Күз ханзадасы мен ханшайымы атты тәрбие сағаты

Раздел Воспитательная работа
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күз ханзадасы мен ханшайымы -2015

Кеш тақырыбы: « Күз ханзадасы мен ханшайымы -2015 » танымдық кеші
Мақсаты:
1. Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге,сақтауға үйрету.
2. Оқушылардың әртістік қабілетін, өзгешеліктерін дамыту, инабатты, иманды, іскер, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру.
3. Ұқыптылыққа, шымырда шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, таза әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Сахнада күз көріністері, нақыл сөздер, шарлар.
Кеш барысы: (Кеш жұптардың биімен ашылады).
1-жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
2- жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Бірге: Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
1-жүргізуші:

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
2- жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып сан-салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады.
Ән: Шұғыланың әні Қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Жомарт көңіл жарқын күз,
Сары алтынға малынған.
Жетті міне Алтын күз,
Сары алтыннан бұрын да.
Сары пүліш көйлегі,
Алтын күзді шынында,
Ару дерсің бейнелі.
Келістіріп бар сәнін,
Берген өзі табиғат.
Күз ханзада - ханшасын,
Қарсы алайық, жамағат!
дей келе, құрметті көрермендер қатысушы жұптарымызды қошеметпен ортаға шақырайық!
5 «А»
• Халман Махамбеткали

• Абиш Гулнур
6 «А»
• Бердимурат Данияр
• Ерканат Алтынжан
7 «А»
• Бауыржан Ерден
• Алмаханова Айдана

2- жүргізуші:
Ендеше, осы сайысымызды саралап, даралап, әділ баға беретін әділ қазылармен таныстырып өтсек. Әділ баға берушілер:

Мектеп директоры Даирова Калимаш Егинбаевна
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Магзум Алдан
Музыка пәнінің мұғалімі: Ахмеджанов Ниябек Мухатович
2- жүргізуші: Сайысымыздың шарттарымен таныстыра өтсек:
1. Таныстыру.
2. Өз өнері
3. Күзгі сән үлгілері
4.Таңғалдыру.
5. Лото
1-жүргізуші: Таныстыру бөлімі.
Өнер қуып жұптарымыз өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген жұптар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер дейміз, - дей келе, жұптарымыздың таныстыруына кезек берейік.
2- жүргізуші: . Өз өнері

. Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер дей келе әр жұптың өнерін тамашалайық.

1-жүргізуші: Күзгі сән үлгілері

Ал, халайық, ықыласпен демелік,
Жұптарымыздың сән үлгісін көрелік.
Сырыменен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік.
- дей келе, әр жұптың сән үлгілерін тамашалауға шақырамыз.
2- жүргізуші: Таңғалдыру

Әр жұп әділ қазыларды таңдалдыру қажет.
1-жүргізуші: Лото .

Әр қатысушы әріптер жазылған төртбұрыш қорапты лақтырады. Кімге қай әріп келеді сол әріп бойынша мақал мәтел айту керек. Әр қатысушы мақал мәтел айтып болған соң сұрақ қойылады сол сұраққа таңдаған әріптерінен басталатын жауап береді.

1.Мектепке не үшін келесің?

2. Беске алтыны қосқанда неше болады?

3.Жақсы көретін ісің қандай?

4.Кімге ұқсайсың?

5.Кім болғың келеді?

6.Таңғы асқа не жедің?

2- жүргізуші: Сайыстың барлық кезеңдерін аяқтадық. Әділқазылар әділ шешімін шығарғанша, бір тамаша әнге құлақ түрейік. Ақтілектің әні.

1- жүргізуші:
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып, бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
1- жүргізуші: Жеңісті күндерде кездескенше, достар!







Күз ханзадасы мен ханшайымы -2015









Бағалау парағы.

Сайыс кезеңдері

Махамбетқали

Гүлнұр

Данияр

Алтынжан

Ерден

Айдана

Таныстыру (киіміне сахна мәдениетіне мән беру)


Өнері (күзбен байланысты болу)


Сән үлгісі


Таңғалдыру


Лото ( мақал саны мен шапшаңдық,)


Әр бөлім бес ұпаймен бағаланады.





© 2010-2022