Сыныптан тыс жұмыс Тіл-өркениет тұғырының үндестігі

Раздел Воспитательная работа
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тіл -өркениет тұғырының үндестігі» атты тіл фестивалі

Өтетін жері: мәжіліс залы

Күні : 16.09. 2015 ж

Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір -қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отырып, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, Тілді ұлттық рухани мұра ретінде қадірлеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, әр түрлі шарлар, слайд.
Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентация.
Өту барысы: (музыка ойнауды)
1-жүргзуші
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі - ұлттың тілі, діні. Тәуелсіз еліміз - көпұлтты мемлекет екендігі баршамызға аян. Елбасының көреген саясатының арқасында еліміздегі барша ұлт өкілдерінің ана тілдеріне ешқандай нұсқан келтірілмей, мемлекет қолдауымен өркендеп дамуда.

«Ана тілінде еркін сөйлеп, шын жүрегіңмен құрметтесең ғана өзгелерге де ана тіліңді құрметтете аласың», - деп атақты жазушы бабамыз Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ана тіліміз өркендеп, асқар шыңдардан көріне берсін!
2- жүргізуші: Тілдің иесі - өркениет тұғырының үндесуінен басталады. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу - қаны қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады.
Жанымды жадыратқан бала тілім,

Жыр, ертек жаттаттырған сана тілім,

Жаралып жермен бірге, күн көзімен,

Жасасқан қазақ тілі - ана тілім - дей келе бүгінгі тілдер шеруіне арналған «Тіл -өркениет тұғырының үндесуі» атты тіл фестивалін ашық деп жариялаймыз.

1- жүргізуші : Ана тілім - бала шағым өркенім,

Ана тілім - болашағым, ертеңім,

Ана тілім - сайын далам, жер, көгім,

Ана тілім - арман, ойым, өрнегім.

Саханаға 9 «Ә» сынып оқушыларын Қазақ халқын шақырамыз. Олар өз көріністерімен басқа ұлт өкілдерін қонақ қылып қарсы алады.

I.Ағылшын ұлты келеді.(Олар өздері амандасып, өз ұлтары жайлы ақпарат айтады.)

II. :(Орыс ұлты келеді олар амандасып өз ұлттары жайлы бірер ауыз сөз айтады.) Орыс халқының сөзі:

Ежегодно 22 сентбря вся наша страна отмечает День языков народов Казахстана.

Каждый язык -это целый мир. Язык-зто живая душа народа, его радость, боль, память, сокровище. Нет такого языка, который не заслуживал бы уважения. И это прекрасно, ведь знание языков - это наш богатство.

III. әр ұлт өздерінің салт -дәстүрімен таныстырады.

IV. Әр ұлт өз өнерлерін көрсетеді.

2- жүргізуші : Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық. «Ана тілі - бәріміздің анамыз, өйткені ол - ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар, осы сөзді ешқашан естен шығармайық.

Бүгінгі тілдер апталығында өткізіліп отырған «Тіл-өркениет тұғырының үндесуі» атты фестиваліміздің басты мақсаты осы тілдер тұғырының өркениеті үндескенде ғана елбасымыздың озық саясатын жүзеге асырғанда ғана тіліміз мәңгі жасайтынына кәміл сенеміз.

1- жүргізуші :Қазақ тілі өте бай тіл білгенге.
Оның сырын түсіну де тереңде!
Сан ғасырды бастан кешкен қазақ тіл
Дәл қазірде жойылуы мүмкінбе?

Жойылмайды, жойылмайды туған тіл.
Тілдің сырын тереңірек бойлай біл,
Жоғалту да, дамыту да тіліңді
Өз қолыңда, соны елім,ойлай біл! - деп Ринат Зайытов ақынымыз айтқандай өз тілімізді, салт- дәстүрімізді құрметтей білейік ағайын!

Келесі сөз кезегін Тілдер бірлестігінің жетекшісі Адылханова Жанар Акановнаға сөз береміз.

Осымен бүгінгі « Тіл- өркениет тұғырының үндесуі» атты фестивалімізді жабық деап жариялаймыз.



«Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ





















Тіл- өркениет тұғырының үндестігі

Тілдер шеруіне арналған сыныптан тыс іс шара









Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Кульбекова Айгуль Аблаевна











2015-2016 оқу жылы

Сыныптан тыс шараға талдау

Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір -қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отырып, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, Тілді ұлттық рухани мұра ретінде қадірлеуге тәрбиелеу

Үш 9- сыныптар арасында өтті.

Сыныптарды жалпы бала саны -60

Олардың білім сапасы 50 пайызды құрайды.

9 «Б» сыныпындағы оқушылар өте белсенді қатысты. Ал, 9 «А» сыныбында 2-3 бала ғана қатысты.

Өзімнің алға қойған мақсатым орындалды. Балалар белсенділіктерін көрсетті

Жалпы ойға алғаным орындалды. Әр сыныптың өз ерекшелігі болды.

өзін жақсы көрсеткен оқушылар да болды.

Кемшіліктер болса келесі жолы болдырмау жолдарын қарастрамын.











© 2010-2022