Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным –Қазақстан

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным -Қазақстан.

Мақсаты:

Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел

екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып,

махаббат сезімін ояту;

Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты

ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері

арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге,

патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап,

мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер,

авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана және Балпық би кенттіне

байланысты суреттер, сөзжұмбақ , тапсырма жазылған карточка

Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік, газетке мақала жаздыру және

камераға суретке түсіру

Формасы: тәрбие сағаты

Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, қонақтарды қарсы алып, тәрбие сағатының

тақырыбымен таныстырамын.

Біз бүгін ата - аналармен бірлесе отырып, «Менің Отаным - менің мақтанышым»

тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз. Өту барысында өз Отанымыз туралы ой

- пікірлерімізді ортаға салып,, Отандарыңа арнап салған суреттеріңді көреміз, өз

ойларыңнан жазған шығармаларыңды тыңдаймыз.

Хор: «Отан»

- Балалар «Отан»- деген сөздің мағынасы «Қазақ тілі сөздігінде» былай анықталған: І.туған

ел, өскен жер; 2.үй-іші, отбасы,

, «Отан» деген сөзді сендер қалай түсінесіздер ?(ой - пікірлерін тыңдау) слайд

- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең

шумақтарын тыңдап көрсек.

Дәулет 1 - оқушы:

Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,

Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.

Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,

Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.

Сәния 2 - оқушы:

Отан - жерім, Отан - суым,

Отан - қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан - туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Сүйемін мен Отанымды,

Гүл жайнаған жерімді.Сүйемін мен ата - анамды,

Мені өсірген елімді.

Еркебұлан 3 - оқушы:

Отан деген - атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан - ана, Отан - пана,

Қазақстан - туған ел.

Бақыт 4 - оқушы:

Отанды біз атамекен,

Деп аялап айтамыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

Толғанай 5 - оқушы:

Отанды жас - кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәріміз де,

Туып, өмір сүреміз.

Мұғалім:

- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталатынын тауып көрейік. Ол үшін

Сөзжұмбақ шешу «Қазақстан» ата-ана орыс тілінде, балалар ағылшын тілінде жауабын

табады

1. Қазақстанның ауа райы (құрғақ,dry)

2. Қазақстанның елордасы (Астана, Astana)

3. Қазақстанның елбасы ( Назарбаев, Nazarbayev)

4. Қазақстан қай құрылықта орналасқан? (Еуразия, Euroasia)

5. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлейді?(қазақ, Kazakh)

6. Қазақстанның рухани астанасы( Түркістан, Turkistan)

7. Қазақстанның ұлттық валютасы (теңге, tenge)

8. Қазақстанның көршілерінің бірі (Қытай, China)

9. Қазақстаннегебай? (кенге, natural resources)

Сөзжұмбақтыңшешуінеболады? - Қазақстан

- Қазақстанжеріқандай?

- Қазақстанжеріүлкен, әдемі, әрібай.(слайд)

- Дұрысайтасыңдар, балалар

- Балалар, біздіңтуғанжеріміз, кіндікқанымызтамғанжерқалайаталады?

-Балпық би кентті не жер жаннаты Жетісу

Туған жеріміз Балпық би кенті біздің Отанымыз Қазақстанның кішкентай ғана бір

бөлшегі болып есептеледі. Біз осы жерде өмір сүріп жатырмыз.

І.Қазір, сендер «Туған жер» өлеңін мұқият ден қойып отырып тыңдап, өз ойларыңды

айтуға дайындалып отырыңдар.\ата-ана Шынар Қыжыржан\

Сүйем сені ,туған жер

Әжем жөргек жуған жерШапқан жауды елімнен

Батыр бабам қуған жер

Сүйем сені туған жер

Байлық, бақыт тұнған жер

Миллиард пұт астықты

Қамбаға жылда құйған жер

Сүйем сені ,туған жер ,

Өнер, білім қуған жер.

Ұшу үшін ғарышқа

Тоқтар белін буған жер. О.Асқар.

ІІ. - Біздің өз туған жеріміз Жетісуді сағынған кезіміз болды ма?(тыңдау)

Ата - ана «Қазағым менің» К.Ахметованың өлеңін оқиды.\Толғанай

Бір жерде тұрлау таппаған,

Қосылмай малы қаптаған ,

Бөлініп қонған қазақты

Кімдер де кімдер шаппаған?!

Бағынып бірақ қалмаған,

Туелсіз қайран жан далам!

Жер бар ма жалпақ төсінде

Қасірет жасы тамбаған?!

Жатты да кейде бауыр дер

Жақсы қыз бенен жалынды ер.

Жиын-той болса-бәрі ақын,

Жау тисе , түгел -жауынгер.

Аударып жұрттың назарын,

Бардың да көрген базарын.

Жоқтың да көрген азабын,

Даладай дана қазағым.Хор: «Атамекен» Сариев сөзі

ІІІ. Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал -

мәтелдер біледі екенбіз?

1. Туған жер - тұғырың

Туған ел - қыдырың.

2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

3. Туған жер - алтын бесік.

4. Туған жердің топырағы да ыстық.

5.Отан қуат отбасы шуақ

6.Отан елдің анасы Ел ердің анасы

10 - оқушы: Құралай

Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге

тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.

Бәрі: Қазақстан - Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі,

Гимнімен айбатты.

Мұғалім:- Балалар, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің

Туымыз, Елтаңбамыз,гимнміміз бар.Мына сұрақтарды АТА-АНАмыздан СҰРАйық

1.Елтаңбаның авторлары кімдер?

/Шота Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков/

2. Қазақстанның ұлттық ақшасы, ол қашан айналымға енді?

/тенге, 1993,15 қараша/

3. Еліміздің рәміздері қабылданған күн? /1992 ж, 4 маусым/

4. Қазақстан Туының авторы кім? /Шәкен Ниязбеков/

5.Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн?

/1995 ж, 30 тамыз/

Біз онда қандай елміз? \ Егеменді Қазақстанбыз.

Дамирдің «Елтаңбасы елімнің» өлеңін тыңдаймыз

11 - оқушы: Бақдәулет

Тас жаратын семсердей тілімдесің

Жүрегімде, дінімде, ділімдесің.

Байлығым, бақытымсың, ардақты Отан

Ойым да, түнім де, күнімдесің.

«Өз Отаның туралы не білесің ?» ойын ойнайық.

1.3аттың түсін білдіретін сөздерден басталатын қала атаулары (Ақтөбе, Ақтау,Көкшетау,

Қызылорда,Ақмола,т.б.)

3. Қазақстанда қанша ұлттың өкілдері тұрады?(130-дан астам)

4. Қазақ тарихындағы Тәуке хан жасаған заң жобасы қалай аталған? («Жеті жарғы»)5. Қазақстанның астаналары ерте заманнан бастап (Түркістан, Орынбор, Қызылорда,

Алматы, Астана)

6. Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесі қашан аталады?(22-қыркүйекте)

Мұғалім: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай,

өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздерімен

зерделеп келе жатқан халық. Терең мағыналы сөз өнері арқылы тәлім - тәрбиесі зор ойлар

айта білген. Қазір қазақ халқының үш биінің сөзіне назар аударалық.

\Ортаға Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би түрінде киінген үш ата-ана шығып, сөздерін

айтады. Нұрдәулет, Қанат, Дәулет\

12 - оқушы: Дамир

Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат Ел деп алғыс сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.

13 - оқушы: Кәусәр

Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу,

Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.

Балғын 14 - оқушы:

Отан - менің өзегім,

Қиының болса төземін.

Алдағы бақыт шақтарды,

Жүрегіммен сеземін.

назым 15 - оқушы:

Отаным - менің өзегім,

Қырыңды шарлап, кеземін.

Білу керек әр ұрпақ,

Бес саусақтай өз елін.

Бекзат16 - оқушы:

Отаным - мәңгі қорғаным,

Қалаймын бақыт қонғанын.

Сүйемін және сондықтан,

Өзенін, көлін, орманын.

17 - оқушы: Диана

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің тірегім,

Құшағыңда гүл атам.

18 - оқушы: Нұрдәулет

Ата, Әжем, Әкем, анам -

Төртеуі де «Отан!» маған

Төртеуі де «Ботам» дейді

«Ер азамат атан!» дейді

Мақтанамын Отаныммен,Отаныма «Ботамын»мен

19 - оқушы: Дария

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан!

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің, сен Отан!

20 - оқушы: Бекзат

Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдері,

жайқалған орманы, жасыл жайлауы - менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай

сүйемін.

Ү. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тыңдайық.

1.Шығармаларын оқып, өз ойларын ортаға салады.

2. Карта бойынша берілген тапсырма: 1\Қазақстан картасын сал және Қазақстанның

солтүстік, оңтүстік, батыс және шығыс қақпаларын көрсет.

2\Қазақстанның картасын сал және Қазақстанның батыстан шығысқа және солтүстіктен

оңтүстікке дейін ұзындығын көрсет. \ Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000

шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр\

3.Әріптердің орнын ауыстыру арқылы жасырылған сөзді тап.\карточка жасау\

МАТЫАЛ, АНАТСА, ОЛРА, ЕКТНМЫШ, НЕСӨМЕК, ҚАУТА,

ЛАТЫДРОҚНАҒ

21 - оқушы: Аяулым

Біз жас ұлан - Отан ана өркені

Үміт артқан болашағы, ертеңі.

Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,

Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.

22 - оқушы: Ынтымақ

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман, тоғай көлімізді

23 - оқушы: Балғын

Отан дейміз кең - байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

24 - оқушы: Құралай

Қазақстан - көк байрақты ел едің,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің мақтанышым, тірегім,

Өзің менің қуанышым, бақытым

Ынтымақ 25 - оқушы

Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!Жас ұландар, берік ұста туыңды

Жарқыратып туған елдің таңбасын.

26 - оқушы: Бақыт

Қойнауы мол кенге тұнған

Кең жайлауы малға толған,

Жерұйықтай жері дархан

Жаны жомарт елі дархан

Бәрі: Ол біздің - Қазақстан!.

Хор: «Тәуелсіз ел»

Қорытынды:

1.Бәрі: Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа

бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға

ұстайтын балаңбыз!

2.Мұғалім:Осы іс-шараға арнап шығарған Еркебұланның әкесі Мұхиттың жазған өлең

шумағын оқып берейін.

Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді,

әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен

шығармайық дей отырып, мектеп әкімшілігінен қатысып отырған Гүлнар

Тағайқызына сөз береміз және ата -ана камитетінің төрайымы Мұхитқа сөз.

Нурбубу апайға

«Менің Отаным -менің мақтанышым »

Егеменді елім,Қазағым, қуанышым.

Атамекен мектебім гимназия,

Бастаушы сусындатар бұлағысың.

Тәрбие сағаты өтуде мектебінде,

Білімі мен өнеріне сүйсінесің жеткеніне.

Ата-ана мен оқушылар қатысуда,

Отан туралы әңгіме еткеніне.

Картадағы Қазақтың төрт қақпасы,

Оңтүстік пен Солтүстік тақтасына.

Шығысы мен Батысы кендендері,

Сақталған ата-баба арқасында.

Сөзжұмбақ қала аттарын құрауы,

Мәнерлеп жатқа айтқан сұрауына

Кеңбайтақ ,атамекен туған жерім,

Төрт қақпадай берік болсын дуалың.

Тәуелсіз ел Отаным кең қазына,Тәрбиелеген өнерімен назына.

Мың алғыс,көп рақмет ұстазына,

Ашимова Нурбубу Мырзабайқызына.

Қанаттарың болсын талмайтын,

Орта жолда қалмайтын.

Дендерің сау болсын балалар,

Аспанға ұзақ самғайтын.

Төртінші «ә» сыныбы үлгілі,

Мектебінің дүлділі.

Жақсы тілектер айтылды ,

Ризағып бізді күлдірді. Қыдыржан Еркебұланның әкесі Мұхит

Депген өзінің шығарған өлең жолдарымен қорытындылады.Ұстаздар, ата - аналар,

оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңызда

© 2010-2022