Ана-өмір тірегі тәрбие сағаты

Раздел Воспитательная работа
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ана - өмір тірегі»

Мақсаты:Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Тәрбие сағатымыздың барысы:

Құрметті ару аналар,

Бүгін гүлге бөленер.

Бізді өсірді берекең,

Құтты болсын мерекең !


Бүгінгі кішкентай балапандарымыздың сіздерге арналған «Ана - өмір тірегі» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жер бетінде әр адамада өз анасы бар. Ананың арқасында біз жарық дүниеге келеміз. Баланың ең бірінші айтатын сөзі - ана. Адамның қуанышы болса да, қиындығы болса да анамен бөліседі. Ана бүкіл өмірін, күшін біз үшін кетіреді. Ана ең адал, мықты, әдемі, жақсы, ең аяулы адам. Сондықтан біз анамыздың айтқан тілін алып, сүю керек және де біз анамыздың ақ сүтін ақтауымыз керек.

Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол - ана. Анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады.Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе, толқымайтын жүрек, тасылмайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес!

Мен білетін қазақ әйелі, қазақпын дейтін қара көз, қара баланың анасы, сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткіліксіз биік.

Құттықтау сөз. Құрметті аналар және кішкентай сұлу қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі, 8-наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймын.

Денсаулықтарыңыз мықты, көңілдеріңіз шат, жүздеріңіз бал бұл жанып,

еңбектеріңіз жемісті болсын.


Наурыз күні - Ана күні, әлем күні,

Әлемді тебірендірер ана үні.

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.


Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

ҚҰРМЕТТІ БІЗДІҢ АНАЛАР !

Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

ҚҰТТЫҚТАЙМЫН АНАШЫМ !

Ақ жүректі сақтаған,

Жарқын күлкі бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші, кеші ақ мамам!

Аялаған баптаған,

Асыраған сақтаған.

АНАМ САҒАН БАС ИЕМ !

Қатем болса кешірген,

Еркелетіп өсірген.

АНАМ САҒАН БАС ИЕМ !

Сен жалықпай жетелеп,

Мен бақытқа жетермін.

Айтқаныңды екі етпей,

Ақ сүтіңді өтермін.

Ана- көркі көгімнің,

Ана- нұры жерімнің.

Ана- бағы баланың,

Мақтанышы елімнің.

Ана өмір шырағы,

Ана өмір бұлағы.

Бесігімнің бұл әні,

Жүрегімде тұрады.

Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай,

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсақ шаттанған.

Алтыным деп мақтанған,

Айналайын ақ мамам.

Түнде сергіп жатпаған,

Күндіз тыным татпаған.

Бізсіз тамақ татпаған,

Айналайын ақ мамам.

Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

Ерлік еткен біз үшін,

Еркелеткен біздерді.

Еркіндеткен біздерді,

АНАМЫЗҒА МЫҢ АЛҒЫС !

Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп әлдилеген көңілің кең.

Аналық махаббатың кәусар бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

Балаларыңыздың сіздерге арнап жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.




© 2010-2022