Тәрбие сағаты Ер есімі - ел есінде

Раздел Воспитательная работа
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Уақыты: 06.05.2015ж. Сынып: 5 «В».

Тақырыбы: «Ер есімі ел есінде».

Сынып сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: батырлардың бейнелері, оқушылардың суреттері, презентация, плакат.

Барысы:

І. Мұғалім сөзі: Армысыздар құрметті оқушылар! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ер есімі - ел есінде» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.

ІІ. Жүргізуші(Рысбек Бейбарыс):Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Интерактивті тақтада «Ұлы Жеңіске қалай жеттік...» презентациясы көрсетіліп, талдау жасалынады.

Князғалиева Рауан: Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі - Бауыржан Момышұлы. Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшалық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды.

Интерактивті тақтадан Б.Момышұлы туралы бейне материал көрсетіледі.

Ержан Ерболат: 9 мамыр - Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігітіРақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.

Маманов Ерден өзінің «Рейхстагқа ту тігуді» бейнелеген суретін таныстырады.

Рақымжан Қошқарбаев туралы бейнематериал көрсетіледі.

Аханова Алуа: Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованыңесімдерін мақтанышпен атайды. Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. 1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді. Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Әлия туралы бейнематериал көрсетіледі.

Соғыс жылдарында айырықша көзге түскен ақындардың бірі - Нұрсұлтан Жұбатұлы. Ауылда мұғалім болып істейтін сауатты кісі болған. Оның майдан даласынан оралмай қалған батырдың бірі Ү.Түктібаевтың анасы Наурызбикеге арнап жазған «Майданнан хат» және анасының атынан жауынгер ұлына арнап жазған «Майданға хат» атты толғаулары осы күнге дейін ел есінде. Енді осы толғауларды тыңдап көрейік.

Жүргізуші: 1418 азапты күн мен түнге созылған соғыс біз үшін Ұлы Жеңіспен аяқталды.

«Жеңіс күні» (Давид Тухманов пен Владимир Харитонов) әні тыңдалады.

Бір топ оқушылар соғыс кезінің және Ұлы Жеңістің бейнелерінен таныстырылым жасап, оны қорғайды.

Бейбітшілік ағашына оқушылар өзінің тілектерін жазады.

Жүргізуші:

Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім, күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңда жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Барлығы: БОЛМАСЫН СОҒЫС, БОЛМАСЫН!!! Ж. Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі» әні хормен орындалады.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, міне, Жеңістің 70 жылдығына арналған ашық сабағымыз аяқталды. Атсалысқандарыңыз үшін барлығыңызға көп-көп рахмет! Ұрпағы үшін мерт болған халық қаһармандарын еске алу, құрмет тұту біздің парызымыз.

Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалмайды.

© 2010-2022