Ата - анамен жұмыс Бала тәрбиесі

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Баланың адамшылығы ата - ана тәрбиесінен басталады»

Өз халқын, Отанын сүйетін нағыз азамат тәрбиелеуде ата-ананың ролі ерекше.Ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын ізгілік, адамгершілік,үлкенді құрметтеу,ұяңдық,пәктік сияқты халқымыздың асыл қасиеттері ерте заманнан бері атаның қанымен, ананың сүтімен бойымызға сіңіп келеді.

Балаға айналасындағы өмір шындығы ауадай қажет. Ең алдымен өз ұлтымыздың әдебиеті мен мәдениеті, салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, өнерімен тереңірек таныс болуы тиіс.Осындай талап тұрғысында әке мен шеше және баланың басқа да ересектерінің өзара жақсы қарым-қатынас, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек сүйгіштігі, ізденістері бәрі балаға өнеге.

В.А Сухомлинский : «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін». Себебі жанұя мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын бірігіп анықтайды және құрады. Сондықтан да педагогикалық әрекетте бала тәрбиесіндегі міндеттерінің көлемінің сан алуандығына байланысты ата-аналармен бірлескен жұмыстың маңызы ерекше.

Қаражал қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектебінде ата-аналармен жұмысының жаңаша түрлері өзінің мақсатында жүргізілуде: ата-аналар жиналысы және мерекелік іс- шаралар жоспар бойынша жүргізіледі. «Жаңа білімге заманауи көзқарас» тақырыбында ата- аналар жиналысын мектебіміздің директоры Садыкова Б.Ж.

Ата - анамен жұмыс Бала тәрбиесі

PISА бағдарламасы бойынша түсінік беріп, «Баланың адамшылығы ата - ана тәрбиесінен басталады»тақырыбында тренинг өткізілді. Онда ата- аналарға топпен жұмыс істеуді, жағдаяттық сұрақтарға жауап алып, үш қадамдық сұхбат стратегияларын пайдаланып ата - аналар түрлі тапсырмалар орындады.

Сонымен қатар мектепішілік мерекелік іс- шараларға ата - аналар белсене қатысады. Атап айтсам Отбасы күні салауатты өмір салтын сақтау мақсатында сынып жетекшілер Байзакова Б.З, Тилегенова А.Б, Сагитова Б.С жоспарлары бойынша эстафеталық түрлі ойындарға Сейлхановтар отбасы, Осажановтар отбасы, Жақсыгелдиновтар отбасы, Күлмағанбетовтар отбасы, Төлеубаевтар отбасы, Даукеновтар отбасы белсене қатысты.

Ата - анамен жұмыс Бала тәрбиесі

16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай 1-2 сынып арасында Бенефис шоу Отан отбасынан басталады тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Кулунбетова А.М жоспарлауымен 1986 ж Желтоқсан оқиғасына қатысқан отбасы Альмусиндарды қонаққа шақырып оқушылармен кездесу ұйымдастырды. Оқушылар өз сұрақтарын қойып Желтоқсан оқиғасы туралы мағлұматтар алды.

Ата - анамен жұмыс Бала тәрбиесі

Жаңа жылдық мерекелік іс - шараға ата-аналар белсене қатысты.

Ата - анамен жұмыс Бала тәрбиесіАта - анамен жұмыс Бала тәрбиесі

Атап айтсам Искакова М, Сейтенова К, Сейсенбаева Г, Сатбекова М, Шардарбекова А, Т, Кульмағанбетова Г,Сыздыкова Г, Тлеуғабылова Г

жаңа жылдық кейіпкерлер ролін образға кіріп сомдады.

Мектепішілік іс- шараларға белсене қатысқан ата-аналарға

ризашылығымыз шексіз.

Ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас , тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп қарайды. Оқу тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектеп ынтымақтасып жұмыс істейді.

Жыл соңында мектебімізде белсенді қатысқан ата-аналар алғыс хаттармен марапатталады.


Қаражал қаласы

№5 жалпы білім беретін орта мектебі

Тәрбие ісінің меңгерушісі Абдишева А.Ш



Ата - анамен жұмыс Бала тәрбиесіАта - анамен жұмыс Бала тәрбиесі

© 2010-2022