Құрастыру сабағы. Тақырыбы Аққала

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: Аққала.

Мақсаты:

Білімділік: Аққаланы құрастыруға, оны желімдеуге үйрету.

Дамытушылық: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін бекіте отырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Әдемілікке, тазалыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі суреттер, желім, түрлі-түсті қағаздар, қылқалам.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: аққала.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық -

қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн бүгін
Күліп шықты күніміз,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!


Бәріміз күндей жарқырайық бәріміз тату дос болайық.

Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасап, өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру-

шылық-ізденістік

Сұрақ-жауап ұйымдастырылады

1. Балалар қазір қай мезгіл?
2. Қыста балалар қай мерекені асыға күтеді?
3. Жаңа жылда бізге қонаққа кім келеді?
4. Аяз ата бізге не береді?
Балалар Аяз ата бізге келем дегенше көп күн бар, базар аралап сыйлықтар алып жүр екен, бізге мына бір кішкене қалтасын беріп жіберіпті. Ішінде сыйлықтар бар, ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне жақсы қатысқан балаларға таратып берем.
- Сыйлық алғыларың келе ме?
Олай болса ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысыңдар. Мына терезелермен жұмыс жасаймыз:


Құрастыру сабағы. Тақырыбы Аққала

-Аққала неше бөліктен тұрады?

-Мұрнын, көзін неден жасайды?

-Түстері қандай?

-Аққаланы неден жасайды?

Енді осы аққаланы жасайтын қарды зерттеп көрейік.

Ыдысқа салынған қарды балаларға көрсету.

-Бұл қарды қайдан алдым?

-Қар қайдан пайда болды?

Аспан әлемінен мұз талшықтарынан пайда болып, жерге жауып түседі екен. Олар әртүрлі болып жауады:

Мнемотехника арқылы сөйлем құрау.

Құрастыру сабағы. Тақырыбы Аққала

-қар ұшқындап жауады;

-мен қарды жақсы көремін

-жапалақтап жауады;

-қарды домалақтап, аққала жасадым

Балаларға жауған қардың суретін көрсету.

Сергіту сәті

-Балалар, қардың қалай жауатынын қимылмен көрсетіңдерші.

Ендеше біз бүгін түрлі-түсті қағаздан аққаланы құрастырамыз.


Балалардың өз бетінше жұмысы.

Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі.

Аққалаға- досына ат қойдыру.

Педагог қойған сұрақтарға жауап береді.

Мұқият тыңдайды.

-Үш бөліктен тұрады.

-Сәбізден, көмірден жасайды.

-Қызғылт сары, қара.

-Қардан жасайды.

-Даладан.

-Аспаннан жауып, жерге түсті.

Балалар қардың әртүрлі болып жауғанын тамашалайды.

Балалар қардың жауғанын қимыл-қозғалыспен көрсетеді.

Балалар аққаланы түрлі-түсті қағаздан құрастырады.

Аққалаға- досына ат қояды.

Рефлексиялық -түзетушілік

-Балалар, бұл жасаған достарыңды ата-аналарыңа көрсетемін. Балалардың жұмысын талдау, мадақтау.

Балалар жасаған аққалаларымен ойнайды. Өз орнына қояды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыс мезгілі туралы, аққала туралы.

Игереді: аққала құрастырудың ережесін.

Меңгереді: аққаланың қардан жасалатындығын, мұрнының сәбізден аузының ағаштан, көзінің, ілгегінің тастан жасалатындығын, қолына сыпырғыш ұстатып қоятындығын, басына шелек кигізетіндігін меңге



© 2010-2022