Воспитатаелная работа Жас ұландар ертеңгіліғі

Раздел Воспитательная работа
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жас ұландар» атты ертеңгіліктің сценариі.

Күні:05.05.2014жыл.

Тақырыбы: Жас ұландар.

Мақсаты:1.Отан қорғаушылардың мерекесі, яғни ұлдардың меркесі екендігін түсіндіру.

2.Сахналық мәдениетті ұстай білуге үйрету.

3.Тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: топ іші мерекге сай безендірілген.

Жүргізушінің сөзі: Көңілдеріңізге көктем шуағындай

сезім мен нұр құйып келген 7 мамыр Отан қорғаушылар күні

құтты болсын. Құрметті ата- аналар «Жас ұландар» ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 1. Қазақтан Республикасының Әнұраны. 2.Тақпақтар:

  1. Бала.

Достықты біз қолдаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Ұлдарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз.

2-бала.

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз.

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату - тәтті ойнаймыз.

3. «Достық» әні.

4.Тақпақтар.

1-бала.

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Бұл қуаныш себебін,

Бізге қарап ұғарсың.

Ержетті деп бөбегім.

2-бала.

Әуеге асқақтаған өлеңіміз,

Бақытты байтақ елдің бөбегіміз.

Әрқашан тауларға біз жиі шықсақ,

Сол таудай асқақ болсақ дегеніміз.

3-бала.

Жарысып ойнап желменен,

Биікке талмай өрлеген.

Еш шаршауды білмейтін,

Қашанда қайсар ұланбыз.

4- бала.

Ұлы елдің әлпештеген ұланымыз,

Сол елге лайық болу ұранымыз.

5. «Жас ұландар» биі.

6. Тақпақтар.

1.бала.

Көңілін қиял кернеген,

Өмірін шаттық тербеген.

Ертеңге қанат сермеген,

Қашанда қайсар ұланбыз.

Құлпырған еліміздің ұл- қызымыз,

Арасын жер мен көктің жалғатұғын,

Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз.

2-бала.

Мен баламын балдырған,

Түнде ұйқысын қандырған.

Қорықпаймын бас бұғып,

Жауған қар мен жаңбырдан.

3-бала.

Пайдаң тиіп Отанға,

Риза болсын халқымыз.

Аман болсаң қашанда,

Қуанамыз бәріміз.

4-бала.

Мен кішкентай балдырған,

Болам жігіт зор әлі.

Қазақстан жалауын,

Көтеретін жоғары.

7. «Ел қорғауға әзірміз» әні.

8.Тақпақтар.

1-бала.

Біздің Ұлы жеңісіміз күткен бұл,

Көңілдерге шұғыласын төккен көп.

Адал ниет адамзатты қуантып,

Жеңіс күні тұрады ылғи нұр балқып.

2-бала.

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән көрік.

Жеңіс келді алақай,

Асыр салып қуантып.

3-бала.

Жеңіс келді ән болып,

Жеңіс келді далама.

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Сарыбастау орта мектебі

КММ

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Нурбекова Асем Жетписовна



© 2010-2022