніне арналған мектепшілік «Егер мен Президент болсам..» тақырыбында шығармашылықтарымен бөлісе отырып, 8-сынып оқушысы Достьярова Катира 3-орынға ие болып марапатталды.. Оқушыларға қазақ тілін оқыта отырып, қазақ халқының салт-дәстүріне деген көзқарастарын ояту мақсатында Этнопедагогикалық бағытта «Салт-дәстүрді дәріптейік!»атты аудандық ғылыми жоба жұмысынан 7-сынып оқушысы Тукебаева Мадина 3-орынға ие болды. Жетекшісі Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Алимова Жанат Мұсағалиқызы.

Мектебімізде өзге ұлт ұстаздары да әр аптаның 1 күні қазақ тілін үйрету барысында дәріс алып тұруы қарастырылған. Сонымен қатар мемлекеттік тілді үйренем деген және аудармалардан өзге ұлт өкілдері ұстаздарына өз тарапымнан көмек көрсетілуде.

Алдағы уақытта осындай жұмыстардың нәтижесінде мектеп оқушыларына мемлекеттік тілді меңгерте отырып, сонымен қатар мемлекеттік тілге деген құрметінің жоғарылай беруіне әрқашан да ықпал жасау.







© 2010-2022