Отбасындағы қолайсыздық құқық бұзушылықтың негізгі себебі

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп



Тақырыбы:«Отбасындағы қолайсыздық - құқық бұзушылықтың негізгі себебі»


Ток шоу жоспары

9 "А" класс



Сынып жетекші:Қожахметова Ә.



Құлсары 2015ж

Күні: 17.11.15

Сыныбы. 9 «А»

Тақырыбы: «Отбасындағы қолайсыздық - құқық бұзушылықтың негізгі себебі»

Мақсаты: жасөспірімдердің деликвентті мінез-құлық көрсетуіне әкеліп соғатын отбасылық қолайсыздықтың әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктерін анықтау
Міндеттері:

1.Жалпы отбасындағы қолайсыздық түрлерін анықтай отырып, теориялық мағлұмат беру.
2. Отбасындағы балалармен дөрекі қарым-қатынас түрлерін анықтау.
3. Деликвентті мінез-құлық пен отбасы қолайсыздығы мәселелерін шешудің кейбір жолдарын ұсыну.

Барысы:

Жүргізуші:

І. Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі бағдарламамызға қош келдіңіздер. Бүгінгі кешіміз «Құқық - өмір айнасы» атты апталыққа арналады!

«Отан отбасынан басталады» демекші ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату-кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалысса алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Қазіргі қоғамда ата-ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата-ананың бақыты неде? Баласы ата-анасын қалай бақытты етпек? Баланың құқық бұзуына кімдер кінәлі? Мектеп оқушыларының құқық бұзуына кімдер жауап береді? Міне, осы тұрғыда сөз қозғалатын «Отбасындағы қолайсыздық - құқық бұзушылықтың негізгі себебі» атты пікіралмасу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Әрбір ата-ана өз баласының болашағына алаңдап , «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата-ананың үміт арманы баласымен бірге орындалады.

«Әрбір баланың мінез- құлқы ата-ананың жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деп И. Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана - бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам, өзін көретін айнасы. Сондықтан , кешімізге қатысып отырған ата-аналар, ұстаздар, оқушылар берілген сұрақтар бойынша өз ойларыңызды ортаға салып, пікір алмастырайық.

Пікір алмасуды бастамас бұрын 2014 жылдың ақпан айының басында мектептің 10 сынып оқушысы мектепке суық қару әкеліп, бір ұстазы мен полицей қызметкерін атып өлтірген. Қателік кімнен кетуде? Ата-анадан ба? Мектептен бе? Әлде қоғамнан ба? Мүмкін 3 тараптың жауапкершілікті тең арқалай алмағанынан болар?

Қысқаша бейнебаянға назар аударсақ...

1-ші сұрақ мектебіміздің сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Жанаргүл апай сізге: ата-аналар жағы баланың мінезі бұзылуына байланысты мектепті айыптайды, яғни мұғалімдері дұрыс тәрбие беріп жатқан жоқ дейді. Бұл оймен қаншалықты келісесіз?

Отбасындағы қолайсыздық құқық бұзушылықтың негізгі себебі

Келесі сұрақты ата-ана сізге: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» - дейді. Демек, мұғалімдері емес ата-аналар кінәлі ме?

Жүргізуші: Ата-аналарда да кінә бар шығар. Қазіргі ата-аналар саған мектепте біреу тиіссе сенде оны ұрып жібер, қорықпа дейді. Бұл қаншалықты дұрыс?

Келесі сұрақ оқушыларға: 1. Мүмкін сендерде мектепте еркіндік жоқ болғасын солай бір-біріңе мінез көрсетіп тұрасыңдарма?

Отбасындағы қолайсыздық құқық бұзушылықтың негізгі себебі

2. Баланың мінезі жүрге ортасына байланысты деген пікірмен келісесізбе?

Отбасындағы қолайсыздық құқық бұзушылықтың негізгі себебі

Келесі сұрақ мектебіміздің психолог маманына: не себепті балалардың қылмысқа, қатігездікке баруы? Интернет, ата-анасының көбірек көңіл бөлмеуі, тағы не себеп болуы мүмкін?

Отбасындағы қолайсыздық құқық бұзушылықтың негізгі себебі

Қоғамда балалардың құқығын қорғау басқармасы бар. Балалардың құқығын қорғау басқармасы сіз қазір балаңызды ұра алмайсыз, жұмысқа сала алмайсыз, жұмыс істетіп қойсаңыз, құқық қорғау басқармасы айтады: бұл баланың құқығын бұзу болып табылады, біз сізді әкімшіліктен жауапқа тартамыз деп әсірелеп айтып тұрмын, бірақ соған келе жатырмыз.

Оқушы балалар өз құқықтарын біле ме екен? Мектебіміздің құқық пәні мұғалімі Амангелді ағай баланың құқығы қандай?

Отбасындағы қолайсыздық құқық бұзушылықтың негізгі себебі

Әңгімелеріңізге, пікір алмасқаныңызға көп рахмет, кешімізді аяқтау үшін әр қайсыларыңыз бір сөзді таңдап , сол сөзбен тақырыпқа сай түйіндеме айту керексіз.

Сөздер: мейірімділік, бала, тәрбие, ата-ана, бақыт, ұстаз, отбасы, үміт.

Құрметті ата-аналар,ұстаздар, оқушылар! Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуы ата-ана,ұстаз, жақсы құрбысынан екені сөзсіз. Сондықтан «Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер. Жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді» деп М. Жұмабаев айтқан болатын.

Келесі кездескенше сау сәлеметте болыңыздар!!!


© 2010-2022