Открытый урок на тему Стихи Махамбет Отемисова

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.(«Ереуіл атқа ер салмай», «Жалғыздық»өлеңдері.

Аруақтарын шақырып,

Арыстандай атылып

Жауларын қуған ақырып

Өмірі өткен желдің өтінде

Исатай мен Махамбеттен

Қалды ма бергі жердің бетінде?

Ф.Оңғарсынова.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін ұғын-дыру тақырыбы, жанры және маңызы жайында айту.

  2. Дамытушылық: Патриоттық тақырыптағы өлеңдерді нақышына келтіріп мәнерлеп оқу, өлеңдеріндегі айтпақ ойды табу.

  3. Тәрбиелік: Ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу, елін, жерін сүюге, патриот болуға шақыру.

Сабақтың көрнекілігі: Махамбеттің суреті, тірек кесте , семантика-лық карта, т.б.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.

Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу.өз бетімен меңгеру

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құрал-дарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар.Бүгін біздің сабақ ерекше түрде өтеді.Ауданымыздың қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері қатысып отыр,сондықтан өз білімдеріңді көрсетіп,белсенді қатысуларыңды сұраймын.

Сабағымыздың мақсаты Намыстан от алған азамат ақын Махамбеттің өлеңдерін оқып талдау жасаймыз.

1.Әңгімелеу

2.Сұрау

3.Меңгеру

4.Талдау

5.Бекіту

6.Қорыту

Сатысы бойынша жұмыс жасаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Махамбет туралы оқушылар дайындап келген баяндамаларын айтады.

Сұрақ-жауап әдісі бойынша Махамбет туралы не білетіндіктерін сұрай-мын.

1.Махамбет қайда ,қай жылы туды?/1803жылы Батыс Қазақстан облысы Нарын құмында туған.

2. Махамбеттің қандай өлеңдерін білесіңдер?

3.Махамбеттің тұсындағы өмір сүрген зәрлі хан кім?/Жәңгір хан/

4.Досы кім? /Исатай/

5.Махамбеттің шығармаларының тілі туралы не айта аласыңдар?

6.Махамбет қайда жерленді?Қалай өлді?/Баймағамбет Айшуақовтың жолдамаларының қолынан қаза тауып, Қараойда жерленді/

7.Қараойға байланысты қандай шығарманы білесіңдер?

8.Махамбет кім?

Открытый урок на тему Стихи Махамбет Отемисова

Открытый урок на тему Стихи Махамбет ОтемисоваОткрытый урок на тему Стихи Махамбет ОтемисоваОткрытый урок на тему Стихи Махамбет Отемисова

Открытый урок на тему Стихи Махамбет ОтемисоваОткрытый урок на тему Стихи Махамбет Отемисова

Открытый урок на тему Стихи Махамбет Отемисова

Открытый урок на тему Стихи Махамбет ОтемисоваОткрытый урок на тему Стихи Махамбет Отемисова

Открытый урок на тему Стихи Махамбет ОтемисоваОткрытый урок на тему Стихи Махамбет Отемисова

Открытый урок на тему Стихи Махамбет ОтемисоваОткрытый урок на тему Стихи Махамбет Отемисова

Открытый урок на тему Стихи Махамбет Отемисова

Открытый урок на тему Стихи Махамбет ОтемисоваОткрытый урок на тему Стихи Махамбет Отемисова

Открытый урок на тему Стихи Махамбет Отемисова

9.Махамбеттің бір өлеңін жатқа айтыңдар.

-Ия сонымен Махамбет халқын сүйген, халық мұңын жырлаған, елім деп еңіреген ақын.Махамбет поэзиясы өз дәуірінің, сол кездегі қанауға қарсы көтерілген шаруалар көтерілісінің айқын үні.отанын сүйген патриот.Еңбекші шаруалардың жыршысы. Езуші таптың жауыздығынан тайынбай әшкерелеп өткен реалист. Ерлікке үндейтін жалынды үгітші.

2/Жаңа тақырыпты түсіндіру.

-Жаңа тақырыптың мақсатымен таныстырып, тірек кесте бойынша Махамбеттің ерлікке, елдікке шақыратын және Исатайға арналған өлеңдеріне тоқталамын.

Өткен тақырыптарды пысықтау мақсатында Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылық қызметі жайлы тест сұрақтарын таратып беремін.

Тест жұмысы. Жауап кілті тақтаға ілініп, тексеріледі. Бағалау крите-рилері бойынша оқушылар бірін-бірі бағалайды. Бағаларын бағалау кестесіне қояды.

Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.

Махамбет өлеңдерінің тақырыбы, мазмұны

идеясы, көркемдік ерекшеліктері.

ерлікке, елдікке Исатайға шақыратын арналған

өлеңдері қлеңдері

«Мұнар күн» «И. деген ағам бар»

«Ұлы арман» «Арғымаққа оқ тиді»

«Біртіндеп садақ «Тарланым», «Соғыс»

асынбай» «Мінген ер», «Мінгені

«Ереуіл атқа ер И-дың Ақтабан-ай»

салмай» «Исатай сөзі»

«Жалғыз дүние» «Арыстан одан кім

«О, Нарын!» өткен?»

Күрделі мәселе:

Елдегі әділетсіздік.

Батырдың аңғалдығы.

Исатай қазасы.

Әсер етуші факторлар:

Халық қамы, ел жағдайы.

Үстем тап өкілдерінің зорлығы.




Енді осы өлеңдерінің ішіндегі екі өлеңге тоқталамыз. «Ереуіл атқа ер салмай», «Жалғыздық» өлеңдері.

Видеодан өлең оқылады.

-Не жайында айтылып жатыр?

Ақын өлеңінде алдағы күндеріне зор үмітпен, сеніммен қарайды.

-Тілі. Махамбет өлеңдерінің тілі кестелі, олар көркем, небір әдемі эпитет теңеулер мен көркем суреттеулерге толы.Ақын әсіресе метафора шебері. Аллитерация мен ассонансқа да бай.

Сөздік жұмыс.

Аллитерация-біркелкі дауыссыздардың келуі

Ассонанс- дауыстылардың келуі.

Еңку-еңку жер- кедір-бұдыр, ойлы-қырлы жер.

Ереуіл ат-ұзақ жолға шыдамды.мықты ат.

Егеулі найза-өткір найза.

Өлеңнің идеясы неде?

2өлең «Жалғыздық» мәнерлеп оқыту. Мазмұны

Тақырыбы: жалғыздық

Айтпақ ойы: Мұң мен өкінішті көрсету.Исатайдан айырылғаннан кейінгі ауыр халі,тіреуінің жоқтығы.

Буын

Бунақ
Ұйқас

Тармақ

Көркемдегіш тәсіл- Синтаксистік егіздеу, эпитет.

-Неге заманым менің тар болды дейді?

Исатай туралы не білесіңдер? Ол қаза тапқан күнді «Мұнар күн» деп атайды?

6тақия әдістемесі бойынша Махамбеттің өмірі мен шығармашылығынан еркін сөйлеу тәсілі.

1/Ақ тақия-шындық суреттеледі.Сан мен дәлелдеме.

2/Қызыл тақия-ішкі толғаныс, сезім.

3/Сарытақия-күн белгісі.Үміт, шабыт.

4/Жасыл тақия Жаңбырдан кейінгі жапырақ.Жаңа ойдың тууы, шығармашылық жеміс.

5/Көк тақия-аспанның түрі.Ойлау әрекетін басқару.

6/Қара тақия-қайғылы, қаралы, жамандық белгісі.

Тіл дамыту үшін.

Және сергіту мақсатында ерлік, батырлық туған жер туралы мақал-мәтелдер айтқызу. Ол үшін арнайы дайындалған семан-тикалық карталарды әр-топқа бір-бірден үлестіріп беремін де, берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тапқызамын.Балалар мәнерлеп оқып, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп шығады.

Семантикалық карта №1

Мақалдар

Көлінен безген қаз оңбас.

Ер үйірін сағынса, айыл-тұрман тағынар.

Өз жеріңдей қайда бар.

Сайының тасы болайын.

Пәлен жерде пайда бар,





Өз елімнің басы болмасам да,





Елінен безген ер оңбас,





Ат үйірін сағынса, Артқы аяғын қағынар.





Семантикалық карта №2

Мақалдар

Би басына дау келсе, билігі кетер басынан.

Құс жаңылып торға түсер.

Ер жарасыз болмас.

Шешен тар жерде сөз бастайды.

Ел шарасыз болмас,





Батыр мың қол бастайды,





Ер басына дау келсе, ерлігі кетер басынан.





Ер жаңылып қолға түсер,





Семантикалық карта № 3

Мақалдар

Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз.

Арыстан болсаң жау үшін.

Тәуекел ет те тас жұт,

Арғымақ аттың құйрығы, әрі жібек, әрі қыл,

Түлкідей болсын әдісің.





Ер жігіттің белгісі, әрі мырза, әрі құл.





Батырсынған жігітті, жау келгенде көрерміз.





Ажал жетпей өлмек жоқ.





IV. Ой толғау мақсатында патриоттық тақырыпта «Бес жолды» өлең жазу.

V. Шығармашылық жұмыс: «Ер қандай болу керек?» деген тақырыпта эссе жазғызу. Шектеулі уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде оқушылар өз ойларын хатқа түсіреді. Уақыт біткен соң жазған эсселерін оқыту, бағалау.

VI. Жаңа сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытып, бекіту.

VII. Үйге тапсырма беру: Махамбеттің өзіңе ұнаған 1 өлеңін жаттап кел.

VIII. Оқушылардың білімдерін бағалау. Бағаларын күнделіктеріне, журналға қою. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды мадақтау.







© 2010-2022