Тәрбие сағаты Бір ел - бір кітап»

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кітап сүйер қауымға!

«Бір ел - бір кітап» акциясы - 2015 ж

«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясын ұйымдастыру комитетінің шешімімен жыл кітабы ретінде, яғни жылы бүкіл ел болып оқуға Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер, қазақ совет қаламгерлерінің ішінде алғашқылардың бірі болып тарихи романдар жазып, әлемге танымал болған жазушы, драматург, ақын, сценарист Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалғаны туралы хабарлама Ұлттық академиялық кітапхана сайтында жарияланды. Бұл таңдау классик жазушы, ғажайып сөз зергері Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО аясында дүниежүзілік дәрежеде аталып өтілуімен және жоғарыда аталған тарихи оқиғалармен тұспа - тұс келіп отыр.

Ілияс Есенберлин (10.01.1915. Ақмола облысы, Атбасар қаласында дүниеге келген) -жазушы. Қазақ тау- кен және металлургия иниститутын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942-47 жылдары Қазақстан КП ОК нің нұсқаушысы, 1947-51 жылдары Қазақ филормониясының директоры, 1953-54жылдары Қазақстан геология министрлігінде аға инспектор, 1954-55 жылдары Ақтөбе облысындағы Берсүгір шахта басқармасының бастығы, 1955-57 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редактооры, 1957-1967.жылдары «Қазақфильм» киностудиясының аға редакторы, сценарий редкологиясының мүшесі, 1967-71 жылы «Жазушы» баспасының директоры 1971-75 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы қызметтерін атқарды.

Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында бес ғасырлық оқиға, яғни, ғасыр аралығындағы қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі. «Көшпенділер» трилогиясы отыз тілге аударылған шығарма. Осы арқылы аса көрнекті жазушының шығармашылығын қастерлеушілер мен бағалаушыларға, біздің тарихымызды қымбат көретін барша жұртшылыққа, бұл шығармаға жаңаша ежелден азаттыққа ұмтылып, ұлттық тәуелсіздік үшін ерлікпен күрескен қазақ халқының жүзеге асқан арманы тұрғысынан қарауға мүмкіндік беріледі.

Трилогияның тағдырында да оны жаратушы, бірнеше мәрте жала мен жазалауға душар етілген адамның тағдырына ұқсастық бар. Тек тәуелсіздік жылдарында ғана бұл кітап шын мәнінде қалың оқырман қауымның қолы жететін игілікке айналды. Атап айтқанда, ол мектептердің оқу бағдарламасында енгізілді, ендігі жерде жастар одан рухани мықтылықтың, адамгершілік пен отаншылдықтың үлгісі мен тағлымына мөлдір бұлақтан су ішкендей қана алады. Кітап шығару ең қиын кезеңін кешіріп отырған қазіргі күнде, Ілияс Есенберлиннің шебер қатталып, талғампаздықпен безендірілген трилогиясы жарық көруінің өзі тәнті етеді.

Құрметті оқырмандар сіздерге «Көшпенділердің» беттерінен қызықты әрі пайдалы саяхат жасауға тілектестік білдіреміз. Осы оқырмандарды «Бір ел бір кітап» акциясына белсене қатысуға шақырамыз.









Менің елімнің, мемлекетімнің және құқықтың тарихы

Мақсаты: Қазақстан Республикасының егемендік алғаннан кейінгі кездегі басты мақсаттардың бірі -жас ұрпаққа сапалы білім берумен бірге заман талабына сай құқықтық беруді жолға қою.

Көрнекілігі: кітап көрмесін жасау, нақыл сөздер.

Формасы: пікір сайыс

Өтілу барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2.Кіріспе сөзі

3 10-11 кластоар арасында сайысты бастау

4 Сұрақтарға жауап (топтық жарыс)

5 Қорытындылау

Әр елдің өз халқына арналған Ата заңы бар. Оған еліміздің қоғамдық құрылымы, жеке адамдар бостандығы мен құқығын қорғайтын баптар енгізілген. Аталған бұл заңға баптар сәйкестеленіп жасалады. Адам құқықтоары жайлы жалпыға бірдей декларация және Балалардың құқықтары жайлы конвенция бар. Балалардың құқықтарын қорғайтын конвенцияда бастауыш мектепте ақысық білім алуға, демалуға, емделуге құқықтары бар. Ал Қазақстоан Республикасының Білім туралы заңдарына сәйкес тегін орта білім алу, бастапқы және кәсіби, конкурстық негізінде тегін кәсіби білім алуға кепілдік берілетіні жайлы білімдерін жан -жақты толықтырамыз. «Жалпыға бірдей міндетті құқықтық білім беруді ұйымдастыру шаралары жөніндегі» ҚР- сының президентінің 21/06/1995 жылы шығарған № 2147 қаулысы жалпыға бірдей міндетті құқықтық білім берудің негізгі мақсатын айқындап берді. Азаматтардың құқықтық білімдері мен мәдениеттерін қалыптастыру, өз елінің заңдарын білуге, құрметтеуге және оны орындауға үйрету, өз құқығын қорғай білуге және өзгенің құқығын сыйлай білуге үйрету және тәрбиелеу.

ҚР -сының президентінің 20/09/2002жылы № 949 жарлығымен қабылданған. ҚР - сындағы құқықтық саясат тұжырымдамасы азаматтарға құқықтық білім берудің эжаңа тәсілдерін айқындады. Егеменді тәуелсіз елдің азаматтары шын мәнінде еркін болу керек, ол үшін әрбір азамат өзінің құқықтары мен міндеттерін білуге тиіс және қандай жағдайда болмасын басқа адамға зиянын тигізбей, өз құқығын қорғауға қабілетті болуға тиіс.

Жалпыға бірдей міндетоті құқықтық білім беру ҚР - сының 1995 жылдан іске асырылуда. Жалпыға бірдей міндетті құқықтық білім беру білім мекемелерінің үш түрлі ұжымында жүргізіледі.

  1. Оқушылар ұжымында: 1-4, 5-9, 10-11кластар

  2. Ата аналар ұжымында.

  3. Мұғалімдер ұжымында.

Сөйтіп, құқық әрбір адамның, адамдар бірлестігінің, қоғамның өміріндегі барлық елеулі мәселелеріне қатысты болып шығады: мемлекеттік органдардың қайсысы қандай іспен шұғылданатыны құқықтары арқылы айқындалады. Сондықтан құқықтың негізгі ережелерін оқып үйрену, білу, игеру әрбір адам үшін маңызды қажеттілік болып есептеледі.

Ал, балалар ары қарай «Құқық дегеніміз белгілі бір қалыптасқан құқықтық нормалардың жүйесі»,- деп, пікір сайысымызды бастайық.

Сұрақтар: 1.Адам құқықтары мен бостандықтары дүниежүзілік қоғамдастық игерген, мойындаған және тиістоі халықаралық құқықтық актілерде бекітілген, әлеуметтік және заңдық жағынан қамтамасыз етілген, әрбір адамның құқық ретінде мойындалған, ешкім де, еркін шектеп немесе тиым сала алмайтын құқықтар мен бостандықтар.

2.Адамның жеке басына тиіспеушілік - ҚР ҚҚЖК сәйкес белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша болмаса ешкімде қылмыс жасады деген сезік бойынша ұстауға, қамауға алуға немесе өзгеше түрде бас бостандығынан айыруға болмайды.

3.Азаматтық адам мен мемлекет арасындағы өзара құқықтар мен міндеттердің және жауапкершіліктердің жиынтоығын білдіретін баянды да тиянақты құқықтық байланыс: адамның белгілі бір мемлекеттік азаматтары қатарына жатуы, сол адамның өз мемлекетіне саяси құқықтық қатыстылығын білдіреді.

4.Азаматтық құқық- мүліктің қатынастарда және осы қатынастарға байланысты пайда болатын жеке қатынастарды (тек таңдау, авторлық құқық, атақ абырой бостандығы, іскерлік бедел) реттейтін ҚР - дағы дербес құқық саласы.

5. Бұзақылық - қоғамды анық құрметтеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолждауымен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс әрекет жасаумен ұштоасқан қоғамдық тәртіпті тоым өрескел бұзушылық.

6. Жала жабу - басқа адамның ар - намысы мен қадір- қасиетіне нұсқан келтіретін немесе оның беделін түсіретін, жалған мәліметтер тарату.

7. Өмір сүру құқығы - адамның дүниеге келуінен бастап, өзіне тиесілі бөлінбейтін ажырамас негізгі құқығы. Өмір сүру құқығы өз ерік - жігерін, еркін танытып, өз мүддесімен, талап тілегі мен нанымына, құнды қасиеттерімен сәйкес тіршілік ететін әрбір адамның табиғи мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

8. Тәртіптілік жауаптылық - тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қолданылатын заңдық жауаптылықтың бір түрі.

Топтық жұмыс: 1.Құқық дегеніміз не? - мемлекетте барлық құқықтық нормалардың, құқықтың құрыптардың, әділеттік үлгілердің, мемлекетік құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады.

2. Құқықтық мемлекеті дегеніміз не? - құқық қалыптасып, көптеген заңдар қабылданып жатқан ғана мемлекет емес. Құқықтық мемлекет дегеніміз бұл мемлекеттік органдары мен мекемелерінің қызмеоі түп - түгел қабылданған заңдарға негізделіп жүргізілетін мемлекет.

3. ҚР-сының құқық қорғау органдары? - на жататындар; прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттоық қауіпсіздік органдары.

4. Жергілікті мемлекет органдар- жергілікті жерлердегі мемлекеттік басқару ісін жергілікті өкілді және атқару органдары жүзеге асырады. Жергілікті өкілді органдар мәслихат деп аталады. Олар облыс, Астана, аудан және қала аумақтарында құрылады.

Қорытындылау: Құқықтық мемлекето құру үшін және құқықтық жүйе қалыптастыру қажет, ол қоғам өмірін демократизациялауға, адагершілікке баулуға, адамдардың жағдайына, ұлтына, мүліктік жағдайына, қызметіне, жынысына т.с. белгілеріне қарап кемсітуді жоюға бағытталады. Жаңа құқық қоғамды адамның дамуына, оның барлық қабілет мүмкіндігін өзінің және қоғамның игілігі үшін пайдалануға бағыттыау керек. Міне, осындай құқықтық жүйе Қазақстан Республикасы өз егемендігіне иеленіп, тәуелсіз болғанынан бастап қалыптаса бастады. Бірнеше жыл дербес өмір сүру нәтижесінде Қазақстан Республикасында көптеген заңдар мен құқықтық нормативтік актілер қабылданып, олар адамдар өмірінің түрлі салаларын зетрттеуге бағытталды.



© 2010-2022