- Преподавателю
- Воспитательная работа
- Конспект по воспитательной работе на тему Тәрбиенің ең тамаша мектебі отбасы (9 класс)
Конспект по воспитательной работе на тему Тәрбиенің ең тамаша мектебі отбасы (9 класс)
Раздел | Воспитательная работа |
Класс | 9 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Мухамедьярова Л.К. |
Дата | 24.01.2016 |
Формат | doc |
Изображения | Есть |
Тақырыбы: Тәрбиенің ең тамаша мектебі отбасы
Мақсаты: Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын арттырып, ата-анасының баласына деген сенімін ояту, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылықты, сыйластықты, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, бір-біріне деген сенімді нығайту;
Оқушылардың ата-ана алдындағы борышы туралы жауапкершіліктерін арттыру;
Ата-ана мен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуіне жағдай туғыза отырып ата-анасының баласына деген сенімін ояту, баласына ата-ана алдындағы парызын міндеттеу, баланың болашақ өмірін қалыптастыру.
Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыз?
-
"Мейірімділік-мылқау сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл" дегенді қалай түсіндіруге болады?
-
Балаларыңыздың теріс әрекеттері үшін қалай жазалайсыз?
-
Балаларыңыз игілікті істер істесе оларды қалай мадақтайсыздар?
-
«Бақытыңды балаңнан ізде» деген сөздіңмағынасын қалай түсінесіздер?
-
Балаға ақылды қалай айту керек?
-
Бала тілді бір айтқаннан алмаған жағдайда не істеу керек, қалай тәрбиелеу керек ?
-
Қайтсек ұлымыз ұлағатты, қызымыз инабатты болады?
-
Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
Бала тәрбиесіндегі қағидалар
1) Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлесіп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.
2) Әдепсіз сөз, дөрекі айқай- тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе соған орай дөрекі жауап береді.
Егер өзің баланы сыйламай тұрып одан өзіңе ілтипат, құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят.
Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
Ата-ана отбасындағыүлкендерді сыйлап құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.
Мейірімділік - адамның бет әлпетінен, іс-әрекетінен көрініп тұратын шынайы қасиет.
Сондықтан кімде-кім басқа адамның ақыл-ой, мүдде-тілегін дұрыс сезініп, оған шамасы келгенше көмектессе, сол адамды демеп-жебесе ол мейірімділікке жатады.
7-қателік:
1-қателік:
Балаларды орынсыз еркелету
2-қателік:
"Не істесең оны істе, маған бәрібір"деп айту
3-қателік:
"Аса қаталдық, яғни мен нені айтсам соны орындауың керек, өйткені мен сенің ата-анаңмын" деп айту.
4-қателік:
"Егер сен мен қалағандай болмасаң , мен сеніжақсы көрмеймін" деп айту
5-қателік:
"Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ" деп айту.
6-қателік:
"Балаңызды баршылыққа баулымау
7-қателік:
Балаңыздың ісіне, көңіл-күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл-күйіңіз нашар болса, оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау
Балаға сіңірген ата-ан аеңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле -өлгенше суынбайтын махаббат
Ғабиден Мұстафин.
Мақалдың жалғасын табу
Әдепті бала ата-анасын мақтатар......
Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без ....
Қарағайға қарап тал өсер .....
Үйінде ұлы - қызы бардың .....
Ата сүтін ақтамағанды .....
Жығылып жатып.....
Күлме досыңа .....
Әдепті бала арлы бала .....
Ауру қалса да .....
Ұяда нені көрсең...
Оқушыларға сұрақ:
Әкеңіздің сізді қатты қуантқаны, әлде ренжіткені есіңізде ме?
Әкеңнің ізгі қасиеттерін атап бер?
Әкеңнің пікірі сен үшін маңызды ма?
Қорыта келе келген қонақтар өз пікірлерін білдіріп соңынан оқушылар ән шырқады.
Ән: «Анашым-әке» орындайтындар Ержанова М, Ақылбекова А, Жүсіпова Т
Назарларыңызға рахмет!!!