Ашық тәрбие сағаты Бастауышым - балбұлағым

Раздел Воспитательная работа
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бастауышым-балбұлағым


Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Қанатты сөздер мен тақырып.

Кіріспе сөз:

Мұғалім:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда - деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Қош келіпсіздер , құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген - бір мұрат.

Алдына түсіп ананың.

Жүргенін көрген- бір мұрат - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4- сыныптарды ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап»Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары , «Әдепті бала» , «Әнші , биші балапан», «Кішкентай күз аруы», «Наурыз аруы», «Кішкентай жігіт сұлтаны»,Мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер,сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,

ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

Толқынай : Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

Дана: Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Толқынай: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

Дана::Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

Толқынай : Дұрыс айтасың Дана ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.

Дана : Олай болса Толқынай алтын ұя мектебімізге арнап

Бір ән шырқайық.

Ән:

Толқынай : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

1 оқушы : Мектеп деген білім кені , жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

2 оқушы: Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

3 оқушы:Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

4 оқушы:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

5 оқушы:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

6 оқушы: Мектеп - үйім , ұстазым менің - ата- анам,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.

7 оқушы: Мектебім- сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сен - бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.

8 оқушы: Мектеп - кеме , білім - теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін ,

Азық етіп ер жетеміз.

Көрініс:

Дана: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Толқынай?

Толқынай :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Дана:Дұрыс айтасың Толқынай,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Толқынай: Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

Ән: «Ұстазым»

Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!

Дана: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Толқынай: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Би:

Дана: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

Толқынай:Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.

Дана:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Ән: « Мама»

Би:

Мұғалім: Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр-түрлі номинацияларда Сіздерді медальдармен марапаттаймыз.

«Ең сүйкімді де сүйікті» номинациясымен мектеп директоры марапатталады.

14-оқушы: Кемшілікті кезінде

Кесіп айтар өзіңе

Өнеге мол өзінде

Өсиет көп сөзінде

Көңілінің хошын -ай,

Көп шәкірттің досындай

Ақ ниетті кең пейіл,

Біздің бастық осындай!

Мұғалім: «Қамқор және мейірімді» номинациясымен оқу ісінің меңгерушісі марапатталады.

15-оқушы: Қасымызда қашанда

Қамқор болып жүреді

Ақ ниетті кең пейіл,

Қанат ағай осындай.

Мұғалім: «Күміс көмей» номинациясымен ән-күй пәнінің мұғалімі
марапатталады.

16-оқушы: Әдемі ғой ән сабағы мектептің,

Жүректерге әсемдікті сепкен кім?

Қалима апай, бас иеміз сізге де,

Ән мен сазды талмай бізге үйреткен.

Мұғалім: «Ұйымшылдығы үшін» номинациясымен тәрбие ісінің меңгерушісі марапатталады.

1-оқушы: Анамдай мейірімді құшақ ашып,

Тұрасыз Дина апай амандасып.

Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,

Барамын болашаққа қадам басып.

МҰҒАЛІМ: «Ардақты ұстаз» номинациясымен алғашқы ұстазы марапатталады.

2-оқушы: Білімнің байыбына барып терең,

Мейрамгүл апай бастап еді әліппеден.

Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс,

Бастаған тәрбиесін алып келем.

Мұғалім: «Инабатты» номинациясымен Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі марапатталады.

3-оқушы: Арайгүл апайға біз сендік,

Шетел тілін үйрендік

Ағылшынша жазып та ,

Біз сөйлеуді үйрендік.

Мұғалім: «Самая справедливая и обаятельная» номинациясымен орыс тілі пәнінің мұғалімі марапатталады.

4-оқушы: Читать и писать на руском

Нас научила она

Это наша царица

Жанар Сагитовна

Мұғалім: «Қадірлі емші» номинациясымен мектеп медбикесі
марапатталады.

6-оқушы: Адамға деген мейірімнің өзінен

Бойыңыздан толған жылылық лебін сезінем.

Ақ халатты, абзал жан Гүлнар апай,

Мың алғыс жолдап сізге тоқтамай

Қашанда шәкірт жанын ұға алады,

Көңілден әр уақытта шыға алады.

Гүлнар апай, ризамыз өзіңізге,

Сәлеміміз сізге алыстан құралады.

Толқынай: «Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шербеті - тіршілік зәмзәмі.

Дана: Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан мық бір алғысымызды білдіреміз.

Ән:

Мұғалім: Ал енді 4 «А» сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу» вальсін тамашалаңыздар


Толқынай:

Бастауышым - балбұлағым,

Лаулап жансың шам-шырағың.

Өзің берген біліміңмен.

Самғап ұшты тау қыраның.

Дана: Өтті сенде қызық шағым.

Бастауышым - балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймыз!

Қош бол, қош бол, бәрі

Сүйікті бастауышым!

Ән:

Мұғалім : Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар- деп , келесі келесі сөзді қонақтарымызға берейік.

Ата-аналарға , оқушыларға марапат қағаздарын тапсыру.

Мұғалім:

Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.




© 2010-2022