Сыныптан тыс шара Ертегілер елінде

Раздел Воспитательная работа
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты: Ертегілер арқылы оқушылардың өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, жақсы мен жаманды айыра білуге, еңбекті, адалдықты сүюге үйрету.

Типі: сайыс

Әдістері: сұрақ-жауап, сахналық көрініс, машықтық іс-әрекет, топтық жұмыс

Көрнекілігі: тақырып, нақыл сөздер жазылған плакат, ертегі суреттері, топтардың аттары жазылған эмблема.

Жабдығы: музыкалық орталық, ертегі кейіпкерлерінің костюмдері, магнитті тақта.

Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі

-Әр топта ертегілер оқу.

-Топптар бойынша оқушылардан ертекшілер тобын жасақтау.

-Шараның өтетін орнын безендіру.

ІІ. «Ертегілер еліне саяхат» сайысының өту барысы.

1. Кіріспе. Әңгіме

Ертегі халық шығармасы, халық мұрасы.Ертегіні сүйіп тыңдайтын,сүйіп айтатын балалар. Ертегі арқылы жақсы мен жаманды, ақымақ пен дананы айырып, армандауға, қиялдауға үйренсек, ой-өрісіміз де кеңеймек. Бүгін біздер халықтың асыл қазынасы ертегілер еліне саяхат жасамақпыз.Ертегілер еліндегі саяхат 4кезеңде өтеді. Саяхат барысында тапқырлығымызды, алғырлығымызды, білімімізді, ойымызды сайысқа түсіреміз.

І кезең. «Кім тапқыр?»

Әр топ ертегіден үзіндіні жұмбақтап, сахналық көрініс көрсетеді. Келесі топ ертегінің атын табу арқылы сол топтың атын анықтайды.

1 топ «Қызыл телпек»

2 топ «Жеті лақ»

3 топ «Шалқан»

4 топ «Үйшік»

ІІ кезең «Кім алғыр»

Шарты: Үн таспадан ертегіден үзінді оқылады.

Ертегіні жалғастырып айту керек.

Көрермен оқушылармен жұмыс. Сөзжұмбақ шешу.

«Бір сөзбен»

Ерден (Ереткші атай)

батыр (Жүрек жұтқан)

айтпа (тісіңнен шығарма)

көмкетес (жәрдемдесу)

гүл (қызғалдақ, раушан)

мұғалім (сабақ беруші адам)

ІІІ кезең «Кім білгір?»

Ертегінің тақырыбы бойынша кейіпкерлерін жазу

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»

(бала, дәуіт, қарлығаш, маса, айдаһар)

«Ұр, тоқпақ»

(шал, кемпір, қойшы, қазбай, түйеші, балалар)

«Күшік пен мысық»

(күшік, қасқыр, мысық)

«Қаңбақ шал»

(Дәу, шал, кемпір)

ІV кезең «Кім ойшыл»

Сурет бойынша ертегінің кейіпкерлерін, тақырыбын айту.

«Жыл басына таласқан хайуанаттар»

«Ақымақ қасқыр»

«Батыл есек»

«Сауысқан мен көкек»

Қорытынды

«Ертегілер еліне саяхат» сайысына белсене қатынасқан оқушыларға көп рахмет айтамын. Өздерінің кішкентайлығына қарамастан тапқырлығын, алғыр және білгір де ойшыл екендіктерін көрсете білді. Ертегі- халқымыздың асыл қазынасы, оны оқып, ертегідегі шыншылдықты, адалдықты, еңбекті сүйіңдер. Енді сайыстың төрелегін айту үшін сөзді әділқазыларға беремін.

Топтардың сайыстағы белсенділіктеріне байланысты атақтар беріледі.:

«Тапқыр…»

«Білгір…»

«Алғыр…»

«Ойшыл…»



© 2010-2022