Ашық тәрбие сағаты Ана-өмірдің шуағы

Раздел Воспитательная работа
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ана-өмірдің шуағы
Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер,слайд, шарлар, гүлдер
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі:

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,
Аяулы аналар!!!
Арулар!
Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі - 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке !
Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі. Әлемдегі ең асыл жан ол - Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан -ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.

Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі - ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан.

І жүргізуші: Мадияр
Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
ІІ жүргізуші: Шахид
Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын ұстаздарым
Қуанышты берекең

Мұғалім: Хор «Анашым»

Назгуль:

Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттык кетпес баладан


Шахид:

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!


Дос:

Анам, анам, ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда барамын.


Мадияр:

Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз.
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз.


Диана:

Бізге қарап елжіреп, ...
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.


Дана:

Мен мұғалім анамның,
Өнегесін аламын.
Ертең менде анамдай.
Оқытушы боламын.


Асия:Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

Жаннур:Ана біздің гүліміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Аршат: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті асыл аналар.

Нұрбек: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз

І жүргізуші: Мадияр
-Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.

ІІ жүргізуші: Шахид
- Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.
Мұғалім: -Аялы алақан ойыны
Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу

Мұғалім:

Мыңбұрана билеген

Қыз ұлымыз бар біздің

Шақырамыз ортаға

Тамашалап көріңіз

Бишілердің өнерін.


-Би «Ча-ча,ча-ча.»
І жүргізуші: Мадияр
-Аналарымыз бізді байлаулы көзбен де көреді екен.
ІІ жүргізуші: Шахид
-Олар осындай байлаулы көзбен басқа нәрсені де бізді көргендей жақсы көрер ме екен ?
І жүргізуші:Мадияр

-Сынап көрелік.
Мұғалім: Гүл құрастыру.
Мына гүлдерді көзін байлап орнына құрастыру
І жүргізуші: Мадияр
- Асыл аналарымыздың құрметіне тағы да ән шашу
Мұғалім: - «Мамочка моя» әні
Мұғалім:
-Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті.
Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.
- Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді
Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді.
Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ.
Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.
Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.

-Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен.
Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты.
Сендер осылай жасай алар ма едіңдер?

ІІ жүргізуші: Шахид
- Мүмкін мен тек біреуін ғана алып шығар ма едім?
І жүргізуші: Мадияр
-Ол бақытты жан кім екен ?
І жүргізуші: Мадияр
- Білмеймін. Тек күшімнің келері сол болар дегенім ғой.
Мұғалім: Ұлдардын орындауында «Джентльмен» биі
ІІ жүргізуші: Шахид
- Аналарымыз қандай өнерлі десеңші!

І жүргізуші: Мадияр
-Олай болса Шахид біз олардың тағы бір өнерін яғни шеберлігін сынап көрелік.
Мұғалім:

Біздің сыныптың қыздары мен аналарын ортаға шақырамыз. Мен сіздерге лента, ободок, қайшы желім беремін сіздер өздеріңіздің қыздарыңызбен қоса осы ободокты әшекейлейсіздер.
І ж .Мадияр-Менің анам алтын
ІІ ж .Шахид-Менің де анам алтын
І ж .Мадияр-Аналарды құрметтеп
ІІ ж.Шахид-Қол соғыңдар жалпың

Мұғалім:
- Біздің өнерлі аналарымыздың құрметіне «Вальс» биін ұсынамыз.
І жүргізуші: Мадияр
-Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен.
ІІ жүргізуші: Шахид
-Бәріміз де ана алдында борыштармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет. Сынып оқушыларының орындауында «Бала тілегі» әнін
қабыл алыңыздар!

І-жүргізуші: Мадияр

Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,

Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған,

Тіршіліктің тынысы мен ажары

Ана деген теңдесі жоқ жақсы адам.

ІІ-жүргізуші: Шахид

Ана деген асыл жандар болаттай,

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.

О,адамдар, қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.

Мұғалім: Біздің оқушыларымыз тек қана ән айтып, би билеп қана қоймай сіздерге көктемгі сән үлгісін және өздерінің қолдан жасаған сыйлықтарын ұсынбақ. Ортаға ду қол шапалақпен оқушыларымызды шақырайық.


Мұғалім:
-Сөзімнің соңын мынадай оқиғамен аяқтағым келеді: Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғс.) -ға сахабалары келіп
-Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек деп сұрағанда: - Ол анаңа,- деді, екінші кімге дегенде: - тағыда Анаңа,- деді, үшінші кімге дегенімізде: -тағыда Анаға,-деді төртінші кімге дегенді:
-Әкеңе,-деді .
Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт-дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс. Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра сынып сағатымызды аяқтаймыз.











© 2010-2022