Поурочный урок: Шырша (каз. яз)

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдаcтырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Тәрбиеші: Мырзағалиева Ж. М.

Бірінші кіші топ (2-3 жас)

Білім беру саласы: Қатынас.

Тақырыбы: Шырша Мақсаты: балаларға өлеңнің мазмұнын түсіндіре отырып, бір шумағын жаттату. Заттарды жекеше, көпше түрде түрде айтуға үйрету. Эстетикалық талғамдарын ояту. Қажетті құрал жабдықтар: безендірілген шыршаның суреті, шырша, шырша ойыншықтары. Сөздік жұмыс: Жаңа жыл, жаңа жыр

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-қызметі

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Балаларды жартылай шеңберге отырғызады. Көңілдерін безендірілген шыршаның суретіне аударып:

-Мен бүгін сендерді шыршамен таныстырамын дейді. Шырша қысы- жазы бір түсте болады. Шыршаны әсемдеп, безендіріп, Жаңа жылды қарсы алады. Міне, осы суретте балалар шыршаны айналдырып, би билеп, жаңа жылды тойлап жатыр. Шыршаға түрлі ойыншықтар ілінген. Ойыншықтар көп, ал шыршамыз біреу. Балаларға аз, көп ұғымын тұсіндіреді.

Балалар суретке қуана қарайды. Мұқият тыңдайды.



Аз, көп ұғымын түсінеді.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Шырша, қорапқа счалынған ойыншықтар.

Тауда туып, тауда өскен

Шырша келді ортаға деп, шыршаны көрсетеді.

Қолдарымен шыршаны ұстап көруге ұсыныс жасайды. Шыршаның түсін сұрайды. Жапырақтары ине сияқты, қатты екенін айтады. Қораптағы ойыншықтарды шыршаға іліп, шырша әнін айтуды ұсынады.

Шыршаға, ойыншыққа қызығушылық танытады.

Шыршаны ұстап көреді, түсін айтады.



Рефлексивті -корригидтік

Балалардың өлеңді жаттауға құлшыныстарын бағалайды.

Балалар өлеңді үйренеді.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: заттың аз, көп екекнін;

Түсінеді: жаңа сөздердің мағыналарын;

Қолданады: шырша туралы өлеңнің мазмұнын меңгереді, жаттайды.



© 2010-2022