- Преподавателю
- Воспитательная работа
- Воспитательный урок на тему Алтын күз
Воспитательный урок на тему Алтын күз
Раздел | Воспитательная работа |
Класс | 2 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Шамекенова Г.М. |
Дата | 01.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Сабақтың тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты:
-
Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту. «Ерте» және «кеш» түсетін күз туралы түсінік беру.Ағаштардың бұталардың жапырақтарына, бұтақтары мен жемістеріне қарай бір-бірінен ажырата білу үйрету.
-
Күз мезгілінің астық,жеміс-жидек көкөністерді жинау мезгілі екенін,күздегі ауыл шаруашылық еңбек түрлері жөнінде түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
-
Ересектердің еңбегін құрметтеп,олардың еңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.Күзгі табиғаттың әсемдігін сезініп,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ерте күз,қоңыр күз,жыл құсы.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Күз мезгілінің суреттері. Көкөністер мен жемістердің суреттері.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,әңгімелеу,тыңдау.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбер:
Армысың, ардақты Аспан ата!
Армысың,мейірімді Жер-ана!
Армысың, шұғылалы алтын күн!
Күліп шықты күн бүгін.
-Балалар қазір жылдыңқай мезгілі?
-Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
-Күз мезгілі неше айдан тұрады?
-Күздің бірінші айы-қыркүйек «Алтын күз» деп аталады.Бұл кезде біз бау - бақшадағы жеміс-жидектерімізді жинап аламыз. Сондай-ақ «қоңыр күз» деп күздің ауа райы жанға жайлы кезін айтады. Күздің екінші айы-қазанды халық желді, ылғалды,жапырақтар көп түсетін кез деп атайды.
Күздің ең соңғы айы-қарашаны «Жартылай қыс» немесе «Мұз ұстасы» деп атайды.
Кейбір құстар күннің суытуына байланысты жылы жаққа ұшып кетеді.Құстарға қамқор болып жүруіміз керек.
-Күздің келуімен орманда қандай өзгерістер болады?
Үнтаспа арқылы құстардың,жаңбырдың,найзағайдың, бұлақтың дыбыстарын естірту.
Мен сендерге жемістер мен көкөністер туралы жұмбақ жасырамын.
1.Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең жылатады. ( пияз)
2.Жер бетінде шашы бар
Жер астында басы бар. (сәбіз)
3.Көк лағым көгінде жатып семірді. (қауын)
4. Тәттінің іші қатты
Қаттының іші тәтті. (өрік)
Д.Ойын: «Кім шапшаң»
Үлестірмелі суреттер. ( көкөніс пен жемістердің)
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
Д.Ойын: « Күн мен жаңбыр»
«Күзгі ағаш» (суретінің жапырақтарын бояту.)
Күзгі ағашқа балалар өз тілектерін айтып жапырақтар ілдіреді.
Күз туралы тақпақтар.
Қорытынды:
Күзде күн суытады, жауын-шашын көп болады.Айнала сары түске өзгереді, бұл мезгіл «алтын күз» деп айтылады.Балалар мектепке барады.Жиын-терін болады.