Родительское собрание Отбасының жылуы ата-анадан тарайды

Раздел Воспитательная работа
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата-аналар жиналысы.

Тақырыбы: «Біздің үйдің жылуы анамыздан тарайды»

Өткізген: 1-сынып жетекшісі

Тыныбекова А.Е Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар.Бүгінгі ата-аналар жиналысы өзгеше өткелі отыр.Осы ата-аналар жиналысын мен өзін-өзі тану пәнінің әдіс-тәсілдерін қолданып өткізгелі отырмын.

Идеяның авторы: Қазақстаан Реяпубликасының Бірінші ханымы Назарбаева Сара Алпысқызы.

Ата-ананың қай қайсысы болса да, балалары қабілетті, тапқыр талантты болып өссе, олар басқа балалардан артық болса деп армандайды.Алайда меніңше, қымбатты достар, бұл туралы емес, бала жақсы Адам болса деп армандау керек.Ол адамдарға пайдалы болып, қоғамға зардап келтірмей пайда әкелетіндей етуі керек.

Сара Алпысқызының «Өмір әдебі» кітабынан.

Бүгінгі ата-аналар жиналысын мен сіздермен өзін-өзі тану пәні ретінде өзкізгелі отырмын.Бұл сабақ негізінен «Махаббат сабағы» дейміз.

Тақырыбы: «Өмір дегеніміз не?»

Мақсаты: ата-ананың өмірге деген сүйіспеншіліктерін арттыру арқылы баланың көзқарасын қалыптастыру.

Көрнекіліктер: плакат, музыка, суреттер.

Шаттық шеңбері

Сенде де бар жанұя,

Менде де бар жанұя,

Балықта да, аңда да,

Құстарда да, аңда да,

Үлкенде де, кішіде.

Жанұя бар әрбір кісіде.

Жанұя бары шуақ қой,

Қуаныш пен қуат қой-деп сіздерді шаттық шеңберіне шақырамын.Қолымыздан ұстап, дөңгелек шеңбер құрайықшы.Мен сіздермен кездескеніме қуаныштымын.

Родительское собрание Отбасының жылуы ата-анадан тарайды

Родительское собрание Отбасының жылуы ата-анадан тарайды

Шеңберге тұрудың бір қасиеті бар.Шеңберіміз-көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек.Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып күлкімізді сыйлайық.

Ал құрметті ата-аналар,бүгін біз сіздермен жарыс өткіземіз.

Ол үшін екі топқа бөлінейік.1-топ «Шаңырақ» тобы, 2-топ «Отбасы» тобы.

  1. бөлім: «Гүл шоғы»

Бұл бөлімде екі топ гүл шоғын толықтырады да, әр күлтешеге 1-ші топ балаға деген махаббатын, ал 2-ші топ мектепке деген махаббатын білдіріп,жазады.

Родительское собрание Отбасының жылуы ата-анадан тарайды

  1. бөлім: «Нақыл сөздер»

Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады-деп келесі кедергі бойынша нақыл сөздердің мән-мағынасын ашу керек.

- «Балапан ұяда не көрсе, соны іледі».

- «Бала қамы-түпсіз теңіз тереңі,

Әке-шеше уайымын жер енді»

  • «Ана көрсе тон пішер,

Әке көрсе оқ жонар»

  • «Атасы тұрып, ұл сөйлегеннен без,

Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без»

  1. бөлім: «Жалғасын тап»

Мақал-мәтелдер сайысы.

Ата көрген оқ жонар,

--------------------------.

Гүл өссе жердің көркі,

----------------------------.

Ұл өссе ұрпақ,

----------------------------.

Балапан ұяда не көрсе,

-----------------------------.

Ұлға отыз үйден тыю,

----------------------------.

Ананың ізін қыз басар,

----------------------------.

Ананың сүті бал,

----------------------------.

Ата-ананың қадірін,

----------------------------.

Қызы бардың назы бар,

-----------------------------.

Анасын көріп------------.

  1. бөлім: «Жасырын сөздер»

Берілген сөздерді басқа мағыналас сөздермен түсіндіріп, өз тобына жеткізе білу.

Родительское собрание Отбасының жылуы ата-анадан тарайды

Бала,айым, әке, қошақаным, жұлдызым, ана, әже, ата, ботам, күнім.

  1. бөлім: «Ой қозғау»

Сұрақтар мен тапсырмалар:

-Өмірде нені құнттайсыз?

-Өмірде нені қатты бағалайсыз?

«Өмір-өзен» дегенді қалай түсінесіз?

-Әр адам не үшін өмір сүреді?

6 бөлім: «Менің Отбасым»

Родительское собрание Отбасының жылуы ата-анадан тарайды

Тақтада берілген суреттерге ата-аналар жүрекшелер жапсырып,өз отбасына деген тілектер айтады.

Родительское собрание Отбасының жылуы ата-анадан тарайды

Родительское собрание Отбасының жылуы ата-анадан тарайды

Әділқазылар алқасы қорытынды шығарып ата-аналарды «Сіз ең мейірімді анасыз» деген номинация бойынша марапаттайды.

Родительское собрание Отбасының жылуы ата-анадан тарайды

Родительское собрание Отбасының жылуы ата-анадан тарайды

Родительское собрание Отбасының жылуы ата-анадан тарайды

Жүректен-жүрекке

Арманымды ақтарамын ба жүрегімді тербесем,

Айға сіңлі, қарындассың қасиетті жерге сен.

Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,

Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен-деп әсем әнмен бүгінгі ата-аналар жиналысын аяқтаймыз.





Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы

Бұлақ орта мектебі



Ата-аналар жиналысы.

Тақырыбы: «Біздің үйдің жылуы анамыздан тарайды»



Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі Тыныбекова А.Е









© 2010-2022