Мемлекеттік тіл-менің тілім

Раздел Воспитательная работа
Класс 6 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тіл мерекесіне арналған сынып сағаты : «Мемлекеттік тіл- менің тілім»

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Көрнекілігі: буклет, нақыл сөздер, кроссворд
Кіріспе бөлім:
Мұғалім сөзі: Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса, ол да - қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек.

1-жүргізуші: Армысындар құрметті халқым менің ,

Ардақта дәстүрінді елім менің

Мереке басы болсын берекенің

Игі еңбектің жемісін бәрін жегің

2 жүргізуші : Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі « Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты Халықтар достығының тіл мерекесіне қош келдіңіздер.

1- жүргізуші:"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

2-жүргізуші: Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық!

1-жүргізуші: Қайта туды қазағымның ай-күні,
Күннен-күнге аса берсін айбыны!
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық ,табыс қайғыны.


2-жүргізуші:Қазақпын мен қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын
Енді міне жетеді көпке үнім.


« Қазақ тілі қоғамдағы мәні» атты видеороликті тамашаланыздар.


1-жүргізуші:Ана тілі -әр адамның өз ұлтының жан дүниесімен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығымен нәр алатын кіндік тамыры.

. 2-жүргізуші: Ана тілі -әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдинетімен ғасырлар бойы қалыптасқан тілі.


1-жүргүзуші:Біздің ана тіліміз-қазақ тілі.Ол тек отбасы ,ошақ қасының ғана тілі емес,Мемлекеттік тіл!
2-Ән: орындайтын


1 - жүргізуші: Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын тамыры. Онсыз адам - мәңгүрт.

2 - жүргізуші: Ұлттық тіл - әр халықтың өзіндік ой санасы мен парасатын, бүкіл болмыс тіршілігі мен сезім түйсігін, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін күре тамыр. Онсыз халық - аты бар да заты жоқ .
1-жүргізуші: Мектебіміздің жас ақындары,тілдер мерекесіне арналған өлең шумақтары. 6 «А» сынып оқушылары


1 - жүргізуші: Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім менде бірге өсемін,
Өшсе тілім менде бірге өшемін.
2-Шырқа әнге шалықта,

Бидеген де жалықпа.

Ортаға сал өнеріңді аямай

Мың бұралып қалықта!

1- Би: Ағылшын, қазақ, үнді, өзбек тілінде шығарылған папури биі 9 «Г»сынып оқушылары


1-Ақ сүтімен ананың Дарыған маған ана тіл. Әлем тілін ұқтырған Данышпан тіл, дана тіл. Бүл тіліммен тербеліп,

Өсті бөбек күндерім.

Өлең жаттап бұл тілде

Өтті талай күндерім

Ана тілім болмаса

Кім болар ем білмедім?!

2-Ән: 9 «Г»сынып оқушысы

1-Ел тарихы, жер тарихы өзіміз

Болашақтың қасиетті көзіміз

Барлық ұлтпен баурласып жетерміз,

Ақ, қараны айырып тұрса сөзіміз

2-жүргізуші: Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткісе де батпақа батырмай құмға шашпай жұртын қалдырмай барлық жиған сөз байлығын ,күйімен жырын бізге жеткен


1-Жақсының әрбір сөзің қайырмаңыз

Грузин-армян жақсылығын ұмытпаңыз

Сыр алмаған біреумен дос болам деп

Сыр алған досыңыздан айрылмаңыз.

2- Би:7 «Г» сынып оқушылары

1-Армысың қадірменді ұйғыр халқы

Арта берсін абыройың, атақ-даңқын.

Қыздарының сұлуы бар, тәуірі бар

Ұстанған қазақтың ата салтын.

2- Би: Ұйғыр халқының биі 7 «Г»

1-Серт берісіп туыс болып қалуға

Нәубеттерден аман жеттік дамуға,

Байтақ елдің биік ұстап байрағын

Барлық елмен мәңгі дос боп қалуда.

2-Тілі бөлек болғанымен тілек бір

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

1-Мектебіміздің жас ақындары, тіл мерекесіне арналған өлең шумақтары

1-Достық тапса діндер менен ділімді

Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,

Бір туғандай ұлтаралық келісім

Бір көтерген Орыс халқы жүгімді.

2- Би: Орыс халқының биі Калинка 6 «А»сынып оқушылары

.

1-Ғажап елім-ғарышқа жол тастаған

Қаһарман елім ержүрек қол бастаған

Данышпан елім- татту орын тапқан

Рухы биік ашық аспан астынан

2- Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,

Жалғанда тілек барма одан асқан.

Аман боп жанұяң мен бауырларың,

Жалғансын мерекелік ақ тілекпен.

1 - Ең бастысы, ұлтаралық татулық тілдің арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман.

2-Тіл мерекесі құтты болсын! Назарларыңызға рахмет, қош сау болындар.

© 2010-2022